Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Медрон (Тербинафин) 250 мг №14таб Mедокеми Лтд КИПР

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 14
Белсенді зат:
Тербинафин
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы препараттар
Элемент коды::
5290931004665
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Дерматофиттермен туындаған тері мен тырнақтардың зеңдік зақымдануларында

- кеуде дерматофитиясында

- шап дерматомикозында

- табан дерматофитиясында

- онихомикозда

- белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Бағалау жиілігі: өте жиі ≥10%, жиі ≥1% <10%-ға дейін, жиі емес ≥0.1% <1%-ға дейін, сирек ≥ 0.01% 0.1%-ға дейін, өте сирек <0.01%.

Негізінде, тербинафин жақсы көтерімді.

Жағымсыз әсерлері орташа қалыптыдан қысқамерзімдіге дейін:

- асқазанның толып кету сезімі, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, абдоминальді орташа ауыру, диарея

- бөртпе, есекжем

- бас ауыруы

- артралгия, миалгия

Сирек:

- Стивен-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, фотосенсибилизация, ангионевротикалық ісіну

- сарғаю, холестаз, гепатит

- парестезия, гипестезия, бас айналуы, дімкәстік, вертиго, қажу

Жиі емес:

- дәм бұрмалануы, дәмнің жоғалуы (әдетте қайтымды, препаратты қабылдауды тоқтатқан соң бірнеше аптадан кейін қалпына келеді)

Өте сирек:

- депрессия, мазасыздану

- нейтропения, тромбоцитопения, агранулотицоз

- псориаздың өршуі, терілік немесе жүйелік қызыл жегінің преципитациясы немесе өршуі

Ішке қабылдауға арналған таблеткалар.

Медронды тәулігіне бір рет 250 мг-нан тағайындау ұсынылған.

Емдеу курсының ұзақтығы жұқпаның көрсетілімдері мен ауырлығына байланысты.

Табан дерматофитиясы (башпайаралық, табандық типтері): 2 аптадан 6 аптаға дейін.

Кеуде дерматофитиясы: 4 апта.

Шап дерматомикозы: 2 аптадан 4 аптаға дейін.

Жұқпа белгілері мен симптомдарының толық регрессиясы емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан соң мүмкін.

Онихомикоз (тырнақ пластинасының зеңдік зақымдануы): емдеу курсының ұзақтығы 3-6 ай құрайды.

Жас емделушілерде, тырнақ пластинасы тез өсетін емделушілерде емдеу ұзақтығы 3 айдан аспайтын уақыт құрайды.

Қалған жағдайларда, әдетте 3 ай емдеу жеткілікті.

Сирек жағдайларда, әсіресе, үлкен башпайдың тырнағы зақымдануымен 6 айдан астам емдеу талап етілуі мүмкін.

Тырнақтың зеңдік зақымдануы кезінде толық клиникалық сауығу (зертханалық зерттеумен расталған – тырнақ қырындысын алғанда қоздырғыштың болмауы) емдеу аяқталған соң бірнеше айдан кейін бай-қалады.

Бүйрек қызметінің төмендеуімен емделушілерде (креатинин клиренсі 50мл/мин төмен немесе қан сары-суында креатинин концентрациясы 300 мкмоль/л-ден астам):

препараттың дозасын екі есе азайту ұсынылған.

Егде жастағы емделушілерде: дозалау режимін өзгерту қажеттілігі туралы деректер жоқ. Емделушілердің аталған тобында бауыр немесе бүйрек қызметінің бұзылу мүмкіндігін ескеру қажет.

Әзірге Медрон (Тербинафин) 250 мг №14таб Mедокеми Лтд КИПР пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады