Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Блогир -3 5мг №10 табл (дезлоратадин) Белупо

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Дезлоратадин
Фармакологиялық топ:
Жүйелік әсер ететін басқа да антигистаминдік препараттар.
Элемент коды::
3850343027984
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Мыналармен байланысты симптомдарды бәсеңдету үшін:

- аллергиялық ринит

- есекжем

- дезлоратадинге немесе препарат құрамындағы басқа компоненттерге немесе лоратадинге жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

- фенилкетонурия

Жиі  (≥1/100-ден  <1/10 дейін)

- бас ауыру

- ауыздың құрғауы

- қажу/әлсіздік

Өте сирек (<1/10 000)

-   елестеулер

-   бас айналуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, психомоторлық аса жоғары белсенділік, құрысулар

-   тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі

-   іш аймағының ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диспепсия, диарея

-   бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы, гепатит

-   миалгия

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксия, Квинке ісінуі, ентігу, қышыну, бөртпе, есекжем)

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес):

- аномальді мінез-құлық, озбырлық

- QT аралығының ұзаруы

- сарғаю

- фотосезімталдық

- астения

- салмақтың артуы

- тәбеттің артуы

Балалар

Бала жасындағы пациенттерде тіркеуден кейінгі кезең ішінде байқалған басқа да жағымсыз құбылыстар QT аралығының ұзаруын, аритмияны, брадикардияны, аномальді мінез-құлық пен озбырлықты (жиілігі белгісіз) қамтыған.

 

Ішке, ас ішуге байланыссыз. Пішінді ұяшықты қаптаманы абайлап ашып, таблетканы сындырып алмай алу керек. Соруға арналған таблетканы тілге салады, ол онда ериді, содан соң сумен немесе басқа сұйықтықпен ішпей, оны сілекеймен бірге жұтады. Таблетканы пішінді ұяшықты қаптаманы ашқаннан кейін бірден қабылдау керек.

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер: тәулігіне 1рет соруға арналған  1 таблеткадан (5мг).

Маусымдық  (интермиттациялайтын) аллергиялық ринитте (аптасына 4 күннен аз немесе жылына 4 апта-дан аз уақытқа созылатын симптомдар  болғанда) ауру ағымын  бағалау қажет. Симптомдар жоғалғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек, симптомдар екінші қайтара пайда болғанда препаратты қабыл-дауды жаңғырту қажет.

Жыл бойғы (персистирлейтін) аллергиялық ринитте (аптасына 4 күннен көп немесе жылына 4 аптадан көп уақытқа созылатын симптомдар  болғанда) дәрілік препаратты аллергеннің экспозициясы кезеңі бойына қабылдау керек.

Балаларда қолданылуы

Препараттың 12 жастан кіші балаларда қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Әзірге Блогир -3 5мг №10 табл (дезлоратадин) Белупо пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады