Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Банеоцин 20г мазь д/наруж применения

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Жақпа майы
Белсенді зат:
Мырыш бацитрацині, неомицин сульфаты
Фармакологиялық топ:
Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Элемент коды::
0
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Банеоцин ® неомицинге және/немесе бацитрацинге сезімтал микроорганизмдер туғызған инфекцияларға тиімді:

- фурункулдар, карбункулдар (хирургиялық емшаралардан кейін), стафилококк туындатқан сикоз, терең фолликулит, іріңді гидраденит, жалған фурункулез, паронихия сияқты терінің ошақтық инфекцияларында

- контагиозды импетиго, аяқтағы инфекция түскен ойық жаралар, екінші қайтара инфекция түскен экзе-ма, жыртылған немесе кесілген жарақарттарда, күйіктерде, косметикалық хирургияда және теріні транс-плантациялау кезінде екінші қайтара түскен инфекцияда (сондай-ақ профилактика мақсатында және таң-ғыштарға сіңдіру үшін) терідегі жайылуы шектеулі бактериялық инфекцияларда,

- операциядан кейінгі кезеңде үлкен немесе кіші хирургиялық емшараларда қосымша ем ретінде: инфек-ция түскен қуыстар немесе жараларда арнайы жергілікті ем ретінде (мысалы, сыртқы құлақ отитінде, хи-рургиялық тыртықтарға қайтара инфекция тұскен жағдайда).

- бацитрацинге және/немесе неомицинге немесе басқа аминогликозидті антибиотиктерге, қосымша зат-тарға жоғары сезімталдықта

- тері бөліктерінің ауқымды зақымданулары (өйткені сіңірілуі естуден айрылумен қатар жүретін отоуытты әсер өршуін туғызуы мүмкін)

- егер бацитрацин және/немесе неомициннің белсенді заттары сіңірілетін болса, вестибулярлы және кох-леарлы жүйенің орын алған зақымданулары бар пациенттерде жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан бөлу функциясының айқын бұзылуларында

- дыбыс жарғағы тесілген кезде құлақтың сыртқы есту өтісіне пайдалануға болмайды

- көз ауруларын емдеуде қолданылмайды

- 2 жасқа дейінгі балаларға

Жағымсыз әсерлер даму жиілігіне сәйкес мынадай түрде берілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес ( ≥ 1/1.000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10.000-нан <1/1.000-ға дейін), өте сирек (<1/10.000-нан), белгісіз – қолда бар деректерден пайда болу жиілігін анықтау мүмкін бол-ған жоқ.

Жалпы алғанда, Банеоцин ® препаратын тері, шырышты қабық және жарақат бетіне жаққанда жағым-дылығы жақсы.

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек: неомицинге аллергия шамамен 50% жағдайда басқа аминогликозидті антибиотиктерге болатын айқаспалы аллергиямен байланысты.

Белгісіз: неомицинді қоса, түрлі заттарға сенсибилизация, созылмалы дерматоздарды (мысалы, іркіл-ген дерматоз немесе созылмалы ортаңғы құлақ отиті) емдеу үшін пайдаланғанда байқалады. Жараны жазатын әсерінің болмауы аллергиялық реакцияның көрінісі болуы мүмкін.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Белгісіз: вестибулярлы жүйкенің зақымдануы, нейробұлшықеттік блокада.

Есту мүшелері тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар

Белгісіз: естудің бұзылуы

Тері және тері асты тіндерінің тарапынан бұзылулар

Сирек: аллергиялық жанаспалы экзема

Белгісіз: Банеоцин ® препаратын ұзақ қолданғанда терінің қызаруы, сусыздануы және қабыршықта-нуы, бөртпе және қышыну сияқты аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Зақымданудың таралуы не-месе әсердің болмауы аллергиямен байланысты болуы мүмкін.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Белгісіз: нефроуыттылық.

Банеоцин ® препараты тек жергілікті (сыртқа) қолдануға арналған.

Ересектер мен 2-18 жас аралығындағы балаларға: Банеоцин ® препаратын тәуігіне 2-3 рет қолданады.

Банеоцин ® препаратын қолданудың ұзақтығы 7 күннен аспауы керек.

Банеоцин ® препаратын жағу ауқымы дене беті ауқымының 1%-нан (ол пациенттің алақаны мөлшеріне сәйкес келеді) аспауы керек.

Банеоцин ® препаратын жұқа етіп зақымданған бөліктеріне жағады, таңғышты да пайдалануы мүмкін.

65 жаста және одан асқан пациенттерге Банеоцин ® препаратының дозасын түзету қажет емес.

Банеоцин ® препаратын көзге жағуға болмайды.

Бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер

Ұсынылғаннан едәуір жоғары дозаларда қолданғанда, белсенді заттар ықтимал сіңірілуіне орай, нефро- және/немесе отоуытты реакцияларды көрсететін симптомдарға аса зейін қою керек.

Бауыр және/немесе бүйрек функциясы төмендегенде уытты әсерлер қаупі артатындықтан бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Банеоцин ® препаратымен ем жүргізгенге дейін және емдеу кезінде аудиометриялық зерттеулермен бірге қан және несеп талдауын жүргізу керек.

Әзірге Банеоцин 20г мазь д/наруж применения пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады