Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Макситрол 0,025% 5мл гл капли Алкон

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Дексаметазон, неомицин сульфаты, полимиксин В
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
0
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Беткейлі бактериялық инфекциямен немесе кортикостероидтермен емдеуге келетін бактериялық инфек-цияның қаупімен бірге жүретін көздің қабыну жағдайлары, мысалы мынадай:

- қабақ конъюнктивасының немесе көз алмасының қабыну жағдайлары

- мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы бөлігінің қабынуы

- көздің алдыңғы бөлігінің созылмалы увеиті

- мөлдір қабықтың химиялық заттармен, радиациямен, термиялық күйіктермен немесе бөгде денемен зақымдануы

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- қарапайым герпес қоздырғыштары туындатқан эпителиальді кератит (ағаш тәрізді кератит)

- сиыр шешегі, желшешек және мөлдір қабық пен конъюнктиваның басқа да вирустық инфекциялары (зостер герпесі туындатқан кератиттерді қоспағанда)

- көздің микобактериялық инфекциялары, туындатқан, бірақ мынадай қышқылға төзімді микобактерия-лармен шектелмеген: Mycobacterium tuberculosis, Mycobacterium leprae немесе Mycobacterium avium

- көз құрылымының зеңдік аурулары

- қараусыз қалған іріңді инфекциялар

Жергілікті

Жиі:

- көзішілік қысымның жоғарылауы

- көздің тітіркенуі

- көздегі жайсыздық (шымылдатып ашытудың пайда болуы, жедел шаншу, қышыну)

Жиі емес:

- көру жүйкесінің зақымдалуы

- артқы субкапсулярлы катарактаның түзілуі

- жараның баяу жазылуы

- мөлдір қабықтың тесілуі

Жүйелі

Жиі:

- бөртпе, қышыну, тітіркену, ісіну, қызару, конъюнктива мен қабақтың ісінуі, конъюнктивальді эритема немесе жанаспалы дерматитті қамтитын аса жоғары сезімталдық.

Басқа аминогликозидті препараттармен айқаспалы сезімталдық болуы мүмкін.

Салдарлы бүйрек үсті безінің дамуы құрамында кортикостероидтар бар көзге тамызатын дәрілерді жергілікті енгізумен байланысты болуы мүмкін.

Келесі жағымсыз реакциялардың жиілігі мен елеулілігін деректердің жеткіліксіздігіне байланысты анық-тау мүмкін емес:

Жергілікті: ойық жаралы кератит, мөлдір қабықтың жұқаруы, жарықтан қорқу, көрудің айқын болма-уы, мидриаз, көздің ауыруы, көздің қышынуы, көздің ісінуі, птоз, қабақтың салбырауы, көзде бөгде де-нені сезіну, жас ағудың артуы, көз гиперемиясы, көз функциясының бұзылуы, көздің көзішілік инфек-циялары

Жүйелі: бас ауыруы

Көзге қолдану үшін.

Қолданар алдында құтыны сілку керек!

Баяу ағымдағы күйлерде зақымданған көздiң (көздердің) коньюнктива қалтасына күніне 4-6 рет препа-раттың 1 немесе 2 тамшысын тамызу керек.

Клиникалық белгiлердiң жақсаруына қарай қолдану жиiлiгiн бiртiндеп қысқарту керек. Емдеуді мезгiлінен ерте тоқтатуға болмайды.

Жедел жағдайлар кезіндегі дозасы препаратты қолдануды толық тоқтатқанға дейiн қабыну белгiлерi жо-йылғанша жиiлiгiн бiртiндеп қысқарумен әр сағат сайын 1-2 тамшыны құрайды. Емдеу курсы емдеушi дә-рiгермен анықталады.

Құтының ішіндегісін ластап алудан тартыну үшін көздерге немесе кез келген басқа беткейге тамшуырдың ұшын тигізуге болмайды.

Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы өзегін жайлап қысу немесе қабақты жабу ұсынылады. Бұл көздiң тін-дері арқылы жергiлiктi қолданылатын дәрілік препараттың жүйелiк сiңірілуiн және қолайсыз әсерін төмен-детеді.

Бiрнеше жергiлiктi офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде препараттарды 10-15 минутқа жу-ық қабылдау аралығын сақтау қажет.

Әзірге Макситрол 0,025% 5мл гл капли Алкон пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады