Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ибуфен мини Юниор 100мг №15капс Санто(акция 10+1)

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 15 капсула
Белсенді зат:
Ибупрофен
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Элемент коды::
07658648563?
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 ₸
Бонустарды сатып алу: 0.25
Қоймада жоқ

Әртүрлі шығу тегіндегі қызбалы жай-күйлер (сонымен бірге вирустық инфекцияларда, вакцинадан кейінгі реакцияда).

Этиологиясы әртүрлі және қарқындылығы жеңілден орташаға дейінгі ауырулар:

- суық тию және тұмау симптомдары кезіндегі ауыру синдромы

- бас ауыру (бас сақинасы да)

- бұлшықет және ревматизм ауырулары

- тіс ауыру

- невралгия

- ортаңғы отит кезінде құлақтың ауыруы

- арқаның ауыруы

- ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттарға жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, қайталамалы мұрын немесе мұрын маңы қойнаулары полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) анамнезде болуы

- асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ау-руы, ойық жаралы колит)

- асқазан-ішектен қан кетулер

- ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішек қан кетуінің немесе тесілуінің анамнезде болуы

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA IV)

- геморрагиялық васкулит

- қан аурулары (қан кетулерге бейімділік, гемофилия, гипокоагуляция)

- бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз ішу салдарынан)

- цереброваскулярлы қан кетулер немесе басқа белсенді қан кетулер

- геморрагиялық диатез, қан түзу жүйесінің түсініксіз бұзылулары

- 4 жасқа дейінгі балаларға

Ибупрофен рецептісіз босатылатын дозаларда қысқа мерзімде қолданылғанда төменде атап көрсетілген жағымсыз әсерлері байқалды.

Басқа көрсетілімдерде ибупрофенді ұзақ уақыт бойы қолдану басқа жағымсыз әсерлерді туғызуы мүм-кін.

Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі бойынша келесі анықтамаларды қолданумен бөлінген: өте жиі: ≥ 1/10, жиі: ≥ 1/100, < 1/10, жиі емес: ≥ 1/1000, < 1/100, сирек: ≥ 1/10 000, <1/1000, өте сирек: <1/10000, жиілігі белгісіз (қолжетімді деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін)

- тері бөртпесімен және қышынумен аллергиялық реакциялар

- іштің ауыруы, жүрек айну, диспепсия

Сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін)

- құсу, метеоризм, диарея, іш қату

- бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық, шаршауды сезіну

Өте сирек (<1/10 000)

- ауыр жоғары сезімталдық реакциялары: беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр шок)

- бронх демікпесі, бронх демікпесінің және бронх түйілуінің өршуі

- пептидті ойық жара, ойық жараның тесілуі немесе асқазан-ішек жолынан қан кету, мелена, қан ара-лас құсу (кейде өліммен аяқталатын, әсіресе, егде жастағы пациенттерде), ойық жаралы стоматит, ойық жаралы колиттің және Крон ауруының өршуі, эзофагит, панкреатит

- көру қабілетінің нашарлауы

- құлақтың шуылдауы

- қан түзу бұзылулары (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз)

- ісінулердің білінуі, артериялық гипертензия, ҚҚСП тобы препараттарын қолданумен байланысты жүрек жеткіліксіздігі

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қан сарысуында мочевина жоғарылауымен және ісінулермен астасқан папиллонекроз (әсіресе, ұзақ уақыт қабылдағанда)

- бауыр функциясының, әсіресе, ұзақ уақыт қолдану кезіндегі бұзылулары, гепатит, сарғаю

- көп формалы эритеманы, уытты эпидермалық некролизді, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, буллезді реакциялар сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері дамуы мүмкін

- асептикалық менингит симптомдары: желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыру, жүрек айну, құсу, қызба немесе бағдардан жаңылу, әсіресе осының алдында аутоиммундық бұзылулары болған пациент-терде (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас ауруы)

- психоздық реакциялар, депрессия.

Клиникалық сынақтар нәтижелерінде, әсіресе, жоғары дозаларда (тәулігіне ≥ 2400 мг) ибупрофен қабылдау мен артериялық тромбоз құбылыстарының аздаған жоғары даму қаупінің (мысалы, миокард инфарктісі және инсульт)

арасында өзара байланыс болу мүмкіндігі жорамалданады.

Жағымсыз әсерлер білінгенде препарат қолдануды тоқтату керек.

Дәрілік препарат дене салмағы 16-дан 39 кг дейінгі 4-тен 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арнал-ған.

Балаларға арналған ибупрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасы 3-4 қабылдауға дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды.

4-тен 5 жасқа дейінгі балалар (19 кг дейін 16 кг): Бастапқы доза - 1 капсула. Артынан, қажет болса, 1 капсуладан 6 сағат сайын.

Ең жоғары тәуліктік доза 4 капсула (400 мг ибупрофен) құрайды.

6-дан 9 жасқа дейінгі балалар (29 кг дейін 20 кг): бастапқы доза – 1-2 капсула. Артынан, қажет болса, 1-2 капсуладан 8 сағат сайын.

Ең жоғары тәуліктік доза 6 капсула (600 мг ибупрофен) құрайды.

10-нан 12 жасқа дейінгі балалар (39 кг дейін 30 кг): бастапқы доза – 1-2 капсула. Артынан, қажет болса, 1-2 капсуладан 6 сағат сайын.

Ең жоғары тәуліктік доза 8 капсула (800 мг ибупрофен) құрайды.

Келесі дозалар арасындағы ең қысқа аралық 6 сағат құрайды.

Дәрілік өнімді ас ішу кезінде немесе ас ішуден соң қабылдау керек. Капсуланы бір стақан сумен ішіп, бүтіндей жұту керек. Капсулаларды шайнауға, соруға немесе ұсақтауға болмайды.

Дәрілік өнімді 3 күннен көп қолдану қажет болған немесе симптомдар күшейген жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Препарат симптоматикалық емдеуге арналған.

Симптомдарды жеңілдетуге қажетті қысқа мерзімде ең төмен тиімді дозада дәрілік өнімді қабылдау жағымсыз әсерлер қаупін төмендетеді.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер:

Бүйрек функциясы жеңілден орташа дәрежеге дейін бұзылған пациенттерде дозаны азайту қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер:

Бауыр функциясы жеңілден орташа дәрежеге дейін бұзылған пациенттерде дозаны азайту қажет емес.

Әзірге Ибуфен мини Юниор 100мг №15капс Санто(акция 10+1) пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады