Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Порталак сироп 667мг/мл 500мл №1 Белупо

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Сироп
Белсенді зат:
Лактулоза
Фармакологиялық топ:
Іш жүргізетін препараттар
Элемент коды::
3850343024945
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 375 ₸
Бонустарды сатып алу: 47.50
Қоймада жоқ

- іш қатқанда (тоқ ішектің физиологиялық ырғағын реттеу)

- медициналық мақсатта нәжістің жұмсаруын қажет ететін жағдайларда (геморрой, тоқ ішек және пери-анальді аймаққа жасалған операциядан кейінгі жағдайларда)

- бауыр энцефалопатиясында (бауыр комасын немесе прекомасын емдеуде және профилактикасында)

- лактулозаға немесе лактулозаға тектес сахаридтерге (лактоза, галактоза) жоғары сезімталдық, галакто-засыз емдәм (галактоземия) ұстанатын пациенттер

- ішек бітелісі, тесілу немесе асқазан-ішек жолының тесілу қаупі

Өте жиі (≥1/10)

- іштің аздап ауыруы

- метеоризм, емдеудің басында іштің кебуі

Жиі (≥1/100, <1/10)

- жоғары дозада қабылдаған кезде жүрек айнуы, құсу және диарея

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- бауыр энцефалопатиясын емдегенде гипернатриемия.

Лактулозамен емдеу барысында болатын жағымсыз құбылыстар елеусіз және уақытша болып келеді, жә-не ол дозаны шамадан тыс қабылдау салдары болып табылады. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтатудың қа-жеті жоқ, дозаны азайтқанның өзі жеткілікті.

Құрысуларда, жайсыздықтарды немесе іштің ауыруын және диареяны дозаны азайту арқылы қайтаруға болады. Емдеудің басында пайда болатын метеоризм және іштің кебуі, әдетте бірнеше күннен кейін қай-тады.

Лактулозаның өте тәтті дәмі кейбір пациенттерде (өте сирек) жүректің айнуын және құсықты туғызуы мүмкін.

Нұсқалған жағымсыз әсерлерді дәрілік затты сумен, көкөніс шырынымен қабылдаған кезде немесе тағам қабылдау кезінде жұмсартуға болады.

Лактулозаның үлкен дозасын ұзақ қабылдау (бауыр энцефалопатиясын емдеу) судың және электролиттік теңгерімінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Препараттың дозасын емнің әсеріне қарай әр адамға жекелей белгілейді.

Порталакты суда немесе көкөніс шырынымен сұйылтылмаған немесе сұйылтқан түрде қабылдауға бо-лады. Порталакты тағам қабылдауға байланыстырмай-ақ, немесе йогуртпен, дәнді дақылдармен және т.б бірге қабылдауға болады.

Іш қатуын емдеу және нәжісті жұмсарту үшін

Порталак әдетте күніне бір рет (мысалы, таңертеңгісін, таңғы ас уақытында) қабылданады. Іш жібітетін әсер Порталакты қолданғаннан кейін 2 сағаттан соң байқалуы мүмкін, бірақ, әдетте дәрінің бастапы әсер етуі үшін 24-тен 48 сағатқа дейінгі уақыт қажет. Егер дәрінің әсері оны қабылдағаннан бастап екі күннің ішінде әсер етпесе дозаны арттыруға болады.

Порталак дозасын күніне 1-2 реттік жұмсақ нәжістің есебінен ұсынылған дозаның негізіне байланысты анықтау керек. Диарея пайда болған жағдайда дозаны азайту немесе дәріні тоқтату керек.

Егер Порталакпен бірапталық емнен кейін іш қату қайтпаса, дәрігерге қаралу керек.

                      Дозаны анықтау мынадай кесте көмегімен орындалады:

 

         Жасы                               Бастапқы доза,күніне                     Демеуші доза, күніне

      Ересектер                               15 - 45 мл шәрбат                                  15 - 30 мл шәрбат                                                                       (1-3 ас қасық)                                      (1-2 ас қасық)

 7-14 жастағы балалар                   15 мл шәрбат                                        10 - 15 мл шәрбат                                                                       (1 ас қасық)                                         (2-3 шай қасық)

   1-6 жастағы балалар                   5 - 10 мл шәрбат                                   5 - 10 мл шәрбат                                                                       (1-2 шай қасық)                                    (1-2 шай қасық)

         Сәбилер                                 5 мл шәрбат                                           5 мл шәрбат                                                                           (1 шай қасық)                                         (1 шай қасық)

Бір айға дейінгі балаларға (жаңа туылған нәрестелер) дәріні дозалау туралы деректер жоқ. Ересек па-циенттерге арналған дозалау режимі қандай болса егде жастағы пациенттер үшін де солай қолданыла-ды.

Қолдану ұзақтығы

Лактулозаны ұзақ уақыт қабылдаудың зияны туралы мәліметтер жоқ. Іш қату ауру симптомы болуы мүмкін болғандықтан, оның себебін анықтау керек. Лактулозаны ұзақ қабылдау тек іш қатуының басқа себептерін жоққа шығарғанда ғана негіз болып табылады. Дозалау сызбасының қажеттілігін дәрігер анықтау керек.

Ересектерде бауыр комасын және прекомасын емдеу үшін 30-50 мл шәрбатты (2-3 ас қасық) күніне үш рет қабылдау керек.

Дозаны жеке дара күніне 2-3 реттік жұмсақ нәжісті есепке ала отырып анықтау керек. Ұсынылатын нә-жістің рН-факторы 5,0-ден 5,5-ке дейінді құрауы тиіс. Осы көрсетілімдер бойынша балаларға арналған дозалау туралы мәлімет жоқ.

Әзірге Порталак сироп 667мг/мл 500мл №1 Белупо пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
2375 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады