Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Белифрин 25мг/мл 5мл капли гл. Belinda

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Фенилэфрин
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
3800714834413
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Фенилэфрин тікелей әсер ететін симпатомиметик, оны жергілікті көзге қолданғаннан кейін мидриазға әкеп соғады. Тамыртарылтқыш және іркілуге қарсы әсері бар.

Препаратты көздің қарашығын ұлғайту үшін диагностикалық және/немесе емдік процедураларда қолда-нады:

- увеитте – артқы синехияны ажырату немесе олардың пайда болуына жол бермеу мақсатында

- хирургиялық араласуларда

- циклоплегиясыз рефракцияны зерттеу үшін

- көз түбін тексеріп қарағанда және басқа диагностикалық процедураларда.

- фенилэфринге немесе қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдықта

- жүрек ауруларында (ауыр жүрек –тамыр жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзы-луы, тұрақты емес стенокардия, жедел және жедел жуық миокард инфарктісі және т.б.)

- артериялық гипертензияда

- тахикардияда

- аневризмде (қарыншалық аневризмде, аорта аневризмі, ми тамырларының аневризмінде және т.б.)

- тиреотоксикозда

- бұрыннан бар инсулинге тәуелді қант диабетінде

- МАО тежегіштерін, трициклді антидепрессанттарды және гипотензиялық дәрілерді қабылдауда (бета блокаторларды қоса)

- жабықбұрышты глаукомада (бұрынғы иридэктомия жағдайларын қоспағанда) және мидриаздық дәріле-рді қолданғанда глаукома дамуына бейімділігі жоғары тар АКБ бар пациенттерде

- дене салмағы төмен шала туылған нәрестелерде

- хирургиялық араласу барысында мөлдір қабықтың эпителий бөгеті бұзылғанда

- 8 жасқа дейінгі балаларға.

Жиілігі белгісіз:

- ауыру, тітіркену, уақытша бұлдырап көру және көрудің басқа да бұзылулары, фотофобия, конъюнк-тиваның жоғары сезімталдығы, аллергиялық реакциялар, көз гиперемиясы

- аллергиялық блефароконъюнктивит жағдайлары туралы хабарлар бар – реакция әдетте препаратты қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң басталады және шамамен 12 сағат жалғасады, ал регрессия бір-тіндеп 72 сағаттан соң шегінде болады

- пальпитация, тахикардия, экстрасистолалар, жүрек аритмиясы және гипертония

- коронарлы артериялардың түйілуі, қарыншалық аритмия, тахикардия және миокард инфаркті сияқты күрделі жүрек бұзылулары. Бұл жағымсыз реакциялар, кейде өліммен аяқталуы мүмкін, әдетте жүрек –тамыр жүйесінің аурулары бар пациенттер және егде жастағы адамдарда байқалады

- идиопатиялық ортостаздық гипотониясы бар ересектерде артериялық қысымның күрт жоғарылуы тура-лы хабарлар бар

- аса жоғары сезімталдық

- бас айналуы

- жанаспалы дерматит

- өкпе ісінуі, диспноэ

Дозалануы

Ересектер

- Вазоконстрикция және қарашықтың кеңеюі

Ауырған көзге\көздерге ерітіндінің 1 тамшысын тамызады.

Қажет болғанда дозаны тағы да алғаш тамызғаннан кейін кемінде бір сағаттан соң бір рет ғана қайта-лауға болады.

Жергілікті тітіркендіруші және бұдан кейінгі көз жасы сұйықтығының сұйылуына жол бермеу үшін фе-нилэфринді тамызардан біренеше минут бұрын жергілікті ауыруды басатын затты қолдану ұсынылады.

Фенилэфрин конъюнктивалық қан жүретін тамырларының іркілуін жою қажет болғанда, циклоплегия-сыз қарашықты жылдам және күшті кеңейту үшін қолданылады.

- Увеиттер және артқы синехиялар

Синехияларға жол бермеу мақсатында немесе олар болғанда қолданады.

Оларды фенилэфринді, атропинді немесе басқа циклоплегиялық дәрілерді қолданып қарашықты күшті кеңейту арқылы жол бермеуге болады.

Ауырған кезде 1 тамшының ерітіндісін күніне 1-2 реттен тамызады. Ең жоғары доза күніне 3 тамшыдан аспауы керек. Қажет болғанда емді келесі күні қайталауға болады.

Егер оң нәтиже байқалса, емдеуге жылы компресс және атропинді қосуға болады.

- Глаукома

Ашық бұрышты глаукомасы бар пациенттер үшін, препаратты миотикалық дәрілермен бір мезгілде қол-дануға болады, өйткені фенилэфрин олардың гипотензиялық әсерін күшейтеді және көру өткірлігіне жағымсыз әсерлерін азайтады, себебі тарылған көру аймағын кеңейтеді.

Ауырған көзге\көздерге ерітіндінің 1 тамшысын тамызады.

- Хирургиялық араласуларда

Препаратты көздің қарашығын қысқа мерзімге күшті кеңейту қажет болғанда қолданады. Ауырған көзге\көздерге хирургиялық араласудан 30 – 60 минут бұрын 1 тамшыдан тамызады.

- Рефракция

Фенилефрин хоматропиннің, циклопентолаттың, тропикамидтің, атропиннің мидриаздық әсерін күшей-теді.

Ауырған көзге\көздерге ерітіндінің 1 тамшысын тамызады.

- Офтальмоскопия

Ерітіндінің 1 тамшысын тамызғаннан кейін 15 – 30 минуттан соң ұзақтығы 1 – 3 сағатқа созылатын адекватты мидриаз орын алуына ықпал етеді.

- Жабық бұрышты глаукомадағы провокациялық тест

Созылмалы жабық бұрышты глаукоманы диагностикалауға арналған дәрі.

Фенилэфриннен болған көз қарашығы кеңейгенге дейін және одан кейін көзішілік қысымды өлшеп, го-ниоскопияны жүргізу керек.

Гониоскопия кезінде анықталған алдыңғы камераның тар бұрышымен біріктірілген көзішілік қысымның едәуір артуы, жабық бұрышты глаукоманың болуына негіз болады. Бұл жерде тесттің теріс нәтижесі оның бар болуын жоққа шығармайтынын атап өткен жөн.

- Ретиноскопия

Циклоплегиясыз көз қарашығын кеңейту қажет болғанда қолданылады.

Жоғарыда сипатталған кез келген процедурада, қарқынды пигментациялы нұрлы қабыққа фенилэф-риннің бұдан жоғары дозаларын пайдалану қажет.

- Көз инъекциясы түріндегі дифференциалды диагностика

Қызарған көзге ерітіндінің 1 – 2 тамшысын тамызады. Егер 5 минуттан соң көз алмасы тамырларының тарылуы байқалса, онда инъекция конъюнктивалық, жеңіл деп жіктеледі, ол иридоциклит емес, конъ-юнктивиттің сипатына тән.

Егде жастағы адамдар (65жастан асқан)

Пациенттердің осы тобында дозалауды өзгертудің қажеті жоқ. Әдетте қайта қолдануды қажетсіз. Препаратты таңдап алынған циклоплегиялық дәріден соң 5 минуттан соң қолданады.

Балалар

Адекватты циклоплегияға қол жеткізу үшін жылдам әсер ететін циклоплегиялық дәрімен біріктіруге бо-лады.

Қолдану тәсілі

Тамшыны конъюнктивалық қалтаға тамызады, атап айтқанда, балалар және егде жастағы адамдарға дәріні мұрынның шырышты қабығына сіңірілуіне жол бермеу және жергілікті әсерін күшейту үшін, көз жасы өзегін саусақпен 2-3 минут бойы басу немесе тамызғаннан кейін 3 минут бойы көзді жұму керек.

Ауырған көзге\көздерге тамызғанда, контаминацияға жол бермеу үшін тамшылатқыштың ұшын қабық-қа, көздің айналасында немесе басқа беткейлерге тигізуге болмайды.

Егер пациент бірмезгілде жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық дәрілік препараттар-ды қолданса, оларды кемінде 10 минуттық аралықта қолдану керек. Егер пациент бір мезгілде көз жақ-памайын қолданбаса, онда оны соңғы кезекте жағады. Көз дәрісін тамызардың алдында, жанаспалы линзаларды алып тастап, тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайта тағуға болады.

Ириттер болуы мүмкін, жұмсақ жанаспалы линзаларға тигізуге болмайды, қолданудың алдында жана-салы линзаны алып тастап, препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту керек.

Әзірге Белифрин 25мг/мл 5мл капли гл. Belinda пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады