Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Телсартан А 80мг/5мг №28табл Доктор Реддис

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 28
Белсенді зат:
Телмисартан, амлодипин
Фармакологиялық топ:
Антагонисты ангиотензина ІІ и блокаторы кальциевых каналов.
Элемент коды::
8901148247925
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде

Телсартан ® А - 80мг/10мг, мұны Телмисартан + Амлодипин 40мг/10мг немесе Телмисартан + Амлоди-пин 80мг/5мг препараттарын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациент-тер қабылдауы мүмкін.

Телсартан ® А, 80мг/5 мг, мұны Телмисартан + Амлодипин 40 мг/5 мг препаратын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттер қабылдауы мүмкін.

Телсартан ® А 40мг/10 мг, мұны телмисартан + амлодипин 40 мг/5 мг препаратын қабылдаған кезде қан қысымы адекватты түрде бақыланбайтын пациенттер қабылдауы мүмкін.

Телсартан ® А 40мг/5 мг, мұны амлодипин 5 мг бір препаратын қабылдаған кезде қан қысымы адек-ватты түрде бақыланбайтын пациенттер қабылдауы мүмкін.

Компоненттері (мысалы, амлодипин мен телмисартан) бар жекелеген дозаларға титрация бекітілген дозалардың біріктіріліміне дейін өзгерту алдында ұсынылады. Егер бұл клиникалық тұрғыдан ақталса, монотерапиядан бекітілген дозалар біріктірілімімен емдеуге тікелей өзгертуді қарастыруға болады.

Дозаны шектейтін ісіну сияқты қандай да бір жағымсыз реакциялар туындаған, амлодипиннің 10 мг препаратымен ем қабылдап жүрген пациенттер Телсартан ® А 40 мг/5 мг препаратын күніне бір рет қабылдауға ауыстырылуы мүмкін.

Орнын алмастыратын ем

Телмисартан мен амлодипиннің жеке таблеткаларын қабылдап жүрген пациенттер оның орнына құра-мында сондай дозалары бар Телсартан ® А препаратының бір таблеткасын күніне бір рет қолдана ала-ды.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер (>65 жас): дозаны түзетуді қажет етпейді.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек функциясының жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны өзгерту қажет емес.

Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар немесе гемодиализ қабылдап жүрген пациенттер үшін қолдану тәжірибесі шектеулі және Телмисартан+Амлодипин біріктірілімін сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені амлодипин мен телмисартан гемодиализбен шығарылмайды.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер: пациенттердің осы тобы үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

 

- препараттың белсенді затына және компоненттерінің кез келгеніне немесе дигидропиридин туындыла-рына жоғары сезімталдық

- өт жолдарының обструкциялық аурулары

- бауыр функциясының ауыр дәрежеде бұзылулары

- кардиогенді шок

- сол жақ қарыншаның обструкциялық аортальді стенозы (мысалы, аортальді стеноздың жоғары дәреже-сі)

- жедел миокард инфарктісінен кейінгі жүрек функциясының гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткі-ліксіздігі

- қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м 2 ) пациенттерге құра-мында телмисартан + амлодипин және алискирен бар препараттарды бірге қолдану

- сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

- жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлері, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

 

 

Қауіпсіздік бейініне қысқаша сипаттама:

Өте жиі тіркелген жағымсыз реакциялар бас айналу және шеткері ісінулер болды, ауыр естен танулар сирек туындауы мүмкін.

Ересек пациенттер: Телсартан ® А препаратын күніне бір рет қабылдайды.

Телмисартан препаратының ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне 80 мг және амлодипинде 10 мг болады.

Препарат ұзақ емдеу курсына арналған. Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қабылдау ұсынылмайды, өйткені қан қысымының төмендеу әсерінің артуына әкелетін кейбір пациент-терде биожетімділігі жоғарылауы мүмкін.

Қосымша ем: телмисартанмен немесе амлодипинмен аз дозаларда емдеу артериялық қысымның тиісінше бақылануына әкелмеген пациенттерге Телсартан ® А препаратының 80мг/5мг және 80мг/10мг дозалары қолданылады.

Бекітілген дозалар біріктіріліміне ауысар алдында амлодипин және телмисартан препараты компонент-терінің дозаларын жекелей таңдау ұсынылады. Клиникалық мақсатқа сай болған жағдайда монотера-пиядан бекітілген дозалар біріктіріліміне тікелей ауыстыру қарастырылуы мүмкін.

Амлодипиннің 10мг дозасын қабылдап жүрген, кез келген дозасын қабылдағанда препаратты қабыл-дауды шектейтін жағымсыз реакциялар (мысалы, ісінулер) білінетін пациенттер күніне 1 рет 80 мг/5 мг доза Телсартан ® А препаратын қабылдауға көшуі мүмкін, бұл амлодипин дозасын азайтуға мүмкіндік береді, бірақ гипертензияға қарсы жалпы күтілетін әсерді төмендетпейді.

Орнын алмастыратын ем: телмисартан және амлодипин препараттарын жеке таблеткалар түрінде қабылдаған пациенттер құрамында компоненттердің сол дозалары бар Телсартан ® А препаратын қабылдауға ауысуы, және қолайлы болуы және емдеу режимін сақтау үшін күніне бір рет бір таблетка-дан қабылдауы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер (> 65 жас): дозаны өзгертуді қажет етпейді.

Бүйрек функциясының бұзылуы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз): бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде препарат дозасын өзгерту қажет болмайды. Бүйрек функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы бар пациенттерде немесе гемодиализде жүрген пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Телмисартан/амлодипин препаратын мұндай пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені амлодипин мен телмисартан диализденбейді.

Бауыр функциясының бұзылуы: ТЕЛСАРТАН® А препаратын бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бауыр функциясының әлсізден орташа дәрежеге дейінгі бұзылуы бар пациенттер ТЕЛСАР-ТАН® А препаратын сақтықпен қабылдағаны жөн.

Телмистартанның дозасы күніне бір рет 40 мг-ден аспауы тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер: Телсартан® А препаратын, қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан, 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Қолдану тәсілі: препаратты тамақ ішуге қарамай, сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішке қабылдаған жөн.

 

 

Әзірге Телсартан А 80мг/5мг №28табл Доктор Реддис пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады