Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Клавирекс 500мг/125мг №12табл Нео Лайф

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблетки № 12
Белсенді зат:
Амоксициллин, клавулан қышқылы
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
8435232340044
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
4 200 ₸
Бонустарды сатып алу: 84.00
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Клавирекс препараты ересектерде және 12 жастан асқан балаларда келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:

- жедел бактериялық синусит (диагнозы айғақталғанда);

- жедел ортаңғы отит;

- созылмалы бронхиттің өршуі (диагнозы айғақталғанда);

- ауруханадан тыс пневмония;

- цистит;

- пиелонефрит;

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары, атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы, жануарлардың тістеп алуы, теріасты шелінің қабынуы жайылған ауыр стоматологиялық асбцесс;

- сүйектер мен буындардың инфекциялары, атап айтқанда, остеомиелит.

Бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөнінде ресми нұсқауларға көңіл бөлген жөн.

- пенициллиндерге (S. pneumoniae.) немесе препараттың кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдық

- басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) белгілі аса жоғары сезімталдық

- сарғаю немесе амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамитын бауыр функ-циясының бұзылуы

- 12 жастан кіші балалар немесе дене салмағы 40 кг-ден азырақ балалар

- пробенецидпен бір мезгілде қолдану

- инфекциялық мононуклеоз және лимфолейкоз

- жүктілік.

Дәріге диарея, жүректің айнуы және құсу сияқты жағымсыз реакциялар жөнінде өте жиі мәлімделді.

Жағымсыз реакцияларды жіктеу үшін олардың пайда болу жиілігінің негізінде келесі бірізділік пайдала-нылды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (жиілігі қолда бар деректермен анықтау мүмкін емес).

Өте жиі (≥1/10)

- диарея.

Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін)

- терінің және шырышты қабықтардың кандидозы

- құсу, жүректің айнуы 3 .

Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін)

- бас айналу, бас ауыру

- диспепсия

- бауырдың АЛТ/АСТ ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы 5

- тері бөртпесі 7 , қышыну 7 , есекжем 7 .

Сирек (≥1/10 000-нан <1/1000 дейін)

- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса)

- тромбоцитопения

- мультиформалы эритема 7 .

Өте сирек (<1/10000)

- тіс эмалінің қайтымды беткейлік боялуы (щеткамен тазартқан кезде оңай жойылады). Ауыз қуысының тазалығын сақтау тіс эмалінің боялуын болдырмауға жәрдемдеседі.

Жиілігі белгісіз

- сезімтал емес организмдердің тез көбеюі

- қайтымды агранулоцитоз

- гемолиздік анемия

- қан кету уақытының және протромбинді уақыт индексінің артуы 1

- ангионевроздық ісіну 10 , анафилаксия 10

- сарысулық ауруға ұқсас синдром 10

- аллергиялық васкулит 10

- қайтымды жоғары белсенділік

- құрысулар 2

- асептикалық менингит

- антибиотик-астасқан колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялық колитті қоса) 4

- тілдің қара түктенуі (тілдің жіп тәрізді емізікшелерінің созылмалы гиперплазиясы)

- гепатит 6 , холестаздық сарғаю  6

- Стивенс-Джонсон синдромы 7

- уытты эпидермальді некролиз 7

- эксфолиативті буллёзді дерматит 7

- жайылған жедел экзантематозды пустулёз 9

- интерстициальді нефрит, кристаллурия  8

1 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

2 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

3 Жоғары дозаларды ішке қолданғанда жүректің айнуы жиі болады. Тамақ іше бастағанда амоксицил-лин / клавулан қышқылын қабылдай отырып, асқазан-ішектік реакцияларды азайтуға болады.

4 Соның ішінде жалған жарғақшалы колит және геморрагиялық колит (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

5 Бета-лактамды антибиотиктерді қабылдаған пациенттерде АСТ және/немесе АЛТ деңгейлерінің орташа жоғарылағаны білінді, бірақ осы нәтижелердің мәні белгісіз.

6 Бұл асқынулар препаратты басқа пенициллиндермен және цефалоспориндермен бірге қолданғанда білінді (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.).

7 Аса жоғары сезімталдықтың кез келген тері реакциялары пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатқан жөн (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.).

8 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

9 Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз.

10 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

Клавирекс препараты амоксициллинге сезімтал микроорганизмдерден, және бета-лактамазаны өндіре-тін амоксициллин/клавуланатқа сезімтал штаммдардан туындайтын аралас инфекцияларды емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Дозалар амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшерін ескере отырып, есептеледі. Жекелеген ин-фекцияларды емдеу үшін Клавирекс препаратының дозасын таңдағанда мыналарды ескерген жөн:

- қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығы;

- инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы;

- пациенттің төменде көрсетілгендей жасы, салмағы және бүйрек функциясы.

Клавирекс препаратын қолданудың басқа да тәсілдерін де ескеру қажет, мысалы, амоксициллиннің өте жоғары дозаларын пайдалану және/немесе амоксициллинді және клавулан қышқылын әртүрлі арақа-тынаста тағайындау керек.

Қолдану тәсілі

Асқазан-ішек жолына ықпалының потенциалды қаупін төмендету үшін Клавирекс препаратын, оның барынша жоғары сіңуі үшін, тамақпен бірге қабылдау ұсынылады.

Жүргізілген емнің уақыты жүргізілген емге пациенттің жауабына байланысты. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курсты қажет етуі мүмкін. Емдеуді, науқастың жағдайына қайталап баға бермей-ақ, 14 күннен көпке созбаған жөн.

Ересектер және 12 жастан асқан ≥ 40 кг балалар

500 мг/125 мг дозасы үшін:

500 мг/125 мг бір таблетканы тәулігіне 3 рет қабылдау керек.

875 мг / 125 мг дозасы үшін:

- стандартты доза: (барлық көрсетілімдер үшін) 875 мг / 125 мг 1 таблетканы тәулігіне 2 рет;

- өте жоғары доза: (ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары несеп шығару жолдарының инфекциясы сияқты ауыр инфекциялар): 875 мг / 125 мг 1 таблетканы тәулігіне 3 рет.

250 мг/125 мг доза таблеткаларды қолданып жүрген ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза 750 мг амоксициллинді/375 мг клавулан қышқылын құрайды, 500 мг/125 мг доа таблеткаларын қабылдап жүргендерде 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылын құрайды. 875мг/125мг доза таблеткалары үшін ең жоғары тәуліктік доза 1750мг амоксициллинге/250мг клавулан қышқылына (күніне 2 рет қабылдағанда) немесе 2625 мг амоксициллинге/375 мг клавулан қышқылына тең (күніне 3 рет қабылдағанда).

12 жастан кіші және дене салмағы 40 кг-ден азырақ балалар

Осы дәрілік түр 12 жастан кіші балаларға немесе дене салмағы 40 кг-ден азырақ балаларға арналма-ған. Мұндай балаларға ішке қабылдауға арналған суспензия түріндегі препараттарды тағайындайды.

Егде жастағы пациенттерде

Дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Дозаны түзету амоксициллиннің ұсынылатын ең жоғары дозасына және креатинин клиренсінің мәніне негізделген.

Ересектер және дене салмағы ≥40 кг балалар

              Креатинин клиренсі                                     Дозалау режимі

             ≥ 30 мл/мин                                 Дозаны түзету қажет етпейді

            10-30 мл/мин                                Күніне екі рет 1 таблетка 500 мг/125 мг

              < 10 мл/мин                                Күніне бір рет 1 таблетка 500 мг/125 мг

              Гемодиализ                                 500мг/125мг әрбір 24 сағат сайын., плюс 500мг/125мг диализ кезінде, диализдің соңында қайталанады (амоксициллиннің де, сонымен қатар клавулан қыш-қылының да сарысудағы концентрациясының төмендеуіне қарай)

875 мг/125 мг дозалы таблетканы креатинин клиренсі >30 мл/мин. пациенттерге ғана қолданған жөн.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Емдеуді абайлап жүргізеді; бауыр функциясына ұдайы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

Әзірге Клавирекс 500мг/125мг №12табл Нео Лайф пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
4200 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
4200 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады