Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Левояпс 5мг/мл 5мл капли гл Балканфарма-Разград

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Левофлоксацин
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
3800714810004
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- 8 жастан бастап және одан асқан пациенттерде левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер туындат-қан көздің беткейлік бактериялық инфекцияларын емдеуде

- хирургиялық және лазерлік операциядан кейінгі асқынулар профилактикасында

- дәрілік зат левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қандай да бір қосымша затқа, мысалы бензалконий хлоридіне аса жоғары сезімталдық

- 8 жасқа дейінгі балалар

Жағымсыз әсерлері науқастардың шамамен 10%-да пайда болуы мүмкін. Жағымсыз әсерлер, әдетте, жеңіл немесе орташа түрде көрініс береді, өткінші сипат алады, әрі әдетте офтальмологиялық белгі-лермен шектеледі.

Препарат құрамында консервант ретінде бензалконий хлориді бар, ол белсенді зат сияқты жанаспалы дерматитті, көздің тітіркенуін немесе олардың қоса болуын туындатуы мүмкін.

Жағымсыз реакцияларды жіктеу үшін олардың пайда болу жиілігі негізінде мынадай реттілік пайдала-нылған: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес.)

Жергілікті

Жиі:

- көзді ашытуы

- көру өткірлігінің төмендеуі

- көзден шығатын былшық түріндегі шырышты бөліністер

Жиі емес:

- қабақтың жабысып қалуы

- блефарит

- хемоз

- конъюнктивалық папиллярлық реакция

- қабақтың ісінуі

- көздегі жайсыздық

- көздің қышынуы және ауыруы

- конъюнктива гиперемиясы

- конъюнктива фолликуласы

- көздің құрғауы

- қабақ эритемасы

- фотофобия

Клиникалық зерттеулерде мөлдір қабықта шөгуі анықталған.

Иммун жүйесінің бұзылулары

Жиі емес:

- жалпы аллергиялық реакциялар, тері бөртпесін қоса

Өте сирек:

- анафилаксия

Жүйке жүйесінің бұзылулары

Жиі емес:

- бас ауыруы

Тыныс алу жүйесіндегі бұзылулар

Жиі емес:

- ринит

Өте сирек:

- көмейдің ісінуі

Қолданылуы

Барлық пациенттер үшін – алғашқы 2 күнде зақымданған көзге (екі көзге) 1-2 тамшы ерітіндіні әрбір 2 сағат сайын тамызады, бірақ ояу жүретін кезеңде күніне 8 реттен көп емес. Содан соң 3-шіден 5-ші күнге дейін күніне 4 реттен тамызады. Әдеттегі емдеу ұзақтығы 5 күн. Кейбір жағдайларда емдеу кур-сының 2 аптаға дейін ұзартылуы мүмкін.

Тамшыларды конъюнктивалық қалтаға тамызады, әрі дәрінің мұрын шырышты қабығы арқылы жүйелік сіңуін және жергілікті әсерінің күшеюін болдырмас үшін, тамызғаннан кейін мұрын-жас өзегін 2-3 минут бойы саусақпен қысу керек.

Көзге жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде пайдаланғанда оларды қолдану арасындағы аралық кем дегенде 15 минут болуы қажет. Егер пациент бір мезгілде көзге ар-налған жақпамайды пайдаланатын болса, онда оны кезекте соңынан жағады.

Көзге тамызатын дәрілерді тамызардың алдында жанаспалы линзаларды көзден алып тастау қажет, оларды тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайта кигізуге болады.

Тамшылатқышты және ерітіндіні ластап алмау үшін тамшылатқыштың ұшы қабақтарға және көз айнала-сындағы тіндерге тиіп кетпеуі тиіс.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, ұзақтығына, аурудың клиникалық және бактериологиялық ба-рысына байланысты.

Балалар

Жаңа туған нәрестелерде мөлдір қабықтың ойық жарасы мен офтальмияны емдеген кезде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты Левояпс көзге тамызатын дәрісін 1 жастан кіші балаларда қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы адамдарда қолданылуы

Ұсынылатын дозаны өзгерту қажет етілмейді.

Әзірге Левояпс 5мг/мл 5мл капли гл Балканфарма-Разград пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады