Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Аминазин др. 100мг №10 Валента

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Хлорпромазин
Фармакологиялық топ:
Психозға қарсы дәрі (нейролептик)
Элемент коды::
4602193011847
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 150 ₸
Бонустарды сатып алу: 43.00
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- жедел және созылмалы, әсіресе параноидальді психоздық бұзылыстар, шизофрения, маниакальді бұзы-лыстар, органикалық психоздар және басқалар кезінде.

- үрейлі бұзылыстар кезіндегі психомоторлық қозу (ажитация)

- озбырлықпен қатар жүретін және пациент үшін әрі айналадағылар үшін әлеуетті қауіпті мінез-құлық бұ-зылыстары

- балалардағы шизофрения, аутизм

- гипотермия индукциясы

- ұдайы ықылық ату

- ауыр аурулардың терминальді сатыларындағы басылмайтын жүрек айну және құсу.

- препараттың компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық;

- лактоза жақпаушылығы;

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар;

- орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) функциясын бәсеңдететін заттардан улану;

- кез келген этиологиядағы коматоздық жағдайлар;

- сүйек кемігінің қан түзуінің бәсеңдеуі;

- жүктілік, емшек емізу кезеңі;

- 12 жасқа дейінгі балалар (осы дәрілік түрі үшін).

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: экстрапирамидті бұзылыстар (дистониялық реакциялар, акине-торигидті құбылыстар, акатизия, гиперкинездер, тремор, вегетативті бұзылыстар, дәрілік индукциялан-ған паркинсонизм симптомдары (гипокинезия, бұлшықет сіресуі, постуральді тұрақсыздық), ерте дис-кинезиялар (мойын, тіл, ауыз қуысы түбіндегі бұлшықеттерінің пароксизмальді туындайтын құрысула-ры, окулогирлі криздер), ұзақ емдеген кезде – кеш дискинезия («Айрықша нұсқаулар» бөліміндегі кеш дискинезия профилактикасының тактикасын қараңыз)), қатерлі нейролептикалық синдром (бұлшықет сіресуі, гипертермия, вегетативтік жүйке жүйесінің дисфункциясынан туындаған соматикалық бұзылыс-тар, психикалық бұзылыстар), ұйқышылдық, бас айналу, ұйқының бұзылуы, психикалық индиффе-ренттілік құбылыстары, сыртқы тітіркендіргіштерге кешігіп реакция беру, мазасыздық, пациенттің көңіл күйіндегі өзгерістер, ажитация, ұйқысыздық, нейролептикалық депрессия.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: ортостатикалық гипотензия, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы (қарыншалық аритмиялар, оның ішінде «пируэт» типті; бастапқы брадикардияның, гипокали-емияның, QT аралығы ұзаруының, анамнездегі жүрек ауруларының, үшциклдік антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдау аясындағы, егде жастағы ырғақтың жоғарылау арқылы қарыншалық бұзылыста-рының даму қаупі), QT аралығының ұзаруы, Т және U тісшелерінің өзгеруі, веналық тромбоэмболия (оның ішінде өкпе тромбоэмболиясы және тереңдегі веналар тромбозы).

Тыныс алу жүйесі тарапынан: тыныс алудың бәсеңдеуі, мұрынның бітелуі.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айну, құсу, диарея, ауыздың құрғауы, анорексия, іш қату не-месе ішек бітелісі.

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан: холестаздық сарғаю және бауырдың зақымдануы (негізінен хо-лестаздық, гепатоцеллюлярлық немесе аралас); 

сарғаю пайда болған кезде хлорпромазинді тоқтату керек.

Несеп-жыныс жүйесі тарапынан: несеп шығарудың қиындауы, аменорея, олигоменорея, белсіздік, жыныстық салқындық, олигурия, приапизм.

Эндокриндік жүйе тарапынан: гиперпролактинемия, галакторея, гинекомастия.

Қан түзу ағзалары тарапынан: қан ұйығыштығының артуы, лимфо- және лейкопения, анемия, агра-нулоцитоз (қан көрінісін тұрақты тұрде тексеру ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)).

Сезім ағзалары тарапынан: көз бұршағы мен мөлдір қабықтың көмескіленуі, аккомодацияның бұзы-луы.

Тері жабындары тарапынан: тері фотосенсибилизациясы, тері пигментациясы, меланоз.

Иммундық жүйе тарапынан: тері және шырышты қабықтар тарапынан аллергиялық реакциялар, ан-гионевроздық ісіну, беттің ісінуі, бронх түйілуі, есекжем, анафилаксиялық реакциялар, жүйелі қызыл жегі.

Басқа да ықтимал әсерлер: фенотиазин туындыларын қолдану глюкоза жақпаушылығына, гипергли-кемияға, гиперхолестеринемияға, нәжіспен бітелуге, ауыр ішек бітелісіне, мегаколонға әкеліп соғуы мүмкін.

Аминазин ® таблеткаларын ішке (тамақтан кейін), шайнамай, судың жеткілікті мөлшерімен ішуге та-ғайындайды.

Қолайлы дозаны жекелей таңдап алған дұрыс. Егер пациенттің клиникалық жай-күйі мүмкіндік берсе, емдеуді мүмкіндігінше ең аз дозадан бастап, оны біртіндеп арттыру керек.

Шизофрения, басқа психоздар, ажитация, аутизм, гипотермия индукциясы

Ересектер:

Ішке қабылдауға арналған бастапқы тәуліктік доза тәулігіне 1-4 рет 25-100 мг құрайды, содан кейін тиімді емдік әсерге жеткенше, жағымдылығын ескеріп, әрбір 3-4 күн сайын дозаны біртіндеп 25-50 мг-ге арттырады. Аминазин ® препаратының орташа дозасының тиімділігі аз болған жағдайда дозаны тәу-лігіне 700-1000 мг-ге дейін арттырады, кейбір соматикалық қарсы көрсетілімдерсіз өте төзімді жағдай-ларда дозаны тәулігіне 1200-1500 мг-ге дейін арттыруға болады.

Жоғары дозалармен емдеген кезде, тәуліктік дозаны 4 бөлікке бөледі (соңғысын – ұйқыға жатар ал-дында).

Үлкен дозалармен емдеу курсының ұзақтығы 1-1,5 айдан аспауы тиіс, әсері жоқ болған кезде басқа препараттармен емдеуге көшкен жөн.

Аминазин ® препаратының ересектерге арналған ішке қабылданатын жоғары дозалары: бір реттік – 300 мг, тәуліктік –1500 мг.

Әлсіреген және егде науқастарға емді ересектерге арналған ⅓-½ әдеттегі дозалардан бастайды да бірте-бірте арттырып отырады; ұсынылатын тәуліктік доза тәулігіне 300 мг дейін.

Балалар:

12 жасқа дейінгі балаларға Аминазин® препаратын қажет болса 550 мкг/кг-ден (0,55 мг/кг) немесе 1 м 2 дене беткейіне 15 мг-ден әрбір 6-8 сағат сайын тағайындайды. 46 кг дейінгі дене салмағында Амина-зин® препаратын тәулігіне 75 мг-ден артық тағайындамау керек.

Ұдайы ықылық ату

Ересектер:

Әр 4-6 сағат сайын 25 мг-ден.

Балалар:

Балалардағы ұдайы ықылық ату кезінде дозалау тәсілі анықталмаған.

Ауыр аурулардың терминальді сатыларындағы басылмайтын жүрек айну және құсу

Ересектер:

Әр 4-6 сағат сайын 25 мг-ден.

Балалар:

12 жастан асқан балаларға Аминазин® препаратын қажет болғанда 4-6 сағат сайын 550 мкг/кг-ден (0,55 мг/кг) немесе 1 м 2 дене беткейіне 15 мг-ден тағайындайды. Дене салмағы 46 кг-ден аз болған жағдайда Аминазин® препаратын тәулігіне 75 мг-ден артық дозада тағайындамау керек.

Әзірге Аминазин др. 100мг №10 Валента пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2150 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
2150 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
2150 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
2150 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
2150 ₸  
5
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2150 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
2150 ₸  
4
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
2150 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
2150 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады