- температураның жоғарылауымен, қалтыраумен, бас ауырумен, буындар мен бұлшықеттердің ауыруы-мен, мұрынның бітелуімен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді және тұмауды симптома-тикалық емдеуде.
- парацетамолға, аскорбин қышқылына, хлорфенаминге немесе препараттың басқа да компонентіне жоғары сезімталдық
- құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау
- соңғы 14 күн ішінде МАО қабылдап жүрген немесе қабылдаған пациенттер
- асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жара зақымданулары (өршу фазасында)
- бүйрек және/немесе бауыр функциясының айқын жеткіліксіздігі
- маскүнемдік
- жабық бұрышты глаукома
- қуықасты безінің гиперплазиясы
- гипероксалурия
- 15 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен: бүйрек және/немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, туа біткен гипербилирубинемия (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротар синдромдары), вирус гепатиті, алкогольдік гепатит, егде жас.
- бас ауыру, шаршау сезімі, зейін қоюдың бұзылуы, бас айналу, қажығыштық
- жүректің айнуы, эпигастральді аймақтың ауыруы, анорексия, диспепсия, құсу
- гипогликемия
- анемия, гемолиздік анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшы болатын пациенттерде)
- тері бөртпесі, қышыну, Квинке ісінуі, анафилактоидтық реакциялар, жарыққа сезімталдық
- қызуды сезіну, ауыздың кеберсуі, ұйқышылдық
- депрессия, сананың шатасуы, қозу, ашушаңдық
- құлақтың шуылдауы
- тахикардия, аритмиялар
- гипотензия
- бұлшықеттің әлсіздігі, бұлшықеттің құрысулары
- көрудің бұлыңғырлануы
- бронхиальді секреттің қоюлануы
- қимыл үйлесімінің бұзылуы
- гепатит, сарғаю
- эксфолиативті дерматит
- несептің іркілуі
- гемолиздік анемия
- түнгі қорқыныштар
Жалпы бұзылулар болуы ықтимал: кеудеде кернеу сезімі, парадоксальді қозу.
Препараттың барлық жағымсыз әсерлерін дәрігерге мәлімдеп отыру керек.
Ішке қабылдауға. Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға тәулігіне 2- 3 рет 1 таблеткадан. Таблетканы бір стақан (200 мл) жылы (50-60 0 С) суда толық еріту және алынған ерітіндіні бірден ішу керек. Препаратты тамақ ішу арасында қабылдаған жақсырақ. Тәуліктік ең жоғары доза – 3 таблетка. Препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағат болуы тиіс.
Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрауы тиіс.
Ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындағанда дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы 5 күннен аспай-ды және қызуды түсіретін дәрі ретінде тағайындағанда 3 күннен аспайды.