Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Мистинин-DF 0,01% 100мл р-р Досфарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Ерітінді
Белсенді зат:
Мирамистин
Фармакологиялық топ:
Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар
Элемент коды::
4870203071079
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 485 ₸
Бонустарды сатып алу: 44.55

 

Кешенді ем құрамында профилактикасы және емдеу:

- хирургия және травматологияда іріңді жаралар, тірек-қимыл аппаратының іріңді-қабыну үдерістері

- акушерлік және гинекологияда босанудан кейінгі жарақаттар, іріңдеген бұтаралық аймақ және қынап жаралары, босанудан кейінгі инфекцияларқабыну аурулары (вульвовагинит, эндометрит)

- комбустиологияда II және IIIA дәрежедегі беткейлік және терең күйіккүйік жараларын дерматопластикаға дайындау

- дерматологияда пиодермия және тері мен шырышты қабықтардың дерматомикозы, кандидозытабан микозы

- венерологияда соз, хламидиоз, трихомониаз, генитальді герпес, генитальді кандидоз

- урологияда негізі спецификалық және спецификалық емес уретриттер және уретропростатиттер (хламидиоз, трихомониаз, гонорея)

- оториноларингологияда жедел және созылмалы отит, гайморит, тонзиллит, ларингит

- стоматологияда стоматит, гингивит, пародонтит, периодонтит және алмалы-салмалы протездерді гигиеналық өңдеу

 

 

- препаратқа жекелей жақпаушылық

 

 

- енгізген орынды жеңіл ашыту сезімі, ол 15-20 сек. соң өздігінен басылады және препаратты тоқтатуды қажет етпейді (жекелеген жағдайларда)

сирек:

- аллергиялық реакциялар

 

 

Препарат қолдануға дайын.

Хирургия, травматология, комбустиология. Профилактикалық және емдік мақсатта жара мен күйіктің беткейін суландырады, жараларды және жыланкөздерді жұмсақ тампондайды, препаратқа малынған дәке тампондарды бекітеді. Емдік емшара тәулігіне 2-3 рет 3-5 күн бойы қайталанадыЖаралар мен қуыстарға тәуліктік шығыны 1 л препарат болатын белсенді дренаждау әдісінің тиімділігі жоғары.

Акушерлік-гинекология. Босанудан кейінгі инфекция профилактикасы мақсатында қынаптық суландыру түрінде босануға дейін (5-7 күн), босанғанда әрбір қынаптық зерттеуден кейін және босанудан кейінгі кезеңде 50 мл препараттан препаратпен суландырған тампон түрінде 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қолданылады.

Кесарь тілігін жасау арқылы босандыру кезінде тікелей операция алдында қынапты, операция кезінде – жатыр қуысы мен ондағы кесілген жерді өңдейді, ал операциядан кейінгі кезеңде препаратпен суландырған тампонды 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қынапқа енгізеді. Қабыну ауруларын емдеу препаратқа малынған тампондарды қынап ішіне енгізу, сондай-ақ дәрілік электрофорез әдісімен 2 апта бойы курспен жүргізіледі.

Венерология. Препарат венерологиялық аурулар профилактикасы үшін, егер ол жыныстық актіден соң 2 сағаттан кешіктірмей қолданса ғана, тиімді. Құтының ішіндегісін урологиялық аппликатордың көмегімен несеп шығару өзегіне 2-3 минутқа енгізу керек: еркектерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2 мл) және қынапқа (5-10 мл). Санның ішкі беткейлері терісін, қасағаны, жыныс мүшелерін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағат ішінде дәретке баруға болмайды.

Әйелдерге қынапты суландыру үшін Мистинин-DF 50 мл-ден гофрланған құтыда арнайы құрылғымен жиынтықта шығарылады. Қолданар алдында дайын ерітіндімен құтының қалпақшасын арнайы құрылғыға ауыстырып, қынапқа енгізу және құтының түбін басып, 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бүрку керек.

Урология. Уретриттер мен уретропростатиттерді кешенді емдеуде 2-3 мл препаратты уретраға бүркуді күніне 1-2 рет, курсты – 10 күн жүргізеді.

Оториноларингология. Іріңді гаймориттерде – пункция кезінде жоғарғы жақ сүйек қойнауы препараттың жеткілікті мөлшерімен шайылады. Тонзиллит, фарингит және ларингитті тамақты тәулігіне 3-4 рет шайып емдейдіПрепарат мөлшері бір шаюға 10-15 мл.

Стоматология. Стоматит, гингивит, пародонтит кезінде ауыз қуысын шаю ұсынылады, 10-15 мл препарат тәулігіне 3-4 рет.

 

Әзірге Мистинин-DF 0,01% 100мл р-р Досфарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
5
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
1630 ₸  
5
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1630 ₸  
5
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
1630 ₸  
5
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1630 ₸  
5
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
1630 ₸  
5
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
1630 ₸  
5
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1630 ₸  
4
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
1630 ₸  
5
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1630 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
1630 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады