Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Милурит 100мг №50табл ЭГИС

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 50
Белсенді зат:
Аллопуринол
Фармакологиялық топ:
Подаграға қарсы препараттар.
Элемент коды::
2000994071992
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 260 ₸
Бонустарды сатып алу: 37.80
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Ересектерде:

- гиперурикемияның диетамен бақылауда ұстау мүмкін емес барлық түрдерінде, соның ішінде, шығу тегі әр түрлі салдарлы гиперурикемияда, және гиперурикемияның клиникалық асқынуларында, атап айтқан-да, айқын подаграда, ураттық нефропатияда, сондай-ақ, несеп қышқылы кристалдарын еріту және несеп қышқылы (бүйрек тастарының) түзілуінің алдын алу үшін

- егер түрлі сұйықтықтарды қолдану, диета ұстау және сол сияқты шаралардың әсері болмаса, гиперури-кемиямен қатар жүретін қайталанатын, аралас кальций оксалаты кристалдарын емдеу үшін

Балаларда және жасөспірімдерде:

- шығу тегі әр түрлі, салдарлы гиперурикемияда

- лейкозды емдеуде несеп қышқылынан туындаған нефропатияда

- туа біткен фермент жеткіліксіздігінде, Леш-Найхан синдромында (гипоксантин – гуанин - фосфорибо-зилтрансферазаның толық немесе ішінара жеткіліксіздігі) және аденин-фосфорибозилтрансфераза жеткі-ліксіздігінде.

- әсер етуші заттарына немесе компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдро-мы – тек 100 мг таблеткалары үшін

- жүктілік және лактация кезеңі

Жағымсыз әсерлерінің даму жиілігін анықтауға арналған замануи клиникалық деректер жоқ. Олардың жиілігі дозаға тәуелді және препарат монотерапия түрінде немесе басқа препараттармен жиілікте таға-йындалуына байланысты ауытқып отыруы мүмкін. Дәрілік препаратқа білінетін жағымсыз реакцияларға тиесілі, төменде келтірілген жиілік санаттары бағалауға арналған болып табылады: реакциялардың көпшілігі бойынша жиілігін есептеу үшін жарамды мәліметтер жоқ. Тіркеуден кейінгі қадағалау кезінде анықталған, дәрілік препаратқа білінетін жағымсыз реакциялар сирек және өте сирек деп сипатталған.

Ем қабылдаған жалпы популяциядағы пациенттердегі аллопуринолмен байланысты жағымсыз реакция-лар сирек немесе өте сирек кездеседі және негізінен, елеусіз сипатқа ие. Жоғарырақ жиілігі бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылулары кезінде байқалады.

Жиі (≥1/100 <1/10 дейін)

- бөртпе

- тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес ( ≥1/1000 <1/100 дейін)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары 

- бауыр функционалдық сынамалары нәтижелерінің өзгеруі

- құсу, жүрек айнуы, диарея

Сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін)

- гепатит (некроздық және гранулематозды түрлерін қоса)

- тері тарапынан ауыр реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермальді некролиз (УЭН)), несептас ауруы

Өте сирек (<1/10000)

- фурункулез

- агранулоцитоз 1 , апластикалық анемия 1 , тромбоцитопения 1 , гранулоцитоз, лейкопения, лейкоци-тоз, эозинофилия және айқын эритроциттік аплазия

- ангиоиммунобластты Т-жасушалы лимфома

- қант диабеті, гиперлипидемия

- депрессия

- кома, салдану, атаксия, шеткері нейропатия, парестезиялар, ұйқышылдық, бас ауыруы, дәм сезудің бұрмалануы

- катаракта, көрудің бұзылуы, макулярлық өзгерістер

- бас айналуы (вертиго)

- стенокардия, брадикардия

- артериялық гипертензия

- қан аралас құсу, стоматит, стеаторея, дефекация жиілігінің өзгеруі

- ангионевроздық ісіну, оқшауланған дәрі-дәрмектік бөрту, алопеция, шаш түсінің өзгеруі

- миалгия

- гематурия, азотемия

- ерлердің белсіздігі, эректильді дисфункция, гинекомастия

- ісіну, жалпы дімкәстік, жалпы әлсіздік, қызба

Жиілігі белгісіз (бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

- іштің ауыруы

Препаратты қатаң дәрігердің тағайындауымен қабылдау керек!

Ішке қабылдауға арналған таблеткалар. Милурит препаратын судың көп мөлшерімен іше отырып тамақтан кейін қабылдау керек. Аллопуринол әдетте жақсы көтерімді, әсіресе тамақтан кейін қабылда-ғанда. 300 мг асатын тәуліктік дозаларда пациенттерде асқазан-ішек жолы тарапынан шағымдар пайда болуы мүмкін, сондықтан осындай дозаларды бірнеше қабылдауға бөлу керек.

Ересектер:

Жағымды әсерлер даму қаупін төмендету үшін емді тәулігіне бір рет 100мг бастапқы дозадан бастау керек.

Қажет болса, егер қан сарысуындағы несеп қышқылының деңгейі жеткіліксіз төмендесе, бастапқы дозасын біртіндеп арттырады.

Препарат дозасын таңдағанда келесі дозалау режимін қолдану ұсынылады:

- аурудың жеңіл ағымында тәулігіне 100-200 мг

- орташа ауыр ағымында тәулігіне 300-600 мг

- ауыр ағымында тәулігіне 700-900 мг.

Егер дозаны есептеуде пациенттің дене салмағына қарау керек болса, онда Милурит препаратының дозасы тәулігіне 2-ден 10 мг/кг дейінді құрауы керек.

Балалар мен 15 жасқа толмаған жасөспірімдер

Ұсынылатын дозасы тәулігіне 10-20 мг/кг. Төмен дозалары үшін 100 мг таблеткалары пайдаланылады, оны сызығының көмегімен 50 мг-ден екі бірдей дозаға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы – үш қабылдауға бөлінген 400 мг.

Аллопуринол қатерлі онкологиялық ауруларда (әсіресе лейкемия) және кейбір ферменттік бұзылуларда (мысалы, Леш-Найхан синдромы) балаларды емдеу үшін сирек қолданылады.

Егде жастағы пациенттер

Нақты деректер болмаған жағдайда несеп қышқылының қан сарысуындағы концентрациясының айтарлықтай төмендеуін қамтамасыз ететін ең төмен тиімді доза қабылдау керек.

Бүйрек функциясың бұзылуы және кейбір басқа да жағдайларда пациенттер үшін препарат дозасын таңдаудағы ұсыныстарға айрықша назар аудару керек.

Бүйрек функциясының бұзылулары

Аллопуринол мен оның метаболиттері организмнен бүйректермен шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылуы әсер етуші зат пен оның метаболиттерінің кейіннен осы қосылыстардың қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруымен организмде іркілуіне әкелуі мүмкін.

Келесі кесте бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде дозасын түзету үшін бағдар қызметін атқа-руы мүмкін:

              Креатинин клиренсі                                   Тәуліктік дозасы

          >20 мл/мин                                              Қалыпты дозасы

        10-20 мл/мин                                              Тәулігіне 100-200 мг

           <10 мл/мин                                              Тәулігіне 100 мг немесе дозалау аралықтарын ұзарту

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде Милурит препаратын тәулігіне 100 мг аспайтын дозада қабылдау немесе бір күннен асатын аралықта 100 мг-ден бір реттік дозасын қолдану ұсынылады.

Егер оксипуринолдың қан плазмасындағы концентрациясын бақылауға мүмкіндік болса, онда Милурит препаратының дозасын оксипуринолдың қан плазмасындағы деңгейі 100 мкмоль/л (15,2 мг/л) төмен болатындай таңдау керек.

Аллопуринол мен оның метаболиттері организмнен гемодиализ арқылы шығарылады. Егер гемодиализ сеанстары аптасына 2-3 рет жүргізілсе, онда емнің баламалы режиміне көшу қажеттілігін анықтау керек – 300- 400 мг аллопуринол препаратын гемодиализ сеансы аяқталғаннан кейін бірден қабылдау керек (гемодиализ сеанстарының арасында препаратты қабылдамайды).

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде Милурит препаратын тиазидтік диуретиктермен бір мезгілде қолдану ерекше сақтықты талап етеді. Бұл жағдайда аллопуринолды бүйрек функциясын мұқият мониторингілеумен ең төмен тиімді дозада қолдану керек.

Бауыр функциясының бұзылулары

Бауыр функциясының бұзылуында препараттың дозасын төмендету қажет. Емнің бастапқы кезеңінде бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерін мониторингілеуді жүзеге асыру ұсынылады.

Несеп қышқылы тұздарының алмасуының күшеюімен қатар жүретін жағдайлар (мысалы, ісік аурулары, Леш- Найхан синдромы)

Цитоуытты препараттармен емді бастар алдында осыған дейін болған гиперурикемия және (немесе) гиперурикозурияны аллопуринолдың көмегімен түзету ұсынылады. Нәтижесінде несеп қышқылы және оның тұздарының ерігіштігі артатын, оңтайлы диурезді демеуге, сондай-ақ несепті сілтілендіруге ықпал ететін баламалы гидратацияның маңызы зор.

Аллопуринолдың дозасы ұсынылған дозалары ауқымының төменгі шегіне жуық болуы тиіс.

Егер бүйрек функциясының бұзылуы жедел несепқышқылды нефропатиялар немесе басқа бүйрек патологиясының дамуымен өзара байланысты болса, онда емді «Бүйрек функциясының бұзылуы» бөлімінде көрсетілген ұсынымдарға сай жалғастыру керек.

Аталған шаралар аурудың ағымын асқындыратын ксантин және/немесе несеп қышқылының жинақталу қаупін азайтуы мүмкін.

Мониторингілеуге қатысты ұсынымдар

Препараттың оңтайлы дозасын анықтау үшін, қан сарысуындағы несеп қышқылы тұздары концентра-циясын, сондай-ақ несептегі несеп қышқылы мен ураттардың деңгейін мезгіл-мезгіл анықтап отыру қажет.

Тері тарапынан болған реакциялар кезінде дозасын таңдау жөніндегі ұсынымдар

Тері тарапынан реакциялар пайда болған жағдайда, аллопуринолды қолдануды дереу тоқтату қажет. Ауырлық дәрежесі әлсіз реакциядан кейін қалыпты жағдайға келген кезде, аллопуринолды қолдануды төмен дозасында (тәулігіне 50 мг сияқты), қауіптерін мұқият талқылаудан кейін қайта бастауға болады. Бұдан кейін тері тарапынан реакциялардың және басқа да ықтимал жағымсыз құбылыстардың пайда болуын қадағалай отырып, дозасын біртіндеп арттыруға болады. Егер бөртпе қайта пайда болса, аса жоғары сезімталдықтың ауырырақ реакцияларының пайда болуы мүмкіндігін ескеріп, аллопуринолды қолдануды түбегейлі тоқтату керек.

Әзірге Милурит 100мг №50табл ЭГИС пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
1260 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
1395 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
1395 ₸  
2
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
1395 ₸  
2
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
1410 ₸  
2
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
1410 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады