Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Дексаметазон 0,1% 10мл капли гл Ромфарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Дексаметазон
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
5944728000216
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- конъюнктивитте (іріңсіз және аллергиялық)

- кератитте, кератоконъюнктивитте (эпителий зақымдануынсыз)

- блефаритте, блефароконъюнктивитте

- склеритте, эписклеритте

- хориоретинитте

- увеиттерде

- оперативті араласулар мен жарақаттардан кейінгі қабынудың алдын алу және емдеуде

- мөлдір қабықтың мөлдірлігін қалпына келтіруде және кератиттерден, күйіктерден кейінгі неоваскуляри-зацияны төмендетуде

 

 

- дексаметазонға немесе препараттың кез келген басқа ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

- көздің вирустық және зеңдік аурулары

- көздің іріңді аурулары (микробқа қарсы қатар жүретін емсіз)

- трахома

- көз ішінің жоғары қысымы

- мөлдір қабық эпителиясы тұтастығының зақымдануы

- көз туберкулезі

- 8 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік, лактация кезеңі

 

 

Препарат негізінен жағымды.

Жергілікті реакциялар: препаратты тамызғаннан кейін бірден тез өтетін ашыту сезімі, жас ағу, көрудің бұлыңғырлануы, мидриаз болуы мүмкін Ұзақ уақыт қолданғанда ( 2 аптадан астам) көзішілік қысым жоғарылауы мүмкін; көру жүйкесі зақымдануымен глаукоманың дамуы, көру өткірлігінің төмендеуі және көру аясының азаюы, сондай-ақ артқы субкапсулярлық катарактаның пайда болуы, сонымен бірге мөлдір қабықтың жұқаруы және тесілуі мүмкін

Өте сирек

- герпестік және бактериялық жұқпаның таралуы

- салдарлық жұқпа дамуы, стероидтарды ұзақ қолданғанда мөлдір қабықтың зеңдік зақымдануы

Дексаметазонға немесе бензалконий хлоридіне өте жоғары сезімталдығы бар емделушілерде аллергия-лық конъюнктивит және блефарит дамуы мүмкін.

- қышыну, палпебральді эритема немесе конъюнктивальді эритема

Ұзақ уақыт қолданғанда глюкокортикостероидтарға тән жүйелік жағымсыз әсерлер даму қаупі ұлғаюы мүмкін:

- глюкозаға толеранттылықтың төмендеуі, стероидты қант диабеті немесе латентті қант диабетінің ма-нифестациясы, бүйрек үсті бездері қызметінің бәсеңдеуі, Иценко-Кушинг синдромы.

- жүрек айнуы, құсу, тәбеттің ашылуы немесе төмендеуі, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурула-рының асқынуы

- аритмия, брадикардия, артериялық қысымның жоғарылауы

- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, ашушаңдық немесе мазасыздану, ұйқысыздық, бас айналуы, бас ауыруы

 

 

Тамызу алдында қолды мұқият жуыңыз.

Құтыны пайдаланар алдында сілкіңіз!

Жедел қабыну жағдайларында конъюнктивалдық қапшыққа 1 - 2 тамшыдан тәулігіне 4 - 5 рет 2 күн бойына, ал содан соң 1-2 тамшыдан 4 – 6 күн бойына тәулігіне 3 – 4 рет тамызу керек.

Созылмалы қабыну жағдайларында 1 – 2 тамшыдан тәулігіне 2 рет 3 – 6 апта бойына тамызады (дәрігер бақылауында). Емдеу курсының ұзақтығы 6 аптадан аспау керек.

Операциядан және жарақаттан кейін, қабыну симптомдарының қарқындылық дәрежесіне қарай 1 – 2 тамшыдан тәулігіне 2 – 4 рет 2 – 4 апта бойына (дәрігер бақылауында).

8-ден 12 жасқа дейінгі балаларда аллергиялық және қабыну жай-күйлерін емдеуде 7-10 күн бойына тәу-лігіне 2-3 рет 1 тамшыдан тамызады. Қажет болған жағдайда флюоресцеинді сынаманы (мөлдір қабық эпителийінің тұтастығын тексеру үшін) өткерген соң 10 күн емді жалғастырады. Тамызғаннан кейін мұ-рын-көз жас өзегін қысу немесе қабақты жабу ұсынылады. Бұл жергілікті қолданылатын дәрілік препа-раттың жүйелік сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді.

 

Әзірге Дексаметазон 0,1% 10мл капли гл Ромфарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады