Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Атенолол-ратиофарм 50мг №30табл

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Атенолол
Фармакологиялық топ:
Селективті Бета-адреноблокаторлар.
Элемент коды::
4030096113014
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Атенолол-Тева 50 мг:

- артериялық гипертензия

- стенокардия

- жүрек ырғағының бұзылуы: синустық тахикардия, қарыншаүстілік тахиаритмия профилактикасы, жыпы-лықтайтын тахиаритмия, жүрекшенің дірілдеуі

- атенололға, басқа бета-адренобөгегіштерге немесе басқа қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- жедел жүрек жеткіліксіздігі

- кардиогенді шок

- II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

- синустық түйіннің әлсіздік синдромы

- синоатриялық блокада

- синустық брадикардия (емдеуді бастар алдындағы тамырдың минутына 50-ден аз соғуы)

- артериялық гипотония (систола қысымы сын. бағ. 90 мм аз)

- метаболизмдік ацидоз

- бронх демікпесі

- емделмеген феохромоцитома

- шеткергі қан айналымы бұзылуының кешеуілдеген сатылары

- моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау (МАО-В тежегіштері бұған қосылмайды)

- верапамил және дилтиазем, немесе басқа антиаритмиктер сияқты, кальций өзектерінің блокаторла-рын (мысалы, дизопирамид) бір мезгілде вена ішіне енгізу. Қарқынды емдеу бөлімдеріндегі науқастар бұған қосылмайды.

Клиникалық зерттеулерде мынадай жағымсыз әсерлері туралы хабарланған: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз жиіліктегі жекелеген есептерді қоса (жиілігін қолда бар деректер бойын-ша бағалау мүмкін емес).

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- брадикардия, аяқ-қолдың салқындауы

Сирек

- жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы, естен тануды туғы-зуы ықтимал гипотония (ортостатикалық гипотония), шеткері қантамыр жеткіліксіздігі бар науқастарда симптомдардың нашарлауы (оның ішінде мезгіл-мезгіл ақсаңдауы бар пациенттерде), Рейно синдромы.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Емдеудің басында

- бас айналу, тершеңдік, көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, түнгі қорқынышты түстер

Сирек

- елестеулер, психоздар, сананың шатасуы, сандырақтау, парестезия, бас ауыру, бас айналу, депрес-сиялық көңіл-күй, түнгі қорқынышты түстер

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

Жиі

- іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іштің кебуі, іш қату, іш өту.

Жиі емес

- бауыр трансаминазаларының жоғарылауы, бауырішілік холестаз, гепатит

Қан және лимфа жүйесі тарапынан:

Сирек

- пурпура, тромбоцитопения

Тері және тері асты тіндері тарапынан:

Сирек

- аллергиялық тері реакциялары (қышыну, терінің қызаруы, экзантема), шаштың түсуі

Өте сирек

- псориаз

Белгісіз

- Квинке ісінуі түріндегі аллергиялық реакциялар

Жыныс мүшелері және сүт бездері тарапынан:

Сирек

- либидоның бұзылуы, импотенция, гинекомастия

Тыныс алу мүшелері тарапынан:

Сирек

- диспноэ, бейімділігі бар науқастарда бронх обструкциясы синдромының пайда болуы мүмкін

Көру мүшелері тарапынан:

Сирек

- көрудің бұзылуы, көз жасы безі сөлінісінің азаюы, бұл әсіресе жанаспалы линзалар пайдаланатын науқастарда анықталады

Эндокринология тарапынан:

- латентті қант диабетінің манифестациясы немесе ағымдағы қант диабеті бар науқастар жағдайының ауырлауы

Липидтік алмасудың бұзылуы:

- жалпы холестерин қалып шегінде болатын кезде тығыздығы жоғары липопротеидтер деңгейі азаяды және плазмадағы триглицеридтер деңгейі жоғарылайды

Жиілігі белгісіз

Люпус тәрізді синдром, антинуклеарлық антидененің жоғарылауы

Атенолол-Тева 25 мг препаратының дозасын және емдеу ұзақтығын, емдік нәтижеге жетуге қарай, ем-деуші дәрігер әркімге жеке белгілейді.

Функционалдық кардиоваскулярлық бұзылулар (гиперкинетикалық кардиальді синдром, артериялық қысым реттелуінің функционалдық бұзылулары)

Атенолол-Тева 25 мг 1 таблеткадан немесе Атенолол-Тева 50 мг ½ таблеткасы

Созылмалы тұрақты және тұрақсыз стенокардия

Тәулігіне 50-100 мг атенолол (Атенолол-Тева 50 мг 1-2 таблеткасы).

Артериялық гипертензия

Емдеуді, әдетте, 50 мг атенололды бір рет қолданудан бастайды (Атенолол-Тева 50 мг 1 таблеткасы). Қажет болса, күндізгі дозаны бір аптадан соң 100мг дейін көбейтеді (Атенолол-Тева 50мг 2 таблетка-сы).

Суправентрикулярлық (қарыншаүстілік) және вентрикулярлық {қарыншалық) аритмиялар

Атенолол 50мг-ден тәулігіне 1-2 рет тағайындалады (Атенолол-Тева 50мг 1-2 таблеткадан).

Атенолол-Тева 50 мг қабылдау жүректің жиырылу саны төмендеген және/немесе артериялық қысым немесе басқа асқынулар пайда болған жағдайда дереу тоқтатылуы тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылулары

Креатинин клиренсі (КК) минутына10-30 мл құрайды, атенолол дозасын ұсынылуынан екі есе азайтуға болады. Егер КК минутына 10 мл-ден аз құраса, атенолол дозасын ұсынылуының ¼ бөлігіне дейін аз-айтуға болады.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны азайту бүйрек функциясы жеткіліксіздігімен байланысты.

Балалар

Осы препаратты балаларда қолдану тәжірибесі жоқ.

Атенолол-Тева 25 мг, 50 мг тамақтану алдында жеткілікті сұйықтық мөлшерімен (мысалы, сумен) іше отырып, шайнамастан, ішке қабылданады.

Препаратты күтпеген жерден тоқтату немесе емдеудегі үзілістер стенокардия мен артериялық гипер-тензияның өршуімен жүрек ишемиясын туғызуы немесе тіпті миокард инфарктісіне түрткі болуы мүмкін.

Сондықтан препаратты тоқтату және дозаны төмендету сатылы түрде баяу жүзеге асуы тиіс.

Әзірге Атенолол-ратиофарм 50мг №30табл пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады