Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Нурофен Экспресс 200мг №20капс Патеон Софтджепс

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 20 капсула
Белсенді зат:
Ибупрофен
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
5000158107236
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 950 ₸
Бонустарды сатып алу: 58.50
Қоймада жоқ

- жеңіл немесе орташа айқын бас, тіс ауыруларын симптоматикалық емдеуде; ауырсынулы етеккірлерде; тұмау және суық тию аурулары кезіндегі қызба жағдайларында.

 

- ибупрофенге немесе препарат құрамына кіретін компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анамнезде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, қайта-ланатын мұрынның немесе мұрын маңы қойнауларының полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы

- айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз ішу салдарынан)

- белсенді фазадағы немесе анамнездегі АІЖ эрозиялы-ойық жаралы аурулары (соның ішінде асқазан мен он екі ішектің ойық жаралы ауруы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) немесе ойық жаралы қан кету (ойық жаралы аурудың немесе ойық жарадан қан кетудің екі және одан көп расталған көрінісі)

- ҚҚСП қолдану түрткі болған анамнездегі асқазан-ішек жолынан қан кету немесе ойық жараның тесі-луі

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді фазадағы бауыр ауруы

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин), расталған гиперкалиемия

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк Кардиологтар қауымдастығының жіктеуі, класс IV); аортоко-ронарлық шунттау жүргізуден кейінгі кезең

- гемофилия және қан ұюының басқа бұзылулары (соның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диа-тездер

- фруктозаны көтере алмаушылық

- бассүйекішілік қан құйылулар

- жүктілік (III триместр)

- 12 жасқа дейінгі балаларға

 

 

Ибупрофенді, әсіресе, тәулігіне 2400 мг асатын дозада қолдану артериялық тромбоздық құбылыстар-дың (мысалы, миокард инфарктісі және инсульт) аздап жоғарылауымен байланыста болуы мүмкін. Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау мына критерийлер негізінде жүргізілген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000, <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000, <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10 000).

Жиі емес:

- есекжем және қышынумен білінетін аса жоғары сезімталдық реакциялары

- АІЖ тарапынан: іштің ауыруы, жүрек айну, диспепсия

- жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыру

- тері жабындары тарапынан: әртүрлі тері бөртпесінің түрлері

Сирек:

- АІЖ тарапынан: диарея, метеоризм, іштің қатуы және құсу

Өте сирек

- аса жоғары сезімталдық реакциялары: ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары (беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, гипотензия, анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр анафи-лаксиялық шок); бронх демікпесі және бронх түйілуі ағымының нашарлауы;

- АІЖ тарапынан: кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын пептидтік ойық жара, тесілу немесе асқазан-ішектен қан кету, мелена, қан аралас құсу, көбіне егде жастағы пациенттерде; ойық жаралы стоматит, гастрит;

спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон ауруының өршуі

- жүйке жүйесі тарапынан: асептикалық менингит (бірлі-жарым жағдайлар)

- бүйрек жүйесі тарапынан: бүйректің жедел жеткіліксіздігі, папиллонекроз, әсіресе ұзақ қолданғанда, қан плазмасында мочевина концентрациясы жоғарылауымен, олигурия және ісінулер пайда болуымен бірге

- бауыр жүйесі тарапынан: бауыр функциясының бұзылуы (әсіресе ұзақ емдегенде)

- қан түзу жүйесі тарапынан: қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз), оның алғашқы белгілеріне қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысы шырышты қабығының ойық жаралануы, суық тию симптомдарының пайда болуы, айқын әлсіздік, шығу тегі белгісіз қан кетулер және қанталау сияқты симптомдардың пайда болуы жатады

- тері жабындары тарапынан: Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема және уытты эпидермалық некролизді қоса, тері реакцияларының ауыр түрлері

- иммун жүйесі тарапынан: аутоиммунды бұзылулары бар пациенттерде (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас ауруы) ибупрофенмен емдеу кезінде асептикалық менингит симптомдарының бірлі-жарым жағдайлары байқалған, атап айтқанда, желке бұлшықетінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айну, құсу, қызба немесе бағдардан адасу

- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: ісінулердің, артериялық гипертензияның және ҚҚСП қолданумен байланысты жүрек жеткіліксіздігінің туындауы туралы хабарламалар бар

Ибупрофенді әсіресе жоғары дозаларда (тәулігіне ≥ 2400 мг) ұзақ қолдану тромбоздық асқынулар немесе жағымсыз әсерлер (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупінің аздап жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.

 

Препаратты қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Ішке қабылдау үшін. Тек қысқа мерзімді қолдануға арналған.

Ересектер және 12 жастан үлкен балалар: ішке 1-2 капсуладан (200-400мг), шайнамай, тәулігіне 3 ретке дейін. Капсуланы сумен ішу керек.

Препаратты қабылдаулар арасындағы ең аз аралық 4 сағат құрауы тиіс.

Ең жоғары тәуліктік дозасы 1200 мг құрайды.

Жағымсыз реакциялардың даму қаупін азайту мақсатында ибупрофенді ең аз тиімді дозада және клиникалық әсеріне қол жеткізуге қажетті ең аз қысқа мерзім бойы қабылдау керек.

Препаратты бала немесе жасөспірім 3 күннен артық қабылдауы қажет болған жағдайда немесе симптомдары нашарлаған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет. Ересектер симптоматикасы сақталған немесе нашарлаған жағдайда немесе препаратты 10 күннен артық қолдану қажет болғанда дәрігердің кеңесіне жүгінуі тиіс.

 

Әзірге Нурофен Экспресс 200мг №20капс Патеон Софтджепс пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
1950 ₸  
2
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
1950 ₸  
4
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
1950 ₸  
3
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
1950 ₸  
4
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1950 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады