Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Детралекс 500мг №30 табл Сервье

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Диосмин, гесперидин
Фармакологиялық топ:
Вазопротекторлар
Элемент коды::
4607159862938
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- вена-лимфалық жеткіліксіздікті (аяқтағы ауырлық, ауыруы, ісінуі және құрысулар) симптоматикалық емдеуде

- геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдарда

- препарат құрамына кіретін белсенді компоненттер немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- лактация кезеңінде

- 18 жасқа дейінгі балалар

Детралекс ® препаратының клиникалық зерттеулер барысында байқалатын жағымсыз әсерлерінің ай-қындығы жеңіл дәрежеде болған. Көбіне асқазан- ішек жолы тарапынан бұзылулар (диарея,диспепсия, жүрек айну, құсу) байқалған.

Детралекс ® препаратын қабылдау кезінде мынадай жағымсыз әсерлер туралы хабарланды, олар ке-лесі градация түрінде: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1 000, <1/100); сирек (≥1/10 000, <1/1 000); өте сирек (<1/10 000), жиілігі анықталмаған (жиілігі қол жетімді деректер бо-йынша саналмайды).

Орталық жүйке жүйесі тарапынан:

Сирек: бас айналу, бас ауыру, жалпы дімкәстік.

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

Жиі: диарея, диспепсия, жүрек айну, құсу.

Жиі емес: колит.

Жиілігі анықталмаған: іштің ауыруы.

Тері жабындары тарапынан:

Сирек: бөртпе, қышыну, есекжем.

Жиілігі анықталмаған: беттің, еріннің және қабақтың оқшауланған ісінуі.

Ерекше жағдайларда ангионевроздық ісіну.

Кез келген, оның ішінде бұл нұсқаулықта айтылмаған жағымсыз реакциялар мен сезімдердің пайда болғаны, сондай-ақ емдеу аясында зертханалық көрсеткіштердің өзгергені жайлы дәрігерге хабарла-ңыз.

Вена-лимфа жеткіліксіздігі кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 2 таблетка (бір немесе екі қабылдауға): таңертең, күндіз және/немесе кешке, тамақтану кезінде. Емдеу курсының ұзақтығы бірнеше ай (тіпті 12 айға шейін) болуы мүмкін. Симптомдар қайтадан туындаған жағдайда, дәрігердің ұсынымы бойынша емдеу курсын қайталауға болады.

Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 6 таблетка (2 таблеткадан күніне 3 рет) 4 күн бойы, одан кейін тәулігіне 4 таблеткадан (2 таблеткадан күніне 2 рет) келесі 3 күн бойы.

Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 2 таблетка.

Әзірге Детралекс 500мг №30 табл Сервье пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады