- өт қалтасындағы холестеринді тастарды еріту үшін
- билиарлы рефлюкс-гастритте
- 6-дан 18 жасқа дейінгі балалардағы муковисцидозбен байланысты гепато- билиарлық бұзылуларда
Кешенді ем құрамында:
- бауырдың бастапқы билиарлы циррозында, декомпенсация белгілері болмағанда
- препарат компоненттеріне немесе өт қышқылдарына аса жоғары сезімталдық
- өт қалтасының немесе өт жүретін түтіктің жедел қабыну аурулары, өт қалтасының эмпиемасы
- өт жүретін түтіктің бітелуі (жалпы өт түтігі немесе өт қалтасы түтіктері)
- бауыр шаншуының жиі көріністері
- рентгеноң (кальций құрамы жоғары) өт тастары
- өт қалтасы жиырылғыштығының бұзылуы
- өт шығару жолдары атрезиясымен балалар: сәтсіз порто-энтеростомия, өттің қалыпты ағымы қалпына келмеген
- 6 жасқа дейінгі балалар
Жиі (≥1/100, бірақ <1/10):
- қамыр тәрізді нәжіс
- диарея
Өте сирек (<1/10ˈ000):
- бастапқы билиарлы циррозды емдеу кезінде оң жақта іш аумағының қатты ауыруы
- өт тастарының кальцийленуі
- бауыр циррозы декомпенсациясы, препаратты тоқтатқаннан кейін ішінара регрессияланатын бастапқы билиарлы циррозды кешеуілдеген сатысында емдеу кезінде.
- есекжем
УРСОЦИД ® ішке, шайнамай, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылданады.
Ұдайы қолдану керек.
Қолданар алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Холестеринді өт тастарын еріту:
Дене салмағының әр кг 10 мг тәуліктік дозасы сәйкес келеді:
дене салмағы 60 кг дейінгі пациенттерге УРСОЦИД ® 2 капсуласына;
дене салмағы 80 кг дейінгі пациенттерге УРСОЦИД ® 3 капсуласына;
дене салмағы 100 кг дейінгі пациенттерге УРСОЦИД ® 4 капсуласына;
дене салмағы 100 кг асатын пациенттерге УРСОЦИД ® 5 капсуласына.
Капсуланы ұйықтар алдында күніне 1 рет қабылдау қажет.
Препаратты қолданғанда өт тастарының еру үдерісінің ұзақтығы 6 айдан 2 жылға дейін созылады. Егер қолданып бастағаннан кейін 12 айдан соң өт тастарының кішірейгені байқалмаса, онда емдеуді жалғас-тырудың қажеті жоқ.
Емдеудің тиімділігін бақылау ультрадыбыстық зерттеу әдісімен немесе рентгендік зерттеулердің көмегі-мен әр 6 ай сайын жүзеге асырылады. Одан кейінгі тексеруде тастар кальцинозы туындамағанын тек-серген жөн. Егер солай болған жағдайда, емдеу тоқтатылуы тиіс.
Билиарлық рефлюкс-гастрит:
1 капсуладан кешке ұйықтар алдында. Емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Тұтас алғанда, қолдану ұзақ-тығы ауру ағымына байланысты болады.
Бастапқы билиарлық цирроз: Препараттың тәуліктік дозасы науқастың дене салмағына байланысты және 3-тен 7 капсулаға дейін өзгеріп тұрады (1 кг дене салмағына 14±2 мг урсодезоксихолий қышқы-лы).
Емдеудің бастапқы 3 айында препаратты қабылдауды күні бойына бөлу керек. Бауыр көрсеткіштері жақсарғаннан кейін препараттың тәуліктік дозасын кешке ұйықтар алдында бір рет қабылдауға болады.
Масса УРСОЦИД®, капсулы 250 мг
тела Первые три месяца В дальнейшем
(кг) (1раз/день) Утро Полдень Вечер
47-62 1 1 1 3
63-78 1 1 2 4
79-93 1 2 2 5
94-109 2 2 2 6
Свыше 100 2 2 3 7
Капсулалар қабылдауды шектеусіз уақытқа жалғастырылуы мүмкін.
Бастапқы билиарлы циррозы бар пациенттерде сирек жағдайларда клиникалық симптомдар емнің басында нашарлауы, мысалы, қышыну жиілеуі мүмкін. Мұндай жағдайда емдеу күнделікті 1 капсуладан қабылдап жалғастырылуы керек, одан әрі дозалаудың ұсынылған режиміне қол жеткізілгенше дозаны біртіндеп (тәуліктік дозаны апта сайын 1 капсулаға көбейтіп) арттырған жөн.
6-18 жастағы балалар
Тәуліктік доза дене салмағына байланысты және тәулігіне 20мг/кг құрайды, қажеттігіне қарай кейіннен тәулігіне 30 мг/кг дейін арттыруға болады.
Вес тела Суточная доза УРСОЦИД®, капсулы 250 мг
(кг) (мг/кг) Утро День Вечер
20 – 29 17-25 1 -- 1
30 – 39 19-25 1 1 1
40 – 49 20-25 1 1 2
50 – 59 21-25 1 2 2
60 – 69 22-25 2 2 2
70 – 79 22-25 2 2 3
80 – 89 22-25 2 3 3
90 – 99 23-25 3 3 3
100 –109 23-25 3 3 4
>110 3 4 4