Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Дексаметазон 4мг/мл 1мл №50амп Брукс Лабораториз Лимитед

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Ампулалар
Белсенді зат:
Дексаметазон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
2000999419133
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Дексаметазон жедел жағдайларда немесе пероралдық ем жасау мүмкін емес кездерде вена ішіне неме-се бұлшықет ішіне енгізіледі:

- алғашқы және салдарлы (гипофизарлық) бүйрек үсті безі жеткіліксіздігіндегі орын алмастыру емі

- бүйрек үсті бездерінің туа біткен гиперплазиясы

- жай өрбитін тиреоидит және сәуледен кейінгі тиреоидиттің ауыр түрлері

- ревматизмдік қызба

- жедел ревмокардит

- күлдіреуік, псориаз, дерматит (терінің көп ауқымын зақымдаған жанаспалы дерматит, атопиялық, эксфолиативті, буллезді герпес тәріздес, себореялы т.б.), экзема

- токсидермия, уытты эпидермалдық некролиз (Лайелл синдромы)

- қатерлі экссудативті эритема (Стивенс-Джонсон синдром)

- ДЗ және тамақ өнімдеріне аллергиялық реакциялар

- сарысу құю ауруы, дәрілік экзантема

- есекжем, ангионевроздық ісіну

- аллергиялық ринит, поллиноз

- көру қабылетін жоғалту қаупін тудыратын аурулар (жедел орталық хориоретинит, көру жүйкесінің қабынуы)

- аллергиялық жағдайлар (коньюнктивиттер, увеит, склерит, кератит, ириит)

- жүйелі иммундық аурулар (саркоидоз, самай артерииті)

- көз ұясындағы пролиферациялық өзгерістер (эндокринді офтальмопатия, жалған ісіктер)

- симпатикалық офтальмия

- мөлдір қабықты ауыстырудағы иммуносупрессиялық ем

Препарат жүйелі немесе жергілікті қолданылады (субконъюнктивалық, ретробульбалық немесе пара-бульбалық инъекциялар түрінде):

- ойықжаралы колит

- Крон ауруы

- жергілікті энтерит

- саркоидоз (симптоматикалық)

- жедел уытты бронхиолит

- созылмалы бронхит және демікпе (өршу)

- агранулоцитоз, панмиелопатия, анемия (оның ішінде аутоиммундық гемолиздік, туа біткен гипоплас-тикалық, эритробластопения)

- идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

- ересектердегі салдарлы тромбоцитопения, лимфома (ходжкиндік, ходжкиндік емес)

- лейкемия, лимфолейкоз (жедел, созылмалы)

- аутоиммундық генезді бүйрек аурулары (оның ішінде жедел гломерулонефрит)

- нефроздық синдром

- ересектердегі лейкемия мен лимфоманы паллиативті емдеу

- балалардағы жедел лейкемия

- қатерлі жаңа түзілімдер кезіндегі гиперкальциемия

- мидағы метастазалар мен алғашқы ісіктердің салдарынан, краниотомия немесе бас жарақаты салда-рынан мидың ісінуі

Әртүрлі генездегі шок

- стандартты емге жауап бермейтін шок

- бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі бар пациенттердегі шок

- анафилаксиялық шок (вена ішіне, адреналин енгізгеннен кейін)

Басқа көрсетілімдер

Дексаметазонды буын ішіне енгізу немесе жұмсақ тіндерге енгізу көрсетілімдері :

- ревматоидты артрит (жеке буындағы ауыр қабыну)

- шорбуынданған спондилит (қабынған буындар стандартты емге көнбейтін кезде)

- псориаздық артрит (олигоартикулярлық зақымдану және тендосиновииттер)

- моноартрит (буын ішіндегі сұйықтықты алып тастағаннан кейін)

- остеоартриттер (экссудат және синовиит болған жағдайда ғана)

- буыннан тыс ревматизм (эпикондилиттер, тендосиновииттер, бурситтер)

Жергілікті енгізу (зақымдалу ошағына инъекциялау):

- келоидтар

- теміреткінің, псориаздың, сақина тәрізді гранулёманың, склероздалған фолликулиттің, дискоидті жегінің және тері саркоидозының гипертрофиялық, қабынған және инфильтрацияланған ошақтары

- ошақталған алопеция

 

- препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы

- остеопороз

- жедел вирустық, бактериялық және жүйелі зеңдік инфекциялар (тиісті ем қолданылмайтын кезде)

- Кушинг синдромы

- Жүктілік және лактация кезеңі

- Бүйрек жеткіліксіздігі

- Бауыр циррозы немесе созылмалы гепатит

- жедел психоздар

- гемостаздың ауыр бұзылыстары бар пациенттерге (идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура) бұл-шықет ішіне енгізуге болмайды

- офтальмологиялық практикада қолдану үшін: көздің вирустық және зеңдік аурулары

- арнайы ем қолданылмаған кездегі көздің іріңді инфекциясының жедел түрі, эпителий ақауларымен біріккен мөлдір қабықтың аурулары, трахома, глаукома

- туберкулездің белсенді түрі

 

- глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, "стероидты" қант диабеті немесе жасырын қант диабеті-нің манифестациясы

- Иценко-Кушинг синдромы, дене салмағының ұлғаюы

- ықылық, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің артуы немесе төмендеуі, метеоризм, "бауырлық" трансаминаза-лар белсенділігінің артуы және сілтілік фосфатаза, панкреатит

- он екі елі ішектің және асқазанның "стероидты" ойық жарасы, эрозиялы зофагит, асқазан-ішек жолынан қан кетуі және тесілуі

- аритмиялар, брадикардия (жүректің тоқтап қалуына дейін), созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дамуы (бейімді пациенттерде) немесе айқындығының күшеюі, артериялық қысымның көтерілуі

- гиперкоагуляция, тромбоз

- делирий, бағдардан адасу, эйфория, елестеулер, маниакалдық- депрессиялық психоз, депрессия, паранойя

- бассүйекішілік қысымның көтерілуі, күйгелектік, мазасыздық, ұйқысыздық, бас ауыруы, бас айналу, құрысулар, вертиго

- мишықтың жалған ісігі

- кенеттен көз көрмей қалу (парентералды енгізу кезінде препарат кристалдарының көз тамырларында шөгіп қалуы мүмкін), артқы субкапсулярлық катаракта, көз жүйкесін зақымдау мүмкіндігі бар көзішілік қысымның көтерілуі, мөлдір қабықтың трофикалық өзгерулері, экзофтальм, салдарлы бактериялық, зеңдік немесе вирустық көз инфекцияларының дамуы

- теріс азоттық теңгерім (ақуыздар ыдырауының артуы), гиперлипопротеинемия

- тердің көп бөлінуі

- сұйықтықтың және натрийдің іркілісі (шеткері ісінулер), гиперкилиемиялық синдром (гипокалиемия, аритмия, миалгия немесе бұлшықеттердің түйілуі, әдеттен тыс әлсіздік және шаршағыштық)

- балаларда өсудің және сүйектену үдерісінің баяулауы (эпифиздік өсу аймақтарының мезгілінен бұрын жабылуы)

- кальцийдің шығарылуының жоғарылауы, остеопороз, патологиялық сүйек сынулары, тоқпан жілік пен ортан жілік басының асептикалық некрозы, сіңірдің үзілуі

- "стероидты" миопатия, бұлшықеттердің атрофиясы

- жарақаттардың жазылуы баяулауы, пиодермияның және кандидоздардың дамуына бейімділік

- петехиялар, экхимоздар, терінің жұқаруы, гипер- немесе гипопигментация, стероидты безеулер, стриялар

- жайылған және жергілікті аллергиялық реакциялар

- иммунитеттің төмендеуі, инфекциялардың дамуы немесе асқынуы

- лейкоцитурия

- жыныстық гормондардың секрециясы бұзылуы (етеккірлік оралымның бұзылуы, гирсутизм, белсіздік, балаларда жыныстық дамудың іркілісі

- "тоқтату" синдромы

- күйдіру, ұю, ауыру, парестезиялар және инфекциялар, айналадағы тіндердің некрозы, инъекциялау орнында тыртықтардың пайда болуы, бұлшықет ішіне енгізген кезде терінің және тері асты шелінің ат-рофиясы (әсіресе дельта тәрізді бұлшықетке енгізу қауіпті), аритмиялар, бетке қан «тебулер», құрысу-лар (вена ішіне енгізгенде), коллапс (үлкен дозаларды жылдам енгізгенде)

 

Дозалар әрбір пациентке аурудың сипатына, емнің күтілетін ұзақтығына, пациенттің кортикостероид-тарға көтерімділігіне және жүргізілетін емге реакциясына байланысты жеке тағайындалады.

Парентералды қолдану

Инъекцияға арналған ерітінді вена ішіне немесе бұлшықет ішіне, сондай-ақ венаішілік құюлар түрінде (глюкозамен немесе физиологиялық ерітіндімен) енгізіледі.

Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізген кездегі ұсынылатын орташа бастапқы тәуліктік доза 0,5 мг-ден 9 мг дейін ауытқиды, егер қажет болса, одан да артық. Дексаметазонның бастапқы дозасын клини-калық әсерге қол жеткізгенге дейін қолдану қажет; содан кейін доза бірте-бірте ең кіші тиімдісіне дейін азайтылады. Тәулік ішінде дексаметазонды 4-тен 20 мг дейін 3-4 рет енгізуге болады. Парентералды енгізудің ұзақтығы әдетте 3-4 күнді құрайды, содан кейін препараттың пероралды түрімен демеуші емге көшеді.

Жергілікті енгізу

Дексаметазонның буын ішіне енгізу үшін ұсынылатын бір реттік дозасы 0,4 мг-ден 4 мг дейін. Буын ішіне енгізуді 3-4 айдан соң қайталауға болады. Бір ғана буынға инъекцияларды өмірінде 3-4 рет қана жүргізуге болады әрі бір мезгілде екі буыннан артық буындарға инъекция жасауға болмайды. Дексаметазонды бұдан жиірек енгізу буын ішіндегі шеміршектің зақымдануына және сүйек некрозына әкеліп соғуы мүмкін. Доза зақымдалған буынның көлеміне байланысты. Дексаметазонның әдеттегі дозасы ірі буындар үшін 2 мг-ден 4 мг дейін және ұсақ буындар үшін 0,8 мг-ден 1 мг-ге дейін.

Буын қабының ішіне енгізуге арналған дексаметазонның әдеттегі дозасы 2 мг- ден 3 мг дейін, сіңір қынабына енгізу үшін – 0,4 мг-ден 1 мг дейін, және сіңір үшін - 1 мг-ден 2 мг-ге дейін.

Шектеулі зақымдалу ошақтарына енгізген кезде дексаметазонның буын ішіне енгізгендегідей дозалары пайдаланылады. Препаратты бір мезгілде, ең көп дегенде, екі ошаққа енгізуге болады.

Жұмсақ тіндердің қабынуы кезінде дексаметазонның ұсынылатын дозасы (периартикулярлық енгізу) 2 мг-ден 6 мг-ге дейін.

Балалардағы дозалануы

Бұлшықет ішіне енгізген кезде орын алмастыру емі үшін дозасы дене салмағына 0,02 мг/кг немесе дене беті ауданына 0,67 мг/м 2 құрайды, оны 2 күн аралықпен 3 инъекцияға бөледі немесе дене салмағына 0,008 мг-ден 0,01 мг/кг дейін немесе дене беті ауданына 0,2 мг-ден 0,3мг/м 2 дейін күн сайын. Басқа көрсеткіштер үшін ұсынылатын доза әр 12-24 сағатта дене салмағына 0,02 мг-ден 0,1 мг/кг дейін неме-се дене беті ауданына 0,8 мг-ден 5 мг/м 2 дейінгіні құрайды.

 

Әзірге Дексаметазон 4мг/мл 1мл №50амп Брукс Лабораториз Лимитед пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады