Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Стрепсилс интенсив №24таб д/расс мед/лимон Рекитт Бенкизер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 24
Белсенді зат:
Флурбипрофен
Фармакологиялық топ:
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
5000158107144
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну аурулары кезінде тамақ ауыруын симптоматика-лық емдеуде

- флурбипрофенге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қолдануға жауап ретінде аса жоғары се-зімталдық реакциялары (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, Квинке ісінуі, есекжем) болуы

- асқазан-ішек жолы ағзаларының эрозиялы-ойық жара аурулары немесе өршу фазасында немесе анамнезде ойық жарадан қан кетуі (ойық жара ауруының немесе ойық жарадан қан кетудің екі немесе одан көп расталған көріністері) 

- ҚҚСП қолдану түрткі болған, анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан қан кету немесе ойық жараның тесілуі (соның ішінде ауыр дәрежедегі ауыр колит, геморрагиялық және гемопоэздік бұзылыстар)

- ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың белсенді фазадағы ауруы

- ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі

- теңгерілмеген жүрек жеткіліксіздігі; аортокоронарлық шунттау жүргізгеннен кейінгі кезең

- фруктозаны туа біткен көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Флурбипрофен қабылдаған пациенттерде емделу кезеңінде де, емді тоқтатқаннен кейін де 2 апта бойы туындаған жағымсыз реакциялар туралы келесі жиілікте байқалған: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000, <1/100), сирек (≥ 1/10 000, <1/1000), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес):

Жиі

- бас айналу, бас ауруы, парестезия

- диарея, ойық жара стоматиті, жүрек айну, ауыз қуысының ауыруы, ауыз қуысы парестезиясы, тамақ-тың тітіркену, жұтқыншақтың ауыруы, ауыз қуысындағы жайсыздық (ауызда жылылықты немесе шы-мылдатып ашытуды немесе шаншуды сезіну)

Жиі емес

- температураның жоғарылауы, ауыру

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- демікпенің және бронх түйілуінің асқынуы, диспноэ, қырыл, жұтқыншақта күлдіреуіктің түзілуі, жұт-қыншақ гипестезиясы

- іш кебу, іш ауыруы, іш қату, ауыздың кебуі, диспепсия, метеоризм, глоссодиния, дисгевзия, ауыз қу-ысының дизестезиясы, құсу

- әртүрлі тері бөртпесі, қышыну

Белгісіз

- ісіну, гипертония және жүрек жеткіліксіздігі

- гепатит

- буллезды реакциялар, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермиялық некролиз сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері

- анемия, тромбоцитопения

Сирек

- анафилаксиялық реакция

Ерекше реакциялар туындаған жағдайда препаратты ары қарай қолдану қажеттілігі туралы дәрігерден кеңес алу керек.

Ауыз қуысында соруға арналған.

12 жастан асқан балалар, ересектер, егде жастағылар: әр 3-6 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 5 таблеткадан артық қабылдауға болмайды. Емдеу курсы 3 күн.

Егде жастағы пациенттер. Осы жас тобындағыларға қолдану жөніндегі деректер шектеулі, алайда, егде жастағы пациенттер жағымсыз құбылыстардың даму қаупінің жоғары тобына жатады.

Бауыр жеткіліксіздігі. Жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препарат дозасын түзету қажет емес.

Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге флурбипрофенді қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препа-рат дозасын түзету қажет емес.

Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге флурбипрофенді қолдану ұсынылмайды.

Препаратты барынша қысқа курспен және симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдау қажет.

 

Әзірге Стрепсилс интенсив №24таб д/расс мед/лимон Рекитт Бенкизер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады