Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Бонеост 150мг №1табл (Ибандронат) НеоЛайф

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 1
Белсенді зат:
Ибандрон қышқылы
Фармакологиялық топ:
Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
5202899101737
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
10 775 ₸
Бонустарды сатып алу: 107.75
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Әйелдерде сынулардың алдын алу мақсатында менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу үшін.

Омыртқалардың сыну қаупінің төмендеуі туралы деректер бар, ортан жілік мойнының сынуы кезінде тиімділік анықталмаған.

  • ибандрон қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • қандағы кальций деңгейінің төмендеуі

  • тағамның қозғалысы бұзылатын өңеш ауруы (өңештің тарылуы, асқазанға түсер алдында өңеш бөлігінің түйілуі - кардия ахалазиясы)

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • пациент үшін таблетканы қабылдағаннан кейін 60 минут бойы тік қалыпта тұрудың немесе отырудың мүмкін болмауы

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп лактазасының сирек жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Жиі

- бас ауыруы, тұмау тәрізді синдром

- өңештің, асқазанның шырышты қабығының қабынуы, асқазанның ішіндегісінің өңешке түсуі (гастроэзофагеаль-ді рефлюкс), іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну немесе жайсыздық, жиі, сұйық нәжіс, іштің ауыруы, жүрек айну

- тері бөртпесі

- буындардағы ауырсыну, бұлшықет ауыруы, сүйек-бұлшықеттің ауыруы, бұлшықеттің түйілуі, қаңқа-бұлшықеттің сіресуі.

Жиі емес

- демікпенің қайталануы, бас айналу, шаршау, арқаның ауыруы

- өңештің шырышты қабығының қабынуы, оның ішінде өңештің ойық жаралануы немесе тарылуы, жұтудың бұзылуы, құсу, ішекте газдардың көп жиналуы.

Сирек

- аллергиялық реакциялар

- көздің қабыну аурулары

- он екі елі ішектің шырышты қабығының қабынуы

- терінің терең қабаттарының және тері астындағы тіндердің тығыз, асимметриялық, ауыртпалықсыз ісінуі, беттің ісінуі, тез өршитін, қатты қышитын, күйіктен болатын күлдіреуіктерге ұқсас терідегі бозғылт-қызғылт күлдіреуіктер (есекжем)

- ортан жіліктің типтік емес сынықтары.

Өте сирек

- өмірге қауіп төндіретін жедел ауыр аллергиялық реакция (анафилаксиялық реакция / шок)

- терідегі және шырышты қабықтардағы бөртпелермен жедел уытты-аллергиялық ауру (Стивенс-Джонсон синдромы), нысана тәрізді бөртпелер түзілуімен терінің қабыну реакциясы (полиморфты эритема), теріде шығатын, сұйықтыққа толы көпіршіктер және/немесе күлдіреуіктер (буллезді дерматит)

- жақ сүйегі бөліктерінің жансыздануы (жақсүйек остеонекрозы), сыртқы есту жолының сүйек бөліктерінің жансыздануы (остеонекроз).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Ішке, айына бір рет 150 мг-ден (1 таблетка).

Препарат 18 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.

Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясы бұзылған жағдайда дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының әлсіз және орташа айқын бұзылуы кезінде дозаны түзету талап етілмейді, препаратты бүйректің ауыр ауруы кезінде қолдану ұсынылмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған. 

Бонеост препаратының таблеткасын отырған немесе тұрған қалыпта тұтастай, бір стақан (180–240 мл) таза сумен ішіп жұту керек. Су - Бонеост препаратын ішуге болатын бір ғана сусын.

Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі

Әр айдың бір күнінде, түнгі ашығудан кейін (кем дегенде 6 сағат), сол күні бірінші тамақтанудан немесе сұйықтық ішуден (судан басқа) немесе басқа пероральді дәрі-дәрмектерді немесе тағамдық қоспаларды (кальцийді қоса) қабылдаудан 1 сағат бұрын қабылдаған жөн. Сондай-ақ, кальций және/немесе D дәруменінің қосымша мөлшерін қабылдау керек, егер олардың тамақпен бірге тұтынылуы жеткіліксіз болса.

Әзірге Бонеост 150мг №1табл (Ибандронат) НеоЛайф пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
10775 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
10775 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
11500 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
11500 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
11500 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
11500 ₸  
2
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
11500 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
10775 ₸  
3
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
11500 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
10775 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады