Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Неофен 50мг/г 50мл спрей (ибупрофен) Белупо

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Спрей
Белсенді зат:
Ибупрофен
Фармакологиялық топ:
Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Элемент коды::
3850343024990
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- арқаның ауыруы, ревматизмдік және бұлшықеттің ауыруы, байламдар созылуы, буынның шығуы мен невралгияны қоса, тірек-қимыл аппаратының ауыруы мен қабынуларын жергілікті емдеуде

- жеңіл артрит түрлерінде ауыруды симптоматикалық жеңілдетуде.

Препаратты мынадай жағдайларда қолануға болмайды:

- ибупрофенге немесе препарат құрамындағы қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- бұрын ацетилсалицил қышқылына, ибупрофенге немесе қабынуға қарсы стероидты емес препаратқа аса жоғары сезімталдығы байқалған демікпесі, аллергиялық риниті немесе есекжемі бар пациенттерге

- тері зақымдануында

- жүктілік және лактация кезеңі

Ибупрофенді қолданғанда төменде аталған жағымыз құбылыстар сезімталдығы жоғары адамдарда өте сирек туындайды, сондықтан жергілікті қолданғанда ықтималдығы айрықша төмен. Мұндай жағдайларда препарат қолдануды бірден тоқтату қажет.

Жалпы бұзылулар және препаратты қолданған орындағы реакциялар

Аса жоғары сезімталдық реакциясы төмендегі түрінде анықталады:

- спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық шок

- демікпе, демікпе кезіндегі жай-күйдің нашарлауы, бронх түйілуі немесе диспноэ

- типтері әртүрлі бөртпе, қышыну, есекжем, пурпура, Квинке ісінуі және жиілігі аздау – буллезді дерматоз (эпидермальді некролиз және erythema multiforme)

Бүйрек функциясы мен несеп шығару жүйесінің бұзылуы

- анамнезде бүйрек аурулары бар пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы туындауы мүмкін.

Ас қорыту жүйесінің бұзылуы

- іштің ауыруы, диспепсия

Препарат сыртқа қолдануға арналған.

Спрей бар құтыны шашыратқышын жоғары немесе төмен етіп, тігінен тұрған қалпында сақтау қажет. Спрейді теріге 10-15 см арақашықтықта жағады. Әрбір 2-3 басудан кейін препаратты тікелей ауыру айма-ғының үстіне және оның айналасына теріге жеңіл ғана ысқылайды. Жағатын препараттың дәл мөлшері ауыру аймағы мен ауырлығына байланысты құбылып отыруы мүмкін, алайда 5-10 басу (1-2 мл) әдетте жеткілікті.

Көрсетілген мөлшерді күніне 3-4 рет немесе қажет болса, жиірек қолдануға болады. Шамадан тыс үлкен дозаларды қолдану ұсынылмайды. Қолдың ауырғанын емдеу үшін қолданатын жағдайларды қоспағанда, препаратты қолданғаннан кейін қолды жуу керек. Емдеу ұзақтығы емдеу дәрігер ұсынымы бойынша жал-ғастыратын жағдайларды қоспағанда, бірнеше аптадан аспауы тиіс.

Препаратты дозалау мен қолдану режимі барлық жастағы пациенттерді емдеуде бірдей болады, алайда осы үшін дәрігердің ұсынымы болатын жағдайларды қоспағанда, спрей түріндегі ибупрофен 12 жастан кіші балаларды емдеуге ұсынылмайды.

 

Әзірге Неофен 50мг/г 50мл спрей (ибупрофен) Белупо пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады