Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ко-Амлесса 8мг/10мг/2,5мг №30табл KRKA

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Периндоприл, амлодипин, индапамид
Фармакологиялық топ:
Басқа препараттармен біріктірілген АКФ тежегіштері.
Элемент коды::
3838989710682
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- эссенциальді гипертензияда

Периндоприлмен байланысты:

- периндоприлге (немесе кез келген басқа АКФ тежегішіне) жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы АКФ тежегіштерімен алдыңғы емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну

- жүктілік

Индапамидпен байланысты:

- индапамидке (немесе кез келген басқа сульфонамид туындыларына) жоғары сезімталдық

- ауыр және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (КК<60 мл мин)

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- бауыр энцефалопатиясы

- гипокалиемия

- «пируэт» сияқты қарыншалық аритмиялар тудыруы мүмкін аритмияға қарсы препараттарды бір мез-гілде қолдану

- лактация

Амлодипинмен байланысты:

- амлодипинге (немесе кез келген басқа дигидропиридин туындыларына) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- ауыр артериялық гипотензия

- шок, кардиогенді шокты қоса

- сол жақ қарынша шығу жолының обструкциясы (мысалы, ауыр қолқа стенозы)

- жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі

Жеткілікті емдік қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты, Ко-Амлесса таблеткаларын:

- диализде жүрген

- емделмейтін декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар (негізгі ем болмағанда) пациенттерде

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Периндоприл қолдану ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежейді және индапамидтен болатын калий жоғалтудың азаюына ықпал етеді.

2 мг периндоприл/0,625 мг индапамид қабылдаған пациенттердің 2 %-да, 4 мг периндоприл/1,25 мг индапамид қабылдаған пациенттердің 4 %-да және 8 мг периндоприл/2,5 мг индапамид қабылдаған пациенттердің 6 %-да гипокалиемия (калий деңгейі <3,4 ммоль/л) білінген.

Амлодипинмен емделу кезінде ең жиі жағымсыз реакциялар ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру, жү-рек қағу, қызару, іштің ауыруы, жүрек айну, тобықбуынның ісінуі, ісіну және шаршау болып табылады.

Периндоприл/Индапамид

Жиі (≥1/100- ден <1/10 дейін)

- бас айналу, бас ауыру, парестезия, вертиго

- көрудің нашарлауы (соның ішінде диплопия)

- құлақтың шуылдауы

- гипотензия (және гипотензиямен байланысты әсерлер)

- ентігу, жөтел

- іштің ауыруы, жүрек айну, эпигастрийдегі ауыру, құсу, диспепсия, ауыздың кеберсуі, дисгевзия, диа-рея, іш қату

- анорексия

- қышыну, бөртпе, макулопапулезді бөрту

- бұлшықеттердің құрысуы

- астения

Жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін)

- аллергиялық реакция: есекжем

- көңіл-күйдің өзгеруі

- ұйқының бұзылуы

- бронх түйілуі

- бет, аяқ-қол, ерін, шырышты қабықтар, тіл, дауыс саңылауы және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі

- тершеңдік

- бұрыннан бар жедел диссеминацияланған қызыл жегінің болжамды өршуі

- бүйрек функциясының бұзылуы

- импотенция

Сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін)

- сарысуда билирубин мөлшерінің және бауыр ферменттерінің жоғарылауы

Өте сирек (<1/10,000)

- лейкопения/нейтропения, агранулоцитоз немесе панцитопения, тромбоцитопения, апластикалық анемия, гемолиздік анемия

- сананың шатасуы

- жоғары қауіп тобындағы пациенттерде шектен тыс гипотензиядан болуы мүмкін стенокардия

- жоғары қауіп тобындағы пациенттерде шектен тыс гипотензиядан болуы мүмкін миокард инфарктісі

- аритмия (брадикардия, қарыншалық тахикардия және жүрекшелер фибрилляциясын қоса)

- васкулит

- ринит

- эозинофильді пневмония

- панкреатит

- гепатит, цитолиздік немесе холестаздық гепатит

- эритема

- Стивенс-Джонсон синдромы (қатерлі экссудаттық эритема)

- уытты эпидермалық некролиз

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

- дірілдеу-жыпылықтау (өліммен аяқталуы мүмкін)

- бауыр жеткіліксіздігі жағдайында бауыр энцефалопатиясының басталу мүмкіндігі

- көздің қарығуы

- гипокалиемия

- ортостатикалық гипотензия мен сусыздануды тудыратын гиповолемиясы бар гипонатриемия

- васкулит

- қандағы мочевина мен плазмадағы креатининнің жоғары деңгейі гиперкалиемия

Амлодипин

Жиі (≥1/100- ден <1/10 дейін)

- ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру

- іштің ауыруы, жүрек айну

- тобықбуынның ісінуі

- ісіну, шеткергі ісіну

- шаршау

Жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін)

- салмақ қосылуы немесе кемуі

- ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгеруі

- тремор, гипестезия, парестезия

- көрудің нашарлауы (соның ішінде диплопия)

- құлақтың шуылдауы

- жүректің жиі соғуы

- синкопе

- гипотензия (және гипотензиямен байланысты әсерлер)

- ентігу, ринит

- құсу, диспепсия, ішек перистальтикасындағы өзгерістер, ауыздың кеберсуі

- алопеция, пурпура, терінің түссізденуі, тершеңдік, қышыну, бөртпе

- артралгия, миалгия, бұлшықеттердің құрысуы, арқаның ауыруы,

- несеп шығарудың бұзылуы, түнгі полиурия, несеп шығарудың жиілеуі

- импотенция, гинекомастия

- кеуденің ауыруы, астения, ауыру, дімкәстану

- салмақтың кемуі немесе артуы

Сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін)

- сананың шатасуы

Өте сирек (<1/10,000)

- лейкопения/нейтропения, тромбоцитопения

- Квинке ісінуі, аллергиялық реакция: есекжем

- гипергликемия

- гипертония

- шеткергі нейропатия

- жоғары қауіп тобының пациенттерінде шектен тыс гипотензиядан туындауы мүмкін миокард инфарк-тісі

- аритмия (брадикардия, қарыншалық тахикардия мен жүрекшелер фибрилляциясын қоса)

- жөтел

- гипертрофиялық гингивит

- панкреатит, гастрит

- гепатит, холестаздық сарғаю

- эритема (әр алуан түрлері)

- бет, аяқ-қол, ерін, шырышты қабықтар, тіл, дауыс саңылауы және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі

- эритема

- эксфолиативті дерматит

- Стивенс-Джонсон синдромы (қатерлі экссудаттық эритема)

- көздің қарығуы

- бауыр ферменттері деңгейінің: АCТ, АCT жоғарылауы (негізінен, холестазға сәйкес келеді)

Кальций өзектерінің блокаторлары қабылданғанда экстрапирамидалық синдромның бірлі-жарым жағдайлары хабарланған.

Ішке қабылдауға арналған.

Ко-Aмлeссаның ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне 8 мг/10 мг/2,5 мг құрайды.

Бір реттік доза түріндегі күніне бір таблетканы таңертеңгілік ас ішу алдында қабылдаған дұрыс. Қажет болса, 4 мг/10 мг/1,25 мг және 8 мг/10 мг/2,5 мг дозаланған Ко-Aмлeсса таблеткаларын тең дозаларға бөлуге болады.

Пациенттің 4 мг/10 мг/1,25 мг немесе 8 мг/10 мг/2,5 мг дозаланған таблетканы, оны жоғарыға бағыт-талған сызығымен тегіс беткейге қойып және екі саусақпен таблетканың екі жағынан басып, бөлуіне болады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер және егде жастағы пациенттер

Периндоприлат шығарылуы егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациент-терде баяулайды. Сондықтан, әдеттегі медициналық бақылауда креатинин мен калий деңгейіне жиі мониторинг жасау қамтылуы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түріне (КК 30 мл/мин төмен) шалдыққан пациенттерде Ко-Aмлeсса препаратымен емдеу қарсы көрсетілімді.

8 мг/5 мг/2,5 мг және 8 мг/10 мг/2,5 мг дозалар ауырлығы ауыр және орташа бүйрек жеткіліксіздігінде (КК 60 мл/мин төмен) қарсы көрсетілімді.

Ко-Aмлeсса препаратын КК  60 мл/мин пациенттерге тағайындауға болады. Бұл пациенттерге жекеле-ген компоненттер дозаларын жекеше титрлеу ұсынылады.

Плазмадағы амлодипин концентрациясының өзгерістері бүйректің зақымдану дәрежесімен өзара байла-нысты емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түріне шалдыққан пациенттерде Ко-Aмлeсса препаратымен емдеу қарсы көрсетілімді.

Бауыр жеткіліксіздігінің ауырлығы орташа пациенттер үшін дозалау режимі белгіленбеген. Сондықтан, ондай пациенттерге Ко-Aмлeссаны сақтықпен тағайындау керек.

Педиатрияда қолдану

Қазіргі уақытқа дейін Ко-Aмлeссаны балалар мен жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Әзірге Ко-Амлесса 8мг/10мг/2,5мг №30табл KRKA пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады