Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Имодиум 2мг № 12 капс Янссен-Силаг

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 12 капсула
Белсенді зат:
Лоперамид
Фармакологиялық топ:
Диареяға қарсы препараттар.
Элемент коды::
3574661499017
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- жедел және созылмалы диареяда

- илеостомасы бар науқастарда нәжісті реттеуге

- Лоперамидке және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- Имодиум ® препаратын бірінші желі препараты ретінде пайдалануға болмайды:

- жедел дизентериясы бар, нәжісте қан пайда болуымен сипатталатын және жоғары температурасы болатын пациенттерде;

- жедел спецификалық емес ойық жаралы пациенттерде;

- сальмонелла, шигелла және кампилобактерияларды қоса, инвазивті микроорганизмдерден туындаған бактериялық энтероколиті бар пациенттерде;

- кең ауқымды антибиотиктер пайдалануға байланысты жалған жарғақшалы колиті бар пациенттерде.

- ішек бітелісі, мегаколон немесе уытты мегаколон (оның ішінде қажет болғанда күрделі асқынулар бо-лу мүмкіндігі қаупінен ішек перистальтикасы жиырылуы бәсеңдеуінен аулақ болу керек)

- 18 жасқа дейінгі балалар

- жүктіліктің I триместрі

- лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.

Іш қату, іштің желденуі немесе ішек бітелісі пайда болған жағдайда Имодиум препаратын дереу тоқтату қажет.

Сақтықпен:

бауыр жеткіліксіздігінде

Жағымсыз реакциялар жиілігі мынадай тәсілге сәйкес жіктелген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1000), өте сирек (<1/10000, жеке мәлімдеулерді қоса)

Жедел диарея

Жиі:

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас ауыруы

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: іш қатуы, метеоризм, жүрек айнуы

Жиі емес:

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас айналуы

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: ауыз құрғауы, іштің ауыруы, құсу, іш аумағындағы жайсыздық, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іштің кебуі

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: бөртпе

Созылмалы диарея

Жиі:

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас айналуы

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: іш қатуы, метеоризм, жүрек айнуы

Жиі емес:

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас ауыруы

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: ауыз құрғауы, іштің ауыруы, құсу, іш аумағындағы жайсыздық, диспепсия.

Имодиум ® қолданудағы постмаркетингтік бақылау барысында алғаш анықталған жағымсыз реакция-лар:

Өте сирек:

Иммунды жүйе тарапынан бұзылулар: аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксиялық ре-акция (анафилаксиялық шокты қоса) және анафилактоидты реакция

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: қимыл үйлесімінің бұзылуы, сана деңгейінің төмендеуі, бұл-шықет гипертониясы, естен тану, ұйқышылдық, мелшию

Көру мүшелері тарапынан бұзылыстар: миоз

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: ішек бітелісі (салдануды қоса), мегаколон (уытты мегаколонды қоса)

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: ангионевроздық ісіну, буллезді бөртпе (Сти-венс-Джонсон синдромын қоса, уытты эпидермальді некролиз және көп түрлі эритема), қышыну, есек-жем

Бүйрек және несеп шығару жолдарының бұзылулары: несеп бөлудің іркілісі

Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар: қажу

Ішке.

Ересектер, оның ішінде егде жастағылар:

Жедел диарея: бастапқы доза - 2 капсула (4 мг), мұнан ары қарай үлкен дәрет сұйық болған жағдайда әр дефекация актісінен кейін 1 капсуладан (2 мг) (көп дегенде тәулігіне 8 мг дейін).

Созылмалы диарея: бастапқы доза – тәулігіне 2 капсула (4 мг); әдетте бұл доза ары қарай үлкен дәрет жиілігі 1-2 рет болатындай жекелей түзетіледі, бұған тәулігіне 1-ден 4 капсулаға дейінгі демеуші доза болғанда қол жеткізіледі.

Ең жоғары тәуліктік доза. Жедел және созылмалы диареяда - 4 капсула (8мг).

Үлкен дәрет қалпына келгенде немесе дәреті 12 сағаттан аса болмаған жағдайда препаратты тоқтатады.

Әзірге Имодиум 2мг № 12 капс Янссен-Силаг пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады