Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Крестор 20мг №28табл Астра Зенека

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 28
Белсенді зат:
Розувастатин
Фармакологиялық топ:
Гиполипидемические препараты
Элемент коды::
2000999414145
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
8 445 ₸
Бонустарды сатып алу: 84.45
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- алғашқы гиперхолестеринемияда (отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемия қоса ІІа типі) немесе аралас дислипидемияда (IIbтипі) диета және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағын азайту) жеткіліксіз болған кезде диетаға қосымша ретінде

- отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда диетаға және липид төмендететін басқа да емге (мысалы, ТТЛП-аферез) қосымша ретінде немесе осындай ем пациентге сай келме-ген жағдайларда

- ересек пациенттерде жалпы холестериннің (ЖХС) және ТТЛП ХС деңгейін мақсатты дең-гейлерге дейін төмендетуге арналған емнің бір бөлігі есебінде, атеросклероздың үдеуін баяулату үшін диетаға қосымша ретінде  

- атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде қосымша ем ретінде жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасында

 

 

- розувастатинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- белсенді фазадағы бауыр аурулары, трансаминазалардың сарысулық белсенділігінің тұрақты жоғарылауын және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын қоса (жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 3 еседен көп)

- бүйрек функциясының айқын бұзылуы (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз)

- миопатиялар

- циклоспоринді бір мезгілде қабылдау

- жүктілік, лактация кезеңі, контрацепцияның талапқа сай әдістерінің болмауы

- миоуытты асқынулардың дамуына бейім болу

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

40 мг доза үшін

- ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 60 мл/мин аз)

- гипотиреоз

- розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін жай-күйлер

- фибраттарды бір мезгілде қабылдау

- азиялық нәсілді пациенттер

- сыртартқыдағы бұлшықет аурулары

- сыртартқыдағы ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабыл-дау аясындағы миоуыттылық

- алкогольді шамадан тыс тұтыну

 

 

Жиі (>1/100, <1/10)

- бас ауыру, бас айналу

- жүрек айну, іштің ауыруы, іш қату

- миалгиялар

- астениялық синдром

- ІІ типті қант диабеті

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- қышыну, бөртпе, есекжем

Сирек (>1/10 000, <1/1 000)

- жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса

- миопатия, рабдомиолиз

- «бауыр» трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы, панкреатит

Өте сирек (<1/10 000)

- сарғаю, гепатит

- полинейропатия

- есте сақтай алмау

- гематурия

- артралгиялар

- депрессия, ұйқы бұзылыстары

- жыныс функциясының бұзылуы

Бірлі-жарым жағдайлар

- өкпенің интерстициальді аурулары

Жиілігі анықталмаған

- диарея

- иммунитетпен байланысты некроздаушы миопатия

- жөтел, ентігу

- Стивенс-Джонсон синдромы

- гинекомастия

- шеткергі ісінулер

Крестор алған пациенттерде протеинурияны анықтауға болады. Көптеген жағдайларда протеинурия емдеу үдерісінде азаяды немесе жоғалады және бұл бұрыннан бар жедел немесе үдемелі бүйрек ауруының пайда болуын білдірмейді. ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолдану кезіндегідей, жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі дозаға тәуелді сипатта болады.

 

 

Ішке, таблетканы шайнамай және ұсақтамай, сумен ішіп, бүтіндей жұтады.

Ас ішуге байланыссыз тағайындала береді. Крестормен емдеу басталғанша және ем ке-зінде пациент стандартты гиполипидемиялық диета ұстануы тиіс. Препарат дозасы ем мақсатына және емдеуге берілетін жауапқа қарай әркімге жеке таңдалуы тиіс.

Препарат қабылдай бастаған пациенттер үшін немесе ГМГ-КоА редуктазаның басқа те-жегіштерін қабылдаудан көшірілген пациенттер үшін ұсынылатын Крестор бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 5 немесе 10 мг құрауы тиіс. Бастапқы дозаны таңдағанда холес-терин мөлшерінің деңгейін басшылыққа және жүрек-қантамырлық асқынулардың бол-жамды қаупін назарға алып, сонымен қатар жағымсыз әсерлердің әлеуетті даму қаупін бағалау қажет. Қажет болған жағдайда дозаны препаратты 4 апта қабылдағаннан кейін арттыруға болады. Препарат дозасын біртіндеп арттыру керек.

40 мг дозаны қабылдаған кезде жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін

екеніне орай, дозаны ең жоғары 40 мг дейін арттыру гиперхолестеринемиясы ауыр және жүрек-қантамырлық асқынулар қаупі жоғары (әсіресе, отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде),

20 мг доза қабылдағанда қалаулы емдік нәтижеге жетпеген пациенттердеғана қарасты-руға болады. Препаратты 40 мг дозада алатын пациенттерді бақылау ұсынылады.

Бұрын препарат қабылдамаған пациенттерге 40 мг дозаны тағайындау ұсынылмайды. 2-4 апталық емнен кейін және/немесе Крестор дозасын арттырғанда липидтік алмасу көрсет-кіштерін бақылау қажет (қажет болса, дозаны реттеу талап етіледі).

Атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде қосымша ем ретінде жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасы

Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 20 мг.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны реттеу қажет емес. 70 жастан асқан пациенттерге препараттың 5 мг бастапқы дозасы ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны реттеу қажет емес, препараттың бастапқы ұсынылатын дозасы – 5 мг. Бүйрек функциясы орташа бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі 60 мл/мин аз) препараттың 40 мг дозасын қолдану қарсы көрсетілімді. Бүйрек жеткіліксіздігі айқын пациенттерде (креа-тинин клиренсі 30 мл/мин аз) Крестор препаратын қолдану қарсы көрсетілімді.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Чайльд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан жоғары пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.

Ерекше қауымдар. Этникалық топтар

Әртүрлі этникалық топтарға жататын пациенттерде Крестордың фармакокинетикалық па-раметрлерін зерттеген кезде жапондықтар мен қытайлықтарда розувастатиннің жүйелік концентрациясының артуы байқалады. Осы деректі пациенттердің осы топтарына розу- вастатин тағайындағанда ескерген жөн. Азиялық нәсілді пациенттерге ұсынылатын бас-тапқы дозасы - 5 мг.

Миопатияға бейім болып келетін пациенттер

Миопатияның дамуына әкеп соқтыратын факторлары бар пациенттерге препаратты 40 мг дозада тағайындау қарсы көрсетілімді. Осы топ пациенттеріне ұсынылатын бастапқы доза - 5 мг.

SLCO1B1 (OATP1B1) c.521CC және ABCG2 c.421AA генотиптері бар пациенттер, SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC-пен салыстырғанда, розувастатин (СКМ) әсерінің ұлғаюымен байланысты болады. Генотиптері с.521CC немесе с.421AA пациенттерге көп дегенде күніне бір рет 20 мг Крестор қабылдау ұсынылады.

 

Әзірге Крестор 20мг №28табл Астра Зенека пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
8445 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
8445 ₸  
1
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
8730 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
8520 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
8445 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
8520 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
8445 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
8445 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
8520 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
8730 ₸  
3
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
8445 ₸  
5
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
8535 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады