Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ибуфен Д форте 200мг/5мл 40мл сусп. от 1года малина(акция 10+1)

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Ибупрофен
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Элемент коды::
42341211116411?
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 ₸
Бонустарды сатып алу: 0.25
Қоймада жоқ

Мына жағдайлардағы шығу тегі әртүрлі дене температурасының оғарылауында:

- суық тию ауруларында

- жедел респираторлық вирустық жұқпаларда

- тұмауда

- баспада, фарингитте

- дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін балалар жұқпасында

Мына жағдайлардағы әлсіз және орташа қарқындылықтағы шығу тегі әртүрлі ауыру синдро-мында:

- ортаңғы құлақтағы қабыну үдерісінде болатын құлақтағы ауыру

- тіс ауырғанда, тіс жарып шыққандағы ауыруында

- бас ауыруында, бас сақинасында

- невралгияда

- бұлшықет ауырғанда

- қозғалыс ағзаларының жарақаттары (зақымданулары, созылулары) салдарынан болатын сүйек пен буындар ауыруларында

- жұмсақ тіндер жарақаттары салдарынан болатын ауырулар, операциядан кейінгі ауырулар

- ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа да қабынуға қарсы стеро-идты емес дәрілік препараттарға жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа ҚҚСД қабылдау түрткі болған бронх демікпесі, есекжем, ринит

- асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ау-руы)

- сыртартқысында ҚҚСД емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілуінің болуы

- цереброваскулярлық немесе басқа да жедел қан кету

- геморрагиялық диатезі, этиологиясы анықталмаған қан түзілуінің бұзылуы бар емделушілер

- ауыр сусыздануы бар емделушілер (құсу, іш өтуі, немесе сұйықтықты жеткіліксіз қабылдаудан туында-ған)

- Спецификалық циклооксигеназа-2 тежегіштерін қоса басқа ҚҚСД бірге мезгілде қолдану

- бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі

- жүктіліктің III триместрі

- 1 жасқа дейінгі балалар және дене салмағы 10 кг-ден аз балалар

Жиі (≥1/1000 -нан <1/100 дейін):

- қыжыл, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, метеоризм, іштің қатуы, АІЖ-нан аздаған қан кету, бұл айрықша жағдайларда ғана анемияға әкелуі мүмкін

Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін):

- тері бөртпесі және қышымамен аллергиялық реакциялар

- тұншығу ұстамалары (артериялық қысымның төмендеуімен бірге болуы мүмкін)

- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық, шаршауды сезіну

- көрудің бұзылуы

- АІЖ ойық жаралануы тесілумен немесе қан кетумен болуы мүмкін

- ойық жаралы стоматит, гастрит, колиттің және Крон ауруының асқынуы

Сирек (≥1/10000 –нан <1/1000 дейін):

- құлақтағы шуыл

Өте сирек (<1/10000):

- қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз).

- некроздық фасциит

- жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары: беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр шок)

- психоздық реакциялар, депрессия

- жүректің қағуы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркты, инсульт

- бронх демікпесінің және бронх түйілуінің асқынуы

- артериялық гипертензия

- эзофагит, панкреатит, ішектің диафрагма тәрізді тарылуларының түзелуі

- пептикалық ойық жара, ойық жараның тесілуі немесе асқазан-ішек жолынан қан кету, мелена, қан құсу (әсіресе егде жастағы емделушілерде кейде өлімге әкелетін), ойық жаралы стоматит, гастрит, ойық жаралы колиттің және Крон ауруының өршуі

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қан сарысуындағы (әсіресе ұзақ қабылдағанда) мочевинаның жоғары-лауымен және ісінулермен астасқан папиллонекроз

- бауыр функциясының бұзылуы

- көп формалы эритеманы, уытты эпидермальді некролизді, Стивенс-Джонсон синдромын қоса буллез-дік реакциялар сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері дамуы мүмкін

- асептикалық менингиттің симптомдары: желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе әсіресе осының алдында аутоиммундық бұзылулары (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас аурулары) болған емделушілердегі бағдардың бұзылуы.

Жағымсыз әсерлері пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Ішке қолданылады.

5 мл суспензияның құрамында 200 мг ибупрофен бар.

Қолданар алдында біртекті суспензияны алғанға дейін шайқау керек.

Дәрілік препаратты көп мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып тамақтанудан кейін қабылдайды.

Дәл дозалау үшін қаптамада еккіш түріндегі дозалағыш қоса беріледі.

Дозасы баланың жасы мен дене салмағына байланысты белгіленеді.

Ибуфен ® Д Форте препаратының әдеттегі қолданылатын бір реттік дозасы дене салмағына 7-10 мг/кг бастап, дене салмағының 30 мг/кг дейін суспензияның ең жоғарғы тәуліктік дозасын құрайды.

Препаратты бір реттік дозаларда төменде келтірілген сызба бойынша тағайындайды:

    Дене салмағы                                  Бір реттік доза                     Ең жоғарғы тәуліктік доза          (емделушінің жасы)

          10-15 кг                                     2,5 мл (100 мг                          7,5 мл (300 мг                            (1-ден 3 жасқа дейінгі балалар)         ибупрофенге сәйкес)                  ибупрофенге сәйкес)

          16-19 кг                                     4 мл (160 мг                             12 мл (480 мг                            (4-тен 6 жасқа дейінгі балалар)         ибупрофенге сәйкес)                   ибупрофенге сәйкес)

          20-29 кг                                  5,0 мл (200 мг                             15 мл (600 мг                              (7-ден 9 жасқа дейінгі балалар)        ибупрофенге сәйкес)                   ибупрофенге сәйкес)

          30-39 кг                                  5,0-7,5 мл (200-300 мг                22,5 мл (900 мг                          (10-нан 12 жасқа дейінгі балалар)     ибупрофенге сәйкес)                   ибупрофенге сәйкес)

     40 кг-ден астам                            5,0-10 мл (200-400 мг                  30 мл (1200 мг                          (балалар мен 12 жастан үлкен           ибупрофенге сәйкес)                   ибупрофенге сәйкес) жасөспірімдер және ересектер)

Ең жоғарғы тәуліктік дозадан асыруға болмайды.

Кезекті дозалардың 6 сағаттық аралығын ұстау керек.

Егер симптомдар сақталса, күшейсе немесе егер жаңа симптомдар пайда болса, емделуші дәрігерге көрінуі тиіс.

Препаратты дәрігердің қадағалауынсыз 3 күннен аса қолдануға болмайды.

Препараттың құрамында қант жоқ.

Әзірге Ибуфен Д форте 200мг/5мл 40мл сусп. от 1года малина(акция 10+1) пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады