Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

КМА Калия и Магния Аспарагинат -Цитко 250мл р-р д/инф Ремеди

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Инфузияға арналған ерітінді
Белсенді зат:
Калий гидроксиді, жеңіл магний тотығы, DL-аспарагин қышқылы
Фармакологиялық топ:
Су-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер.
Элемент коды::
4780060933086
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

төмендегі ауруларда біріктірілген емдеу құрамында калий мен магний тапшылығын жою ушін:

- жүректің ишемиялық ауруында, соның ішінде жедел миокард инфарктісінде

- жүрек жеткіліксіздігінде

- жүрек ырғағының бұзылуында, соның ішінде жүрек гликозидтерімен артық дозаланудан туындаған аритмияларда

 

 

 

- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

- гиперкалиемия

- гипермагниемия

- гемолиз

- олигурия-анурия

- бүйрекүсті безі қыртыстарының жеткіліксіздігі

- шығу тегі кез келген шок

- жедел метаболизмдік ацидоз

- дегидратация

- нормокалиемиядағы жоғары дәрежелі АВ-блокада

- Myasthenia gravis (магний препараттарын қабылдағанда сақ болу)

- калийдің тежелуімен қатар жүретін ем

- артериялық гипотензия

- Аддисон ауруы

- жүктілік және лактация кезеңі

Ерекше сақтықпен

Мына жағдайда сақ болу қажет:

- үдемелі бауыр жеткіліксіздігінде

- метаболизмдік ацидозда

- ісінулердің даму қаупінде

- бүйрек функциясының бұзылуы - қан сарысуындағы магнийдің мөлшеріне ұдайы бақы-лау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (жинақталу қаупі, магнийдің уытты концентраци-ясы)

- гипофосфатемияда

- кальций, магний және аммоний фосфаты алмасуының бұзылуымен байланысты несеп-тас диатезінде

- жеңіл дәрежедегі атриовентрикулярлық блокадада

 

 

 

Инфузиялау жылдамдығы жоғарылағанда мыналар пайда болуы мүмкін:

- жүректің айнуы, құсу, бұлшықет әлсіздігі симптомдарымен гиперкалиемия және гипермаг-ниемия

- орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар (шаршау, парездер, кома, рефлекс-тердің нашарлауы)

- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылу симптомдары (брадикардия, аритмия, артериялық гипотензия, экстрасистола түріндегі парадоксальді реакция, атриовентрикуляр-лық блокада)

- ксилитол есебінен орташа іш жүргізетін әсер.

 

 

 

Дозаны жекелей және көрсетілімдері бойынша таңдау керек.

Егер басқаша тағайындалмаса, онда мыналар ұсынылады:

Тәулігіне 500 мл инфузиялық ерітіндіден 1-2 инфузия.

Ең жоғары енгізу жылдамдығы: сағатына дене салмағының 5 мл/кг (минутына 15-45 тамшыға баламалы).

Берлин-Хеми калий және магний аспарагинатын көктамыр ішіне енгізу баяу жүзеге асыры-луы тиіс, себебі олай болмағанда баста ысыну сезімі және көктамыр жақтауларының тітірке-нуі орын алуы мүмкін.

Егер тағайындалса, жүрекке операциялық араласу жасардың алдында бір апта бұрын және одан кейін бір апта бойы тәулігіне бір рет Берлин-Хеми калий және магний аспарагинатын көктамыр ішіне енгізеді.

Тек көктамыр ішіне енгізуге арналған.

Инфузияны симптомдар, мысалы, жүрек ырғағының бұзылуы клиникалық қажеттілікке сәй-кес жоғалғанша немесе азайғанша бірнеше күн бойы жүргізуге болады.

 

 

Әзірге КМА Калия и Магния Аспарагинат -Цитко 250мл р-р д/инф Ремеди пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады