Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Темпалгин М таб. 500мг №10 СОФАРМА

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
метамизол натрийі
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
3800010646925
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
585 ₸
Бонустарды сатып алу: 23.40
Қоймада жоқ

 

- шығу тегі әртүрлі, қарқындылығы әлсіз және орташа ауыру синдромын қайтаруға

 

- басқа емге төзімді қызба синдромында.

 

 

- метамизолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- пиразолонның басқа туындыларына асқын сезімталдық (мұның алдында осындай субстанцияларды қолданғаннан кейін сыртартқысында агранулоцитозы бар емделушілерді қоса есептегенде)

- жедел бауыр порфириясы

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі (гемолиз қаупі бар)

- бауырдың және/немесе бүйректің ауыр аурулары

- сүйек кемігі қызметінің бұзылуы (мысалы, цитостатиктермен емдегеннен кейін) немесе гематопоэздік жүйе аурулары (апластикалық анемия, агранулоцитоз, лейкопения), жұқпалы нейтропения

- ҚҚСП қолданумен байланысты бронхтың түйілуі, бронх демікпесі, есекжем, жедел ринит

- жүктілік және лактация кезеңі

 

- 15 жасқа дейінгі балалар

 

 

Жағымсыз әсерлері жиілігі бойынша классификацияланған. MedDRA бойынша жиілігі былайша белгіленген: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100 - <1/10), жиі емес (>1/1 000 - <1/100), сирек (>1/10 000 - < 1/1 000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беруге келмейді).

Жиі емес:

- экзантема

- пальпитациялар, тахикардия, цианоз, жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық гипотензия

Сирек:

- протеинурия, олигурия, анурия, полиурия, интерстициальді нефрит, несептің қызыл түске боялуы (рубазон қышқылының метаболиті есебінен)

- лейкопения

- парестезия, құлақтың шыңылдауы, көрудің нашарлауы, тремор, депрессия

- макулопапулезді бөртпе, анафилактикалық немесе анафилактоидтық реакциялар.

Мұндай реакциялар енгізу кезінде немесе енгізуден кейін дереу басталуы мүмкін, бірақ бірнеше сағаттан кейін де пайда болуы мүмкін. Әдетте олар көбіне қолданғаннан кейінгі алғашқы сағат ішінде басталады.

Өте жеңіл реакциялар тері мен шырышты қабыққа тән болатын реакциялар (мысалы, қышыну, күйдіру, қызару, есекжем, ісінулер), диспноэ түрінде және сирек асқазан-ішек жолы арапынан шағымдар түрінде білінеді. Мұндай өте жеңіл реакциялар денеге жайылған есекжем, ауыр ангионевротикалық ісіну (соның ішінде ларингеальді), бронхтың ауыр түйілуі, жүрек ырғағының бұзылулары, артериялық қысымның төмендеуі (кейде бұған дейін артериялық қысымның жоғарылауы) түріндегі өте ауыр түрлерге көшуі мүмкін.

Осы себепті тері реакциялары пайда болған кезде метамизолды қолдануды дереу тоқтатқан жөн.

Өте сирек:

- демікпе ұстамасы (анальгетикалық ұстамасы бар емделушілерде); Стивенс-Джонсон немесе Лайелл синдромы; анафилактикалық шок

- агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия.

Агранулоцитоздың пайда болу қаупін алдын ала болжауға келмейді. Агранулоцитоз метамизол мұның алдында қолданғанда жағымсыз әсерлер болмаған емделушілерде де пайда болуы мүмкін. Агранулоцитоздың пайда болу қаупі метамизолды ұзақ (1 аптадан астам) қолданғанда жоғарылайды.

Жиілігі белгісіз:

- жүректің айнуы, құсу, анорексия, іштің ауыруы және жайсыздығы, сирек жағдайларда ульцерациялар және қан кету.

 

Егер жағымсыз әсерлердің кез келгені ауыр түрде болса, препарат қабылдауды дереу тоқтату қажет. Емделуші, егер осы нұсқаулықта айтылмаған басқа жағымсыз әсерлерді байқаса, бұдан дәрігерді хабардар етуі тиіс.

 

 

Дозалау

Доза ауырудың қарқындылығына немесе температураның жоғарылау дәрежесіне және метамизолға жекелей сезімталдыққа байланысты.

Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер (салмағы > 53 кг)

Күніне 2-3 рет 250-500 мг-нан.

Ең жоғары бір реттік доза – 1 г. Ең жоғары тәуліктік доза – 2 г.

65 жастан асқан емделушілер

Әдетте дозаны азайту қажет емес. Бүйрек және бауыр қызметінің жасқа байланысты бұзылулары бар емделушілерде емдеуді қысқа мерзім ішінде ересектерге арналған ½ дозаны қолдана отырып, жүргізген жөн («Фармакокинетикасы» тарауын қараңыз).

Бауыр қызметі бұзылған емделушілер

Осы емделушілерде метамизол метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі артуы мүмкін («Фармакокинетикасы» тарауын қараңыз). Бауыры орташа немесе ауыр зақымданған емделушілерді ересектерге арналған ½ дозамен емдеу керек.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер

Метамизол және оның метаболиттері бүйректер арқылы шығарылады («Фармакокинетикасы» тарауын қараңыз). Бүйрек қызметі зақымданған емделушілерде метамизолмен емдеуді ересектерге арналған ½ дозамен жүргізген жөн.

Емдеу ұзақтығы

 

Метамизолмен емдеу 3-5 күннен астамға созылмауы тиіс. Дәрігерден кеңес алғаннан кейін ғана ол өте ұзақ кезеңге немесе көрсетілгеннен өте жоғары дозаларда қолданылуы мүмкін.

 

Әзірге Темпалгин М таб. 500мг №10 СОФАРМА пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
585 ₸  
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
585 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
560 ₸  
3
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
560 ₸  
20
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
560 ₸  
2
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
555 ₸  
3
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
585 ₸  
10
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
560 ₸  
5
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
560 ₸  
1
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
585 ₸  
9
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
555 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
555 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады