Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Нитроксолин таб. 50мг №50 Технолог

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 50
Белсенді зат:
Нитроксолин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
200100908307
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 015 ₸
Бонустарды сатып алу: 30.45
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Граммоң және граммтеріс микроорганизмдермен және нитроксолинге сезімтал зеңдермен негізделген не-сеп шығару жолдарының жедел, созылмалы және қайталанатын инфекцияларында.

Несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының профилактикасы.

- нитроксолинге немесе препараттың қандай да бір компонентіне, сондай-ақ хинолиндерге жоғары сезім-талдық

- ауыр бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 0,33 мл/с төмен)

- 18 жасқа дейінгі балалар

Асқазан-ішек жолы тарапынан: жекелеген жағдайларда диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы) болуы мүмкін, оны препаратты тамақтану кезінде қолдану арқылы алдын алуға бола-ды.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан: трансаминазалар бесленділігінің төмендеуі, бауыр функциясының бұзылуы.

Иммундық жүйе тарапынан: тері бөртпесі, қышыну болуы мүмкін, олар препарат қолдануды тоқтат-қаннан кейін жылдам кетеді; өте сирек – тромбоцитопенияның дамуымен аллергиялық реакциялар.

Жүйке жүйесі тарапынан: сирек – бас ауыруы, атаксия, парестезия, полинейропатия.

Бүйрек тарапынан: қан плазмасында несеп қышқылы мөлшерінің төмендеуі.

Нитроксолин бүйрек арқылы шығатындықтан, несеп қою сары түске боялады.

Басқалар: жалпы әлсіздік, тахикардия.

Препарат құрамында күн батар түстес сары бояғыш FCF (Е 110) бар, ол аллергиялық реакцияларға, оның ішінде демікпеге түрткі болуы мүмкін.

Әсіресе бұл ацетилсалицил қышқылына жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қатысты.

Ересектер: ұсынылған тәуліктік доза – 4 қабылдауға бөлінген 400-800 мг.

Орташа тәуліктік доза 400 мг (тамаққа дейін тәулігіне 4 рет 2 таблетка) құрайды. Күрделі ауруларда тәуліктік дозаны 800 мг (тәулігіне 4 рет 4 таблетка) дейін ұлғайтуға болады. Ересектерге арналған ең жоғарғы доза 800 мг құрайды.

Ем ұзақтығын аурудың сипатына және ағымына байланысты дәрігер анықтайды.

Созылмалы инфекцияларда препаратты екі апталық үзілістермен ұзақтығы 2 апта қайталау курстарымен тағайындайды (емдеу курсы бірнеше ай созылуы мүмкін).

Бүйрек функциясының бұзылуы

Орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 0,33 мл/с артық) бар пациенттерге әдеттегі дозаны екі есе азайту керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы бұзылғанда әдеттегі дозаны екі есе азайту керек.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету керек емес.

Әзірге Нитроксолин таб. 50мг №50 Технолог пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
1000 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
1015 ₸  
6
г. Чу, ул. Конаева 24
1015 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
1015 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
1015 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1000 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады