Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Нурофен 100мг/5мл 150мл сусп.клубника Рекитт Бенкизер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Ибупрофен
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
5000158071711
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

3 айлықтан 12 жасқа дейінгі балаларға ауырғанды басатын және ыстықты түсіретін симптоматикалық дәрі ретінде (ауырлығы әлсіз және орташа дәрежедегі ауыру синдромында) келесі жай-күйлерде:

- жедел респираторлық ауруларда (суық тию, тұмау)

- егуден кейінгі реакцияларды қоса, дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін инфекция-лық-қабыну ауруларында

- бас және тіс ауруында

- тамақ ауруында және тіс жарып шыққанда

- созылулар кезіндегі ауыруларда және басқа да ауыру түрлерінде

- әсер етуші затына немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар-ды (ҚҚСП ) қабылдауға жауап ретіндегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (бронх демікпесі, ринит, Квинке ісінуі, есекжем)

- белсенді фазадағы немесе анамнездегі қайталанған пептидтік ойық жара/қан кету (расталған ойық жа-ра ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан көп айқын көріністері)

- анамнезінде ҚҚСП емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілулер болғанда

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі, бүйрек және бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- жүктіліктің III триместрі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- 3 айға дейінгі балаларға

- дене салмағы 5 кг аз болса

Жағымсыз әсерлері көбінесе дозасына тәуелді болып табылады. Төменде аталған жағымсыз реакция-лар ибупрофенді тәулігіне 1200 мг-ден аспайтын дозаларда аз уақыт қабылдаған кезде байқалған. Созылмалы жай-күйлерді емдегенде және ұзақ уақыт қолданған кезде басқа да жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігіне төмендегі критерийлердің негізінде баға берілді: Өте жиі (≥1/10), Жиі (≥1/100,<1/10), Жиі емес (≥1/1000,<1/100), Сирек ( ≥ 1/10 000,<1/1000), Өте сирек (<1/10 000), Жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен баға беру мүмкін емес).

Жиі емес:

- аллергиялық реакциялар, есекжем, терінің қышынуы, әртүрлі тері бөртпелері

- іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, бас ауыруы

Сирек:

- құсу, метеоризм, диарея, іш қату

Өте сирек:

- ауыр дәрежедегі аса жоғары сезімталдық реакциялары: беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, та-хикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр шок)

- бронх демікпесі, бронх демікпесінің және бронхтың түйілуінің өршуі

- пептидтік ойық жара, ойық жараның тесілуі немесе асқазан-ішек жолынан қан кету (АІЖ), мелена, қан құсу (кейде өліммен аяқталатын, әсіресе егде жастағы пациенттерде) ойық жаралы стоматит, гас-трит

- ойық жаралы колиттің және Крон ауруының өршуі

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, сарысуда мочевинаның көбеюімен және ісінулермен астасқан папил-лонекроз (әсіресе ұзақ қабылдау кезінде)

- қан түзілуінің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз). Бірінші симптомдары: қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысындағы беткейлік ойық жаралар, тұмау тәрізді симптомдар, айқын әлсіздік, түсініксіз қан кету және қанталаудың білінуі болып табылады.

- бауыр функциясының бұзылуы

- көп формалы эритеманы, уытты эпидермалық некролизді, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, буллезді реакциялар сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері дамуы мүмкін

Осының алдында аутоиммундық бұзылулары болған (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас аурула-ры) пациенттерде ибупрофенмен емдеу кезінде желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек ай-ну, құсу, қызба немесе бағдардан адасу сияқты асептикалық менингит симптомдарының бірен-саран жағдайлары байқалды.

ҚҚСП емдеумен байланысты ісінулер, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігінің дамуы туралы хабарланды.

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, әрігерге көріну керек.

Ибупрофенді жоғары дозаларда (тәулігіне ≥ 2400 мг) қабылдаған кезде және ұзақ емдеу курсында миокард инфарктісі немесе инсультті қоса, тромбоздық асқынулардың даму қаупі аздап артқаны тура-лы хабарлар бар.

Ішке қабылдауға арналған. Тек қана қысқа мерзімдік қолдану үшін. Егер препаратты ұзаққа созылмай-тын уақыт аралығында, симптомдарды жоюға қажетті ең аз тиімді дозасында қабылдаса, жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін барынша азайтуға болады.

Балаларға арналған Нурофен ® препаратының тәуліктік дозасы әр 6-8 сағат сайын бөлінген дозалар арқылы дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды (қабылдау аралығындағы ең аз уақыт – 4 сағат). Дозалау үшін өлшегіш шприцті пайдаланыңыз.

Балаларға жасына қарай:

3-6 айлық (баланың салмағы 5-тен 7,6 кг дейін): 24 сағат ішінде 3 рет 2,5 мл-ден.

6-12 айлық (баланың салмағы 7,7-ден 9 кг дейін): 24 сағат ішінде 3-4 рет 2,5 мл-ден.

1-3 жас (баланың салмағы 10-нан 16 кг дейін): 24 сағат ішінде 3 рет 5,0 мл-ден.

4-6 жас (баланың салмағы 17-ден 20 кг дейін): 24 сағат ішінде 3 рет 7, 5 мл-ден.

7-9 жас (баланың салмағы 21-ден 30 кг дейін): 24 сағат ішінде 3 рет 10 мл-ден.

10-12 жас (баланың салмағы 31-ден 40 кг дейін): 24 сағат ішінде 3 рет 15 мл-ден.

Егуден кейінгі реакциялар (иммунизациядан кейінгі қызба)

1 жасқа дейінгі балаларға 2,5 мл (бір шприц).

1 жастан асқан балаларға, қажет болған жағдайда, 6 сағаттан кейін тағы 2,5 мл (бір шприц).

24 сағат ішінде 5 мл-ден артық қолдануға болмайды!

Емдеу ұзақтығы:

Ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен асырмау керек.

Келесі жастағы балаларда медициналық көмекке жүгіну керек:

3-6 айлық – баланың жағдайы нашарлағанда (және 24 сағаттан кешіктірмей), егер симптомдар жалға-сатын болса;

6 айдан асқан - баланың жағдайы нашарлағанда (және 3 тәуліктен кешіктірмей), егер симптомдар жалғасатын болса.

Өлшегіш шприцті пайдалану:

1. Шприцті құтының аузына тығыз кигізіңіз.

2. Суспензияны жақсылап шайқаңыз.

3. Құтыны төңкеріңіз де, суспензияны шприцтің қажетті белгісіне дейін толтырғанша поршеньді төмен қарай баяу тартыңыз.

4. Құтыны бастапқы қалпына қойыңыз, ұқыпты түрде бұрай отырып, шприцті суырып алыңыз.

5. Шприцті баланың ауыз қуысына кіргізіп, суспензияны ақырын шығара отырып, поршеньді баяу ба-сыңыз.

Пайдаланып болған соң шприцті жылы сумен жуыңыз және баланың қолы жетпейтін орында кептіріңіз.

Әзірге Нурофен 100мг/5мл 150мл сусп.клубника Рекитт Бенкизер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады