Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Блемарен таб. шип. №80 Лабораториос Медикаментос Интернационалес, С.А.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көпіршитін таблеткалар
Белсенді зат:
Калия карбонат, Лимонная кислота, Натрия цитрат
Фармакологиялық топ:
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
402943833001
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
11 195 ₸
Бонустарды сатып алу: 111.95
  • кальций тастары қатарласатын немесе онсыз несеп қышқыл тастары бар емделушілерде несепті сілтілендіру үшін

  • кальций тастарының метафилактикасында (қайталануының алдын алуға және/немесе қалдық фрагменттердің өсуінің алдын алуға).

  • препарат компоненттеріне асқын сезімталдық

  • бүйрек қызметінің жедел немесе созылмалы жеткіліксіздігі

  • қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы (метаболизмдік алкалоз)

  • несеп шығару жолдарының мочевинаны ыдырататын микроорганизмдерден болған жұқпалы аурулары

  • несеп рН 7,0-ден жоғары

  • тұзсыз диетаны қатаң сақтау (мысалы, артериялық гипертензияның ауыр түрлерінде)

  • тұқым қуалайтын эпизодтық адинамия

  • қан айналымының жеткіліксіздігі

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Сирек

  • жүректің айнуы

  • құсу

  • аллергиялық реакциялар

  • ісінулер (натрийдің іркілуі)

  • метаболизмдік алкалоз

  • метеоризм

  • іштің ауыруы

  • диарея

  • диспепсия

Өте сирек

  • кекіру

  • қыжыл

Несеп қышқылы тастарынан зардап шегіп жүрген емделушілерде несепті сілтілендіру үшін

Дозаны әр адамға жекелей белгілейді. Демеуші ем үшін несеп рН 6.2-6.8 шегі шамасында болуы тиіс.

Орташа тәуліктік доза жекелей ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады және көпіршитін 3 таблетканы құрауы мүмкін. Тәуліктік дозаны күні бойы 3 қабылдауға тең етіп (мысалы, 8, 14 және 20 сағат) бөледі және тамақтан кейін қабылдайды. Егер несептің pH шамасы 6,2-ден төмен болса, препараттың дозасын арттырады. Бұл кешкі дозамен (2 таблетка), төтенше жағдайларда 3 таблеткамен түзетілуі тиіс. Егер несептің рН шамасы 6.8-ден жоғары болса, онда препарат дозасын азайтады.

Уратты тастардың хемолитолизі үшін несептің рН-ы 7.0-7.2 құрауы тиіс.

Кальций тастарымен қатар, несеп қышқылының тастарынан зардап шегіп жүрген емделушілерде кальций тұздарының метафилактикасы және несепті сілтілендіруде несеп pH 6,8-7,4 шегінде болуы тиіс.

Дозаны осы рН диапазонына жету үшін әр адамға жекелей белгілейді: бұл, әдетте көпіршитін 3 таблетка. Егер қажет болса, доза арттырылуы мүмкін, бірақ көп жағдайда, жоғарыда аталған рН диапазоны шегіндегі нәтижеге қол жеткізу үшін 5 таблетка жеткілікті.

Тәуліктік доза 3 таблетка бір рет кешке қабылдануы немесе күні бойы бірдей 3 дозаға бөлінуі мүмкін. Препарат дозасын арттырған кезде таңертең бір таблетка, біреуін түсте, 2-3 таблетканы кешке қабылдау керек.

Блемарен таблеткасының дозасы, несептің рН тиімді диапазон шегінде болуы үшін, әр адамға жекелей белгіленуі тиіс.

Емдеу ұзақтығы 4 аптадан 6 айға дейін өзгеріп отырады. Препаратты қолдану тиімділігін бақылауды, әрбір бір реттік дозаны қабылдар алдында несептің рН-ын индикатор қағаздың жәрдемімен анықтау арқылы күніне 3 рет жүргізеді. Қағазда алынған түсті 2 минут ішінде шкаламен салыстырады және алынған шаманы бақылау күнтізбесіне енгізеді.

12 жастан асқан балаларға препаратты ересектерге арналған дозада тағайындайды.

Препаратты дайындау және енгізу тәртібі

Көпіршитін таблеткаларды 200 мл суда еріткеннен кейін ішке бірден қабылдаған жөн. Ұзақ араластырмаған жөн, сұйықтық аздап лайланып, бетінде ерімеген бөлшектер болуы мүмкін.

Әзірге Блемарен таб. шип. №80 Лабораториос Медикаментос Интернационалес, С.А. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
11195 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
12225 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
12050 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
11840 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
12225 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
11840 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
11195 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады