Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Милдронат 0,5г/5мл №20амп р-р д/ин. ХБМ Фарма

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Ампулалар №20
Белсенді зат:
Мельдоний дигидратi
Фармакологиялық топ:
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
4750232003794
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
10 455 ₸
Бонустарды сатып алу: 104.55
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

Төмендегі жағдайларда кешенді емде:

- жүрек және қантамыр жүйесінің ауруларында: тұрақты жүктеме стенокардиясы, созылмалы жүрек жет-кілксіздігі (NYHA IIII функционалдық класы), кардиомиопатия, жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің функционалдық бұзылулары;

- ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары;

- жұмыс қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалдық артық күш жұмсау;

- цереброваскулярлық бұзылулар, бас жарақаттары мен энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңі.

 

 

- мельдоний дигидратына жоғары сезімталдық.

- бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі, қолдану қауіпсіздігі туралы жеткілікті деректер бол-мауын ескере отырып

- жүктілік және лактация кезеңі, бұл кезеңде препараттың клиникалық қолданылуы туралы деректер жо-ғын ескере отырып

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, бұл кезеңде клиникалық қолдану туралы деректер жо-ғын ескере отырып

 

 

Жиі (≥1/100 <1/10 дейін):

- аллергиялық реакциялар (жоғары сезімталдақ, аллергиялық дерматит, есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакция)

- бас ауыру

- диспепсия (эпигастрийде ауырлықты, іштің кебуін, толып кетуін, ауыруы мен жайсыздығын сезіну, жүрек айну)

Сирек (≥1/10 000 <1/1000 дейін):

- қозу, қорқыныш сезімі, мезі қылатын ойлар, ұйқының бұзылуы

- парестезия, тремор, гипестезия, құлақтың шуылдауы, вертиго, бас айналу, жүріс-тұрыстың бұзылуы, талу алдындағы жай-күй, естен тану

- тахикардия/синустық тахикардия, қарынша фибрилляциясы, аритмия, кеудеде жайсыздықты сезіну/кеуденің ауыруы

- артериялық қысымның ауытуы, гипертензиялық криз, гиперемия, тері жабынының бозаруы

- тамақтың қабынуы, жөтел, диспноэ, апноэ

- дисгевзия (ауыздың темір татуы), тәбеттің болмауы, құсқысы келу, жүрек айну, құсу, газдың жиналуы, диарея, іштің ауыруы

- бөртулер (жалпы/макулезді/папулезді), қышыну

- арқаның ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі

- поллакиурия

- жалпы әлсіздік, тремор, астения, жалпы ісіну, беттің ісінуі, аяқтың ісінуі, ыстықты сезіну, суықты сезі-ну, суық тер

- электрокардиограмма (ЭКГ) ауытқуы, жүрек жұмысының жылдамдауы, эозинофилия

 

 

Вена ішіне. Препаратты қолдану енгізер алдында арнайы даярлауды қажет етпейді.

Стимуляциялаушы әсерінің болу мүмкіндігіне байланысты препаратты күннің алғашқы жартысында қолдану ұсынылады.

Ересектер

Доза вена ішіне 500 мг–1000 мг (5-10 мл) құрайды, препаратты бір рет енгізеді немесе екі қолдануға бөледі. Емдеу ұзақтығы әдетте 10-14 күн болады, одан кейін емдеуді ішу арқылы қабылдайтын дәрілік түрімен жалғастырады.

Емдеу курсының ұзақтығы – 4-6 апта.

Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.

Егде пациенттер

Бауыр және/немесе бүйрек аурулары бар егде пациенттерге мельдоний дозасын азайтқан жөн.

Бүйрек қызметі бұзылған пациенттер

Препарат организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолданған жөн.

Бауыр қызметі бұзылған пациенттер

Бауыр қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолданған жөн.

Педиатриялық популяция

Мельдоний 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан бұл препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

 

Әзірге Милдронат 0,5г/5мл №20амп р-р д/ин. ХБМ Фарма пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
10455 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
10360 ₸  
1
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
10360 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
9925 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
10455 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
10360 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады