Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Омепразол капс 20мг №30 БЗМП

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 30 капсула
Белсенді зат:
Омепразол
Фармакологиялық топ:
Ингибиторы протонового насоса.
Элемент коды::
4810201002378
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруын емдеуде

- он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануының профилактикасында

- асқазанның ойық жарасын емдеуде

- асқазанның ойық жара ауруының қайталануының алдын алуда

- ойық жара ауруында сәйкес антибиотикпен біріктірілімде Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикация-сында

- қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қабылдаумен астасқан асқазан мен ішектің эрози-ялы-ойық жаралы зақымдануын емдеуде

- ҚҚСД қабылдаумен астасқан қауіп тобындағы емделушілерде асқазан мен ішектің эрозиялы-ойық жаралы зақымдануының профилактикасында

- рефлюкс-эзофагитті емдеуде

- эрозивті эзофагиттің қайталануының профилактикасы үшін ұзаққа созылған демеуші емде

- гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды белгісіне қарай емдеу

- Золлингер-Эллисон синдромын емдеуде

12 жастан асқан балалар:

- рефлюкс-эзофагитті емдеуде

- Helicobacter pylori (кешенді ем құрамында) туындаған он екі елі ішектің ойық жаралы ауруын емдеуде.

- омепразолға, алмастырылған бензимидазолдарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- нелфинавирмен және/немесе атазанавирмен бір мезгілде қабылдау

Жиі (>1/100, <1/10 дейін)

- бас ауыру

- іштің ауыруы, іштің қатуы, диарея, метеоризм, жүректің айнуы, құсу

Жиі емес (>1/1000, <1/100 дейін)

- ұйқысыздық

- бас айналу, парестезия, ұйқышылдық

- вертиго

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- дерматит, қышыну, бөртпе, есекжем

- дімкәстік, шеткергі ісіну

Сирек (>1/10 000, <1/1000 дейін)

- лейкопения, тромбоцитопения

- аллергиялық реакциялар, мысалы қызба, Квинке ісінуі және анафилактикалық реакциялар/ шок

- гипонатриемия

- қозу, сананың шатасуы, депрессия

- дәм сезудің бұзылуы

- көрудің бұлыңғырлануы

- бронхтың түйілуі

- ауыздың құрғауы, стоматит, асқазан-ішек кандидозы

- сарғаюмен немесе онсыз гепатит

- алопеция, фотосенсибилизация

- артралгия, миалгия

- интерстициальді нефрит

- қатты тершеңдік

Өте сирек (<1/10 000)

- агранулоцитоз, панцитопения

- гипомагниемия

- агрессия, елестеулер

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бауырдың осыған дейін болған ауруларымен емделушілерде энцефалопатия

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (УЭН)

- бұлшықет әлсіздігі

- гинекомастия

- 0 - 16 жас аралағындағы балаларда жағымсыз әсерлер бейіні қысқа мерзім, сондай-ақ ұзақ мерзім емдегенде де жалпы алғанда ересектердегідей.

Капсулаларды ертеңгісін, дұрысы асқа дейін, бүтіндей жұтып және жарты стакан сумен ішіп, шайнамай және ұсақтамай қабылдау ұсынылады.

Жұта алмайтын емделушілер немесе балалар үшін капсуланы ашу және ішіндегісін алдын ала газдал-маған судың немесе сәл қышқыл сұйықтықтың (жеміс шырыны, алма пюресімен) аздаған мөлшерімен араластырып, аздаған сумен қабылдау керек.

Капсула ішіндегісін тура қабылдар алдында немесе препаратты қабылдағанға дейін 30 минут бұрын сұйықтықпен араластыру керек.

Ересектердегі дозалануы

Он екі елі ішектің ойық жаралы ауруын емдеуде

Он екі елі ішектің белсенді ойық жарасымен емделушілерде омепразолды тәулігіне бір рет 20 мг дозада қабылдау керек. Емделушілердің көбінде ойық жараның жазылуы 2-аптаның ішінде басталады. 2-апта-ның ішінде ойық жараның толық жазылуы байқалмаған жағдайда, жазылуына препаратты 2-апталық қабылдауда қол жетеді. Емге жауабы төмен, он екі елі ішектің ойық жарасымен емделушілерге әдетте тәулігіне бір рет 40 мг, омепразол тағайындайды; ойық жараның жазылуы әдетте 4-апта ішінде жүреді.

Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының асқынуының профилактикасында он екі елі ішектің ойық жара ауруының қайталануының профилактикасы үшін Helicobacter pylori-ге негативті сынамамен емделушілерде немесе H.pylori эрадикация мүмкін емес жағдайларда, ұсынылатын доза күніне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Кейбір емделушілер үшін 10 мг тәуліктік доза жеткілікті болуы мүмкін. Емге жауап болмағанда 40 мг дейін жоғарылатуы мүмкін.

Асқазанның ойық жара ауруын емдеуде

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Көптеген емделушілерде 4-аптаның ішінде жазыла бастайды. Препаратты қабылдаудың бірінші курсынан кейін толық жазылмаған жағдай-ларда, әдетте қайталап 4-апталық емдеу курсын тағайындайды, осы мерзім ішінде жазылуға қол жете-ді.

Емге жауабы төмен асқазанның ойық жарасымен емделушілерге, әдетте тәулігіне бір рет 40 мг омепра-зол тағайындайды; әдетте жазылуға 8 апта ішінде қол жетеді.

Асқазанның ойық жара ауруының қайталануының профилактикасында

Емге жауабы төмен, асқазанның ойық жарасымен емделушілерде қайталануының алдын алуда, тәулі-гіне бір рет 20 мг омепразол ұсынылады. Қажет болған жағдайда, дозаны тәулігіне бір рет 40 мг дейін жоғарылатуға болады.

Асқазанның ойық жара ауруында Helicobacter pylori жоюда

Нақты емделуші үшін антибиотик таңдаумен емдеудің әртүрлі сызбасын қолдануға болады. Төзімділігі және емдеу принципі бойынша таңдау ұлттық, аймақтық және жергілікті деректерге сәйкес жүргізілуі керек.

«Үштік терапия» жүргізу барысында:

омепразол 20мг + кларитромицин 500мг + амоксициллин 1000мг, әрқайсысы бір апта ішінде тәулігіне 2 рет қабылдайды немесе, омепразол 20мг + кларитромицин 250мг немесе 500мг + метронидазол 400мг (немесе 500 мг немесе тинидазол 500 мг), әрқайсысы бір апта ішінде тәулігіне 2 рет қабылдайды неме-се, омепразол 40мг + амоксициллин 500мг + метронидазол 400мг (немесе 500 мг немесе тинидазол 500 мг), әрқайсысы бір апта ішінде тәулігіне 3 рет қабылдайды.

Helicobacter pylori жойғаннан кейін асқазанның ойық жаралы ауруын ары қарай емдеуді стандартты емдеу сызбасы бойынша жүргізу керек.

Ем жүргізгеннен кейін Helicobacter pylori сынама оң болып қалған жағдайда, емдеу курсын қайталауға болады.

Асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСД- астасқан ойық жарасын емдеуде 

Препараттың ұсынылған дозасы тәулігіне бір рет 20 мг. Емделушілердің көбінде жазылуы 4-апта ішінде жүреді. Бастапқы ем кезеңі бойы жазылмаған емделушілерде, жазылуы әдетте препаратты қайталап 4 апталық қабылдауда қол жетімді.

Қауіп тобындағы емделушілерде асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСД- астасқан ойық жарасының алдын алуда (60 жастан асқандар, сыртартқысында асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, сыртартқы-сында асқазан-ішектік қан-кету) ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды.

Рефлюкс-эзофагитті емдеуде

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды.

Емделушілердің көбінде 4-апта ішінде жазылуы байқалады. Егер препаратты қабылдаудың бірінші курсы ішінде толық жазылуы байқалмаса, әдетте қайталап 4-апталық емдеу курсын тағайындайды.

Рефлюкс-эзофагиттің ауыр түрімен емделушілерге тәулігіне бір рет 40 мг омепразол ұсынылады; жазылуы әдетте 8 апта ішінде басталады.

Жазылған рефлюкс-эзофагитпен емделушілерді ұзақ уақыт емдеуде (ремиссия фазасында) демеуші емнің ұзаққа созылған курсы түрінде тәулігіне 10 мг омепразолдан тағайындайды. Қажет болғанда дозаны тәулігіне бір рет 20-40 мг дейін жоғарылатуға болады.

Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды емдеуде

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразол. Емдік әсер 10 мг күнделікті дозада қол жетімді болуы мүмкін, сондықтан дозаны жекелей таңдау жоққа шығарылмайды.

Егер 4-апта бойы 20 мг омепразолды күнделікті қабылдағаннан кейін симптомдары жоғалмаса, емделу-шіні қосымша тексеру ұсынылады.

Золлингер-Эллисон синдромын емдеуде

Золлингер-Эллисон синдромын емделушілерге препарат жекелей дозада тағайындалады және емді клиникалық көрсетілімдері бойынша қаншаға керек болса, сонша жалғастырады. Ұсынылатын бастапқы доза күнделікті 60 мг омепразол. Аурудың ауыр түрімен барлық емделушілерде, сондай-ақ басқа да емдік әдістері ойдағыдай нәтижеге әкелмеген жағдайда, препаратты қолдану күнделікті 20 мг-120 мг омепразолды қабылдаған 90%-дан астам емделушілерде тиімді болды. Препараттың тәуліктік дозасы 80мг асқан жағдайда дозаны екі бөлікке бөлу және тәулігіне 2 рет қабылдау керек.

Емделушілердің арнайы тобы

Бүйрек функциясының бұзылуымен науқастар үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуымен науқастар үшін тәулігіне 10– 20 мг омепразол қабылдау жеткілікті.

Егде жастағы тұлғаларда (65 жастан асқан) дозаны түзетудің қажеті жоқ.

12 жастан асқан балаларда дозалануы

Емнің басқа түріне төзімді ауыр рефлюксті эзофагит жағдайында, дене салмағы 20 кг жоғары балаларға тәулігіне 20 мг тағайындайды (шамамен 1 мг/кг/тәулік баламалы). Емдеу ұзақтығы 4 - 8 аптаны құрай-ды.

Helicobacter pylori туындаған он екі елі ішектің ойық жаралы ауруын емдеуде, балалар мен жасөспірім-дерде емдеу сызбасын таңдау бактериялық төзімділікке, емдеу ұзақтығына (жиі - 7 күн, кейде 14 күнге дейін) және бактерияға қарсы дәрілерді қолдануға қатысты ұлттық, аймақтық және жергілікті басшы-лыққа алу ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек.

Дене салмағы 15-30 кг балаларда: омепразол 10 мг + амоксициллин дене салмағына 25 мг/кг + кларитромицин дене салмағына 7,5 мг/кг, бір апта ішінде әрбір препарат тәулігіне 2 рет.

Дене салмағы 31-40 кг балаларда: омепразол 20 мг + амоксициллин 750 мг + кларитромицин дене салмағына 7,5 мг/кг, бір апта ішінде әрбір препарат тәулігіне 2 рет.

Дене салмағы 40 кг астын балаларда: омепразол 20 мг + амоксициллин 1000 мг + кларитромицин 500 мг, бір апта ішінде әрбір препарат тәулігіне 2 рет.

Әзірге Омепразол капс 20мг №30 БЗМП пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады