Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Пульмикорт сусп. д/инг. 0,25мг/мл 2мл №20 AstraZeneca.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Контейнеры для ингаляции
Белсенді зат:
Будесонид
Фармакологиялық топ:
Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
100010856
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
13 630 ₸
Бонустарды сатып алу: 136.30
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- қабыну үдерісін бақылау үшін глюкокортикостероидтармен демеуші емді қажет ететін бронх демікпесінде

- тарылған  ларинготрахеитте  (жалған қыспақ)

 

 

 

 - будесонидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- өкпе  туберкулезінің белсенді түрі

- 3 айға дейінгі балалар

- демікпелік статусты немесе қарқынды емдеу қажет болатын жерде демікпенің басқа да шұғыл көріністерін алғаш емдеу

 

 

 

 Препаратты қолданып жүрген пациенттердің 10%-ға дейіні мынадай жағымсыз әсерлерді бастан өткеруі мүмкін:

Қантамырлық және лимфалық жүйелер:

- мойын лимфалық түйіндерінің зақымдануы

Есту мүшелері

- құлақтың ауыруы

- ортаңғы құлақ отиті

- құлақтағы инфекция

Асқазан-ішек жолы:

- гастроэнтерит

- құсу

- диарея

- іштің ауыруы

Жалпы:

- қажу

- тұмаутәрізді синдром

Иммундық жүйе:

- аллергиялық реакциялар

Инфекциялық және паразиттік аурулар:

- көз инфекциялары

- қарапайым герпес

- құлақ қалқанының сыртқы инфекциялары

- вирустық инфекция

Жарақаттар, улану және емшаралардың асқынуы:

- сүйектердің сынуы

Зат алмасу:

- анорексия

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндері:

- миалгия

Жүйке жүйесі:

- гиперкинезия

Тыныс алу жолдары:

- ауыз-жұтқыншақтың   кандидозы 

- жұтқыншақ шырышты қабығының  тітіркенуі

- жөтел

- дауыстың қарлығуы 

- бронхтың түйілуі  

- дисфония

- кеуденің ауыруы

Көру:

- глаукома

- катаракта

- конъюнктивит

Тері:

- есекжем, бөртпе, жанаспалы дерматит

- экзема

- пустулезді бөртпе, геморрагиялық бөртпе

- терінің қышуы

- гематомалар

- ангионевроздық ісіну және анафилаксиялық реакциялар 

- дереу және баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциялары  

Эндокриндік жүйе:

- бүйрек үсті бездері қабығы функциясының басылуын және өсу іркілісін қоса, кортикостероидтардың жүйелік әсерлерінің белгілері және симптомдары.

Сонымен бірге, күйгелектік, қозғыштық, үрейлену, мазасыздық, депрессия, ұйқы бұзылысы, озбырлық, психоз, ашушаңдық, эмоциональді тұрақсыздық, психомоторлы аса жоғары сезімталдық, мінез-құлықтың өзгерулері сияқты психоневрологиялық симптомдар байқалуы мүмкін.

Ауыз-жұтқыншақ кандидозының даму қаупін ескере отырып, пациент препаратты әрбір ингаляциядан кейін аузын сумен әбден шаюы тиіс. 

Сирек жағдайларда бүйрек үсті безінің гипофункциясын қоса, глюкокортикостероидтардың жүйелі әсерінен туындаған симптомдар пайда болуы мүмкін.

Сирек жағдайларда теріде көгерулер пайда болуы мүмкін.

Небулайзерді маскамен бірге пайдаланғанда терінің тітіркену жағдайлары байқалған. Масканы пайдаланғаннан кейін тітіркенуге жол бермеу үшін  бетті сумен жуу керек.   

 

 

 

 

Бронх демікпесі

Препараттың дозасы жекелей таңдап алынады. Егер ұсынылатын доза тәулігіне 1 мг-ден аспайтын болса, препараттың барлық дозасын бір рет (бір уақытта) қабылдауға болады. Егер көбірек доза қажет болса, онда оны бірнеше рет қабылдаған жақсырақ.  

Ұсынылатын бастапқы доза:

3 айлықтан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне екі рет 0.5- 1 мг.

12 жастан бастап және одан үлкен балалар, ересектер/егде жастағы пациенттер: тәулігіне екі рет 1- 2 мг. Өте ауыр жағдайларда доза арттырылуы мүмкін.

Демеуші ем кезіндегі доза:

3 айлықтан бастап 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне екі рет 0.25- 0.5 мг.   

12 жастан бастап және одан үлкен балалар, ересектер/егде жастағы пациенттер: тәулігіне 0,5 – 1 мг. Ауыр өршулер жағдайында доза арттырылуы мүмкін. 

 

Дозаны анықтауға арналған кесте

Доза, мг

Препараттың көлемі  

Ингаляцияға арналған Пульмикорт® суспензиясы

                                      

0.25

0.5

0.75

1

1.5

2

0.25 мг/мл                            0.5 мг/мл

  1 мл*                                          -

  2 мл                                            -

  3 мл                                            -

  4 мл                                         2 мл

   -                                               3 мл

   -                                               4 мл   

*) натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен немесе небулайзерге арналған ерітіндімен 2 мл көлемге дейін сұйылту керек. 

Барлық пациенттер үшін тиімді ең төмен демеуші дозаны анықтап алған жөн.

Қосымша емдік әсерге жеткізу  қажет болған жағдайда, жүйелі әсерлердің даму қаупінің өте төмен болуының арқасында, препараттың пероральді глюкокортикостероидтармен біріктірілімінің орнына, Пульмикорт®  препаратының тәуліктік дозасын  (тәулігіне 1 мг-ге дейін) арттыруға  ұсыныс жасауға болады.    

Қыспақ

Қыспақ ауруы бар сәбилер мен балаларды емдеу үшін небулайзерді пайдаланғанда будесонидтің ұсынылатын дозасы 2 мг құрайды. Доза бірден енгізіледі немесе 30 минут аралықпен 2 ретке (1 мг-ден)  бөлінеді. Келесі дозаны 12 сағаттан соң енгізуге болады. Емдеу 36 сағаттан астамға немесе клиникалық симптомдар жақсарғанға дейін жалғастырылады.   

Пероральді глюкокортикостероидтарды қабылдап жүрген пациенттер:

Пероральді глюкокортикостероидтарды қабылдауды пациенттің денсаулығы тұрақты жағдайда болған  кезде ғана тоқтату керек. Пероральді глюкокортикостероидтарды дағдылы қабылдау дозасы аясында  Пульмикорт® препаратының жоғары дозасын 10 күн бойы қабылдау керек.  Әрі қарай бір ай бойы пероральді глюкокортикостероидтардың дозасын (мысалы, 2.5 мг преднизолонды немесе оның аналогын) тиімді ең төмен дозаға дейін төмендеткен жөн. Көптеген жағдайларда пероральді глюкокортикостероидтардан толық бас тартуға болады. 

Суспензия түрінде небулайзердің жәрдемімен қолданылатын Пульмикорт® демді ішке тарту кезінде өкпеге түсетіндіктен, пациентке препаратты небулайзердің  мүштігі арқылы бірқалыпты және толық дем тарту қажет екендігіне нұсқау беру маңызды.     

Будесонидті бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Будесонид бауырдан биотрансформациялану арқылы шығарылатындығын ескере отырып,  бауыр циррозы айқын пациенттерде препараттың  әсер ету ұзақтығы артады деп күтуге болады.    

Небулайзердің көмегімен ингаляцияға арналған Пульмикорт® суспензиясын қолдану

Ингаляцияға арналған Пульмикорт® суспензиясы мүштікпен және/немесе арнайы бетпердемен жабдықталған тиісті небулайзер арқылы қолданылады. Небулайзер ауаның қажетті ағынын (5-8 л/мин) жасау үшін компрессормен жалғанады,   небулайзерді толтыру көлемі  2- 4 мл құрауы керек.

Пациентке мыналарды ескерткен жөн:

- препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият  оқып шығуы керек;

- Пульмикорт® суспензиясын қолдану үшін ультрадыбыстық небулайзерлер жарамайды;

- Пульмикорт® суспензиясын  натрий хлоридінің 0.9% ерітіндісімен немесе  тербуталин, сальбутамол, фенотерол, ацетилцистеин, натрий кромогликаты және ипратропиум бромиді ерітіндісімен араластырады; сұйылтылған суспензияны 30 минут ішінде қолдану керек;

- ингаляциядан кейін ауыз-жұтқыншақтың инфекция жұқтыру қаупін төмендету үшін ауызды сумен шаю керек;

- терінің тітіркенуіне жол бермеу үшін масканы қолданғаннан кейін бетті сумен  шаю керек;

- небулайзерді ұдайы тазалау ұсынылады, оны дайындаушының нұсқауларына сәйкес жүргізу керек;

Сәби небулайзермен өз бетінше дем тарта алмаған жағдайда арнайы маска қолданылады.  

 

 

Әзірге Пульмикорт сусп. д/инг. 0,25мг/мл 2мл №20 AstraZeneca. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
13630 ₸  
4
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
13630 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
14135 ₸  
2
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
13630 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
13630 ₸  
1
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
14135 ₸  
1
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
14135 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
13630 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
13630 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
14060 ₸  
1
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
14135 ₸  
4
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
13630 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
14060 ₸  
2
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
14060 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
13630 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
13630 ₸  
3
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
14060 ₸  
5
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
14060 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады