Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Преднизолон 5мг №60 Биосинтез

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 60
Белсенді зат:
Преднизолон
Фармакологиялық топ:
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар.
Элемент коды::
2000994077277
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
450 ₸
Бонустарды сатып алу: 22.50
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

Фармакодинамикалық ем

коллагенозды қосқанда ревматизм ауруларында

аллергиялық ауруларда (пішен қызбасы, бронх демікпесі, есекжем, дәрі аллергиясы)

тыныс жолдарының аурулары: созылмалы бронхитте (бактерияға қарсы еммен бірге тағайындалады)

өкпе фиброзында, саркаидозда ойық жаралы илеит/ колитте

пролиферативтік гломерулонефритте (липоидты нефроз), нефроздық синдромда

жедел ауыр дерматоздарда (қарапайым сулы бөртпелер, эритродермия, Лайелл синдромы)

тромбоцитопениялық пурпура, аутоиммунды феномені бар созылмалы лимфаденозда (гемолитикалық анемия, тромбопения)

ісіктерде (химиотерапиямен біріктірілімде қолданылады)

Орын басушы ем

бастапқы бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінде (Аддисон ауруы) және гипопитуитаризмде (Шихан синдромы)

 

 

 

 Преднизолон Никомедті төмендегі жағдайларда / бұзылыстарда қолдануға болмайды:

- Преднизолон Никомедке немесе препарат құрамындағы кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

- жүйелі микоздар

- кортикостероидтармен иммуносупрессивтік ем жүргізген кезде тірі вирустық немесе бактериялық вакциналармен вакцинациялауға болмайды (толыққанды емес иммундық реакция тірі әлсізденген вакцинаға инфекциялық аурулар тудыруға мүмкіндік беруі мүмкін)

Ұзақ уақыт емдегенде:

- 12 елі ішектің ойық жарасы

- асқазан ойық жарасы

- остеопороздың ауыр түрлері

- ауыр миопатия (жүктілердегі миастенияны қоспағанда)

- психиатриялық сыртартқы

- жедел вирустық инфекциялар (белдемелі герпес, жай герпес, желшешек)

- созылмалы белсенді гепатит (Hbs Ag-оң реакциясымен)

- глаукома

- полиомиелит

- БЦЖ екпесінен кейінгі лимфаденит

- вакцинация алдындағы және кейінгі кезең (вакцинацияға дейін 8 апта және вакциянациядан кейін 2 апта)

 

 

 

Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10000,

<1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалана алмайды).

Жалпы, гипоталамо-гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесінің басылуын қосқанда болжанатын жағым-сыз әсерлердің даму жиілігі дозаға, қабылдау уақытына және емдеу ұзақтығына байланысты. Егер мүм-кіндігінше аз уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек болса, жағымсыз әсерлері аз болуы мүмкін.

Өте жиі

инфекцияға жоғары сезімталдық, бұрыннан бар инфекцияның өршуі, жасырын инфекцияның активаци-ясы және инфекция симптомдарының бүркемеленуі (преднизолонның иммуносупрессивтік және қабы-нуға қарсы әсерінің салдарынан)

эозинофилдер мен лимфоциттер санының төмендеуі

бұрыннан бар аурудың бүркемеленуі немесе өршуі

преднизолонды тұрақты ішу арқылы қабылдағанда бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі (гипоталамустың қызметінің бәсеңдеуімен басталып, бүйрек үсті безі қыртысының нақты атрофиясымен аяқталатын), бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі салдарынан

тоқтату синдромы (бас ауыруы, жүрек айну, бас айналуы, анорексия, әлсіздік, эмоционалдық тұрақ-сыздық, апатия және стрестік жағдайларға қалыпсыз реакция), инсулинге төмен сезімталдықпен «сте-роидты қант диабеті», қант диабетімен зардап шегетін пациенттерде қандағы қант деңгейінің жоғары-лауы (100%), өсу гормоны секрециясының бұзылуы және оған сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде балаларда өсудің кідіруі

көзішілік қысымның жоғарылауы (пероральді препаратпен ем қабылдаған 40%-ға дейінгі пациенттер-де), катаракта (препаратпен ұзақ уақыт бойы пероральді емдегенде 30% пациенттерде)

өкпе абсцессі (12%)

ауыз қуысының кандидозы, әсіресе онкологиялық аурумен науқастарда (33%)

шырышты қабықтың зеңдік инфекциялары (30%)

жоғары дозалармен емдеуде арқаның ауыруымен, қозғалыс шектелуімен, жедел ауырумен, омыртқа-лардың компрессиялық сынуымен және бойдың кішіреюімен, ұзын сүйектердің сынуымен  (25%  пероральді препаратпен ұзақ уақыт емдеуде),

миопатиямен (10%) білінетін остеопороз

Жиі

лейкоциттер мен тромбоциттер санының жоғарылауы пероральді дозаларды физиологиялық тұрғыда (әдетте тәулігіне 50 мг-ден жоғары)

жоғары тұрақты қабылдағанда майдың жиналу сипатының (ай тәріздес бет, дененің семіруі, «өгіз өркеш») өзгеруін қоса алғанда Кушинг синдромы, натрийдің іркілуі мен калийдің шығарылуы салдары-нан болатын гипокалиемия, бала тууға қабілетті жастағы әйелдердегі аменорея, ішке қабылданатын жоғары дозалармен емдеген кездегі

холестерин, триглицеридтер мен липопротеиндер деңгейінің жоғарылуы, тәбеттің және салмақтың артуы

эйфория, депрессия, психоз (кортикостероидтармен индукцияланған)

гипертензия (натрийдің іркілуі салдарынан, бұл сұйықтықтың іркілуіне алып келеді), іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің өршуі (натрийдің іркілуі нәтижесінде)

туберкулез дамуының жоғары қаупі

асқазан-ішек тесілулерінің, колит, илеит, дивертикулиттің даму қаупінің артуы және симптомдарының күшеюі

созылулар, безеу тәрізді бөртпе, көгерулердің пайда болуы, дерматит, экхимоз, бет эритемасы, атро-фия, гирсутизм, жараның баяу жазылуы, қатты тершеңдік, телеангиэктазия мен терінің жұқаруы, бұры-ннан бар аурулардың бүркемеленуі немесе нашарлауы

түнгі несеп шығару жиілігінің артуы

Жиі емес

аллергиялық реакциялар

пероральді аз дозалармен емдегендегі қант диабеті (<1%), пероральді төмен дозалармен емдегендегі холестерин, триглицеридтер мен липопротеиндер деңгейінің жоғарылауы

ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылуы, тұлғалық өзгеріс, мания және елестеулер

тыныс алу бұлшықет миопатиясы

ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД)

бір уақытта қабылдағанда асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазан-ішектен қан кетулер (0,5%), асқазан-ішек тесілулері

сүйек тінінің асептикалық некрозы

кальций мен фосфаттың жоғары экскрециясы салдарынан болатын несеп тастары

Сирек

қан ұюдың жоғарылуы салдарынан тромбоз қаупі

қалқанша без функциясының өзгеруі

церебральді малярия кезінде команың ұзақтығының ықтималды артуы, когнитивтік бұзылулар (мыса-лы, нашар жады), деменция, эпидуральді липоматоз

бір мезгілдегі көздің герпестік инфекциясы кезінде көздің мөлдірқабығы бұзылуының жоғары қаупі (бұл инфекцияны бүркемелеу салдарынан), глаукома (препаратпен ұзақ уақыт бойы пероральді емдегенде)

Өте сирек

кетоацидоз және гиперосмолярлық кома, жасырын гиперпаратиреоздың пайда болуы, порфирияларға бейімділік, ісік лизисі синдромы, жыныс гормоны секрециясының бұзылуы (етеккір бұзылыстары, гир-сутизм, импотенция)

жасырын эпилепсияның білінуі, мидың жалған ісігі (бас ауыруы, анық көрмеу және көрудің бұзылуы сияқты симптомдары бар қатерсіз бассүйекішілік гипертензия)

экзофтальм (ұзақ емдегеннен кейін)

жүрек қызметінің төмендеу қаупі бар кардиомиопатия, гипокалиемия салдарынан болатын аритмия, тамыр коллапсы

панкреатит (жоғары дозалармен ұзақ емдегеннен кейін)

эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

ахил сіңірі мен тізе тобығы сіңірінің тендинопатиясы

Белгісіз

атеросклероз бен тромбоздың жоғары даму қаупі, васкулит (сондай-ақ, ұзақ емдегеннен кейін тоқтату синдромы сияқты болуы мүмкін)

өңеш ойық жарасы мен кандидозы

бұлшықет атрофиясы, сіңір аурулары, тендинит, сіңірлердің үзілуі

жараның баяу жазылуы, тәбеттің бұзылуы

Ескерту:

Ұзақ уақыт емдегеннен кейін дозаны шамадан тыс тез азайтқанда бұлшықет және буын ауыруы, қызба, ринит, конъюнктивит және салмақ жоғалту сияқты мәселелер өршуі мүмкін.

 

 

 

Кез келген кортикостероидпен емдеу басында төмендегі жетекші қағидалар сақталуы тиіс. Бастапқы доза қажетті емдік нәтижеге қол жеткізуге сай болуы тиіс және клиникалық жауап беруге байланысты болады. Мезгіл-мезгіл бұл дозаны бағалап отыру қажет, себебі негізгі аурудың айқындылығы өзгеруі мүмкін немесе емдеу барысында асқынулар дамуы мүмкін. Дозаны ең аз шамаға дейін біртіндеп төмендетіп отыру керек, бұл ретте емге қанағаттанарлық клиникалық жауапты қамтамасыз ету және сақтау керек. Ұзақ уақыт емдеген кезде немесе негізгі ауру асқынған жағдайда дозаны арттыру қажет болуы мүмкін.

Егер преднизолонмен ұзақ емдеу (әдетте 3 аптадан көп) тоқтатылуы тиіс болса, «тоқтату синдромын» болдырмас үшін тоқтатуды біртіндеп, сатылап жүзеге асыру қажет. Емді күрт тоқтату өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Дозаның көлеміне, емнің ұзақтығына, пациенттің негізгі ауруына және пациенттің емге деген жеке реакциясына байланысты дозаны апталар немесе, тіпті, айлар бойы төмендету керек. Преднизолон Никомедмен 3 аптадан аз жүргізілген емді күрт тоқтату көптеген пациенттерде гипотала-мо-гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесін клиникалық түрде айтарлықтай басуға әкелетініне ықтимал-дығы аз. Алайда, кортикостероидтарға реакция беру және оны тоқтатуды көтере алушылық кең ауқым-да құбылуы мүмкін екенін есепке алу керек. Осылайша, қысқа курстардан кейін немесе жоғарырақ до-заларын қабылдағанда препараттарды тоқтатқан кезде және адренокортикальді жеткіліксіздік қаупінің басқа факторлары бар пациенттерде дозаны біртіндеп азайтуға қатысты мәселені қарастыру қажет.

Дозаны біртіндеп төмендеткенде дозалау режимі әр адамға жекелей таңдалуы тиіс.

Көптеген пациенттер Преднизолон Никомед дозасының тәулігіне 5-10 мг жеткенге дейін Преднизолон Никомед дозасының әр 3-7 күнге 2,5 мг-ге төмендеуін көтере алады. Барынша жоғары дозаларды 9-12 ай бойы біртіндеп азайту керек.

Дозаны біртіндеп төмендеткен кезде алдымен кешкі доза, содан кейін түсте, түстен кейін немесе кешке қабылдануы тиіс дозалар жіберілуі тиіс, яғни ең соңында тек таңғы доза 10 күннен кейін қабылдана-тындай нәтиже болуы тиіс. Ұзақ уақыт бойы глюкокортикоидтық кезеңдік емдеу (1 доза күнара таңер-тең) бүйрек үсті безі қыртыстарын басудың болмауы салдарынан өз тиімділігін көрсетті.

Қолдану тәсілі:

Тамақтан кейін азғантай мөлшердегі сұйықтықпен ішке қабылданады.

Ересектер

Ем бағытталған ауруға байланысты әдеттегі доза тәулігіне 5-тен 60 миллиграмға дейін құбылады. Жалпы, күнделікті бүкіл доза таңертең сағат 6 мен 8-дің арасында қабылдануы тиіс. (Циркадтық ем – тағайындаған кезде секреторлық ырғақтарды ескеру керек).

Орын басушы ем: ұсынылатын бастапқы доза 5 мг-ны құрайды, бөлшектеп таңертең және кешке қабылданады.

Ерекше топтағы пациенттерге арналған дозалар

Гипотиреозы бар пациенттердегі дозалау: гипотиреозы бар науқастарға дозаны азайту қажет болуы мүмкін.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттердегі дозалары: бауыр функциясы бұзылған пациенттер-де гипоальбуминемия себебінен ақуызбен аз байланысу салдарынан ауыр жағымсыз реакциялар ықти-малдығы басым. Дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттердегі дозалары: бүйрек жеткіліксіздігімен зардап шегетін пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Егде жастағы пациенттердегі дозалары: дозаны түзету керек емес, алайда, егде жастағы пациенттерде кортикостероидтарды ұзақ қолдану қант диабетінің, гипертензия, іркілісті жүрек аурулары, остеопороз немесе депрессияның өршуін туындатуы мүмкін екендігін ескеру керек.

Балаларға арналған дозалары: балаларға қолдану тәжірибесі жоқ. Балалар өсудің тоқтауына қатысты қауіпке ерекше ұшыраған деп есептеледі, сондықтан препаратты пайдалануға арналған көрсетілім балалардың жағдайын ерекше қатаң бағалауды талап етеді.

Өсу кезеңінде балаларда емдеу негізі кезең-кезеңмен немесе үзіліспен болуы тиіс.

Дозаны қанағаттанарлық клиникалық жауапты қамтамасыз ететін және ең аз жағымсыз әсерлерді туындататын дозаға дейін біртіндеп төмендету қажет болып табылады.

Қабынуға қарсы немесе иммуносупрессивті әсерлері: әдетте преднизолон дозасы тәулігіне 0,1-2 мг/кг құрайды. Доза тәулігіне 1-4 қабылдауға бөлінуі мүмкін. Ең төмен тиімді доза әдетте клиникалық жауап бойынша анықталады.

Бронх демікпесінің өршуі: әдетте преднизолон дозасы тәулігіне 1-2 мг/кг құрайды, бұл доза 3-5 күн ішінде тәулігіне 1-2 қабылдауға бөлінуі мүмкін.

Орын басушы ем: әдеттегі дозасы тәулігіне 4-тен 5 мг/м 2 құрайды.

Нефроздық синдром: әдеттегі дозасы тәулігіне 2 мг/кг құрайды (ең жоғары доза тәулігіне 60-80 мг), ол 2-4 қабылдауға беріледі.

 

 

Әзірге Преднизолон 5мг №60 Биосинтез пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
450 ₸  
6
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
450 ₸  
8
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
450 ₸  
3
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
450 ₸  
1
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
565 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
440 ₸  
3
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
450 ₸  
5
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
450 ₸  
2
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
450 ₸  
3
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
450 ₸  
4
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
450 ₸  
6
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
450 ₸  
3
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
450 ₸  
3
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
450 ₸  
2
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
450 ₸  
2
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
450 ₸  
2
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
450 ₸  
9
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
450 ₸  
9
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
450 ₸  
3
Молдагулова 48 (АПТЕКА Каратау)
+7 (72644) 5-05-30
450 ₸  
2
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
450 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
450 ₸  
4
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
450 ₸  
17
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
450 ₸  
5
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
450 ₸  
3
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
575 ₸  
2
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
450 ₸  
5
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
450 ₸  
10
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
450 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады