Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Форцип 3мг 5мл капли гл.ушн.Неолайф

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз, құлақ тамшысы
Белсенді зат:
Ципрофлоксацин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
3800714821000
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Офтальмологияда

Препарат ципрофлоксациннің ересектерде, егде жастағы адамдарда және 8 жастан асқан балаларда әсе-ріне сезімтал патогендер туғызған мөлдір қабықтың ойық жараларын және көздің және оның қойнаулары-ның беткей бактериялық инфекцияларын емдеуге арналған.

Оториноларингологияда

Препарат жедел сыртқы отиттерді және ципрофлоксациннің ересектерде, егде жастағы адамдарда және 8 жастан асқан балаларда әсеріне сезімтал бөлінуі бар құлақ жарғағының тесілуінен болған құлақтың ор-таңғы бөлігінің асқынуларын емдеуге арналған.

- ципрофлоксацинге немесе басқа хинолондарға немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімтал-дық

- 8 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Анықталған барлық жағымсыз әсерлер төменде көрсетілген жиілігі бойынша жіктелген: өте жиі: (≥1/10), жиі: (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес: (≥1/1000-ден <1/100-ге дейін), сирек: (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000) және белгісіз (белгілі деректерге сүйене оты-рып, бағалана алмайды).

Жиі:

- мөлдір қабықтағы түзілімдер, көздегі жайсыздықтар, гиперемия, көздің тітіркенуі, конъюнктива гиперемиясы, көз гиперемиясы, көзде бөгде денені сезіну, көздегі жайсыздық сезіну

- дисгеузия

- дәм сезудің бұзылуы

Жиі емес:

- кератопатия, нүктелік кератит, мөлдір қабықтың инфильтраттары, мөлдір қабықтың боялуы, фото-фобия, көру өткірлігінің азаюы, көрудің тұмандануы, ауыруы, көздің құрғауы, көздің ісінуі, қышыну, көз жасының шамадан тыс ағуы, көзден бөлінулер, қабақтың ісінуі,қабақтың жиегіндегі қабыршақтар, қабақтың эксфолиациясы, конъюнктива ісінуі, қабақтың эритемасы, көз аллергиясы

- жүрек айнуы

- бас ауыруы

- қызба

Сирек:

- асқын сезімталдық

- көздің уыттануы, кератит, конъюнктивит, мөлдір қабық эпителийінің асқынуы, диплопия, көз гипо-стезиясы, астенопия, көз жүйкесінің қарапайым герпес, теріскен, көздің қабынуы

- бас айналуы

- құлақтың ауыруы, құлақтың бітелуі, оторея, құлақтағы қышыну

- мұрын жанындағы қойнаулардың гиперсекрециясы, ринит

- іштің өтуі, іштің ауыруы

- дерматит

Жиілігі белгісіз:

- сіңірлердің зақымдануы

Дәрілік заттарға кейбір жағымсыз реакцияларды сипаттау 

Препаратты жиі қолданғанда мөлдір қабықтың ойық жаралары бар пациенттерде мөлдір қабықта ақ түсті түзілімдер пайда болуы туралы деректер бар. Бұл түзілімдер емдеуді талап етпейді. Олар емдеу басталғаннан кейін бір тәуліктен 7 күн ішінде пайда болады және дәрілік затты қолданғаннан кейін 2 апта ішінде кетеді немесе шегінде кетеді.

Бұл түзілімдер препараттармен емдеуді тоқтатуды қажет етпейді, сондай-ақ қалпына келу үдерісіне жағымсыз әсер етпейді.

Фторхинолондар жергілікті қолданғанда өте сирек бөртпе, уытты эпидермальді некролиз, эксфолиатив-тік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және есекжем пайда болады.

Ципрофлоксацинді жергілікті қолданғанда көз көрудің тұмандануы және өткір көрудің төмендеуі жеке-леген жағдайлары белгіленген.

Ципрофлоксацинді құлаққа жергілікті қолданғанда асқын сезімталдықтың тері реакциялары пайда бо-луы мүмкін.

Жүйелі фторхинолондарды қабылдайтын пациенттер бірінші дозаны қабылдағаннан кейін дамитын аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциялары (анафилаксиялық реакциялар) кейде өлім-жітіммен аяқ-талғаны туралы хабарлар бар. Кейде бұл реакциялар жүрек-тамыр коллапсымен, естен айырылу, ұйып қалу, беттің және көмекейдің ісінуі, диспноэ, есекжем, қышыну қатар жүреді.

Жүйелі фторхинолондардың қабылдайтын пациенттерде сіңірлердің қабынуы және үзілуі белгіленген. Жүйелі кортикостероидтерды бір мезгілде қолданғанда егде жастағы немесе қозғалыс жүйесін экстре-мальді стресті жүктемеде қаупі артады.

Балаларда:

8 жастағы балаларда көзге (құлаққа) жергілікті қолданғанда күрделі жағымсыз реакциялар туралы хабарлар жоқ.

Дозалануы

Ересектер мен егде жастағы адамдар:

Есту арнасына ерітіндіні 4 тамшыдан күніне 2 рет.

Құлақ тампондарын пайдалануды қажет ететін пациенттерде бірінші рет ғана дозаны екі есе дозада қолдануға болады (8 тамшы).

Емдеудің әдеттегі ұзақтығы 5 - 10 күн.

Кейбір жағдайларда емдеу жалғастырылуы мүмкін, алайда ципрофлоксацинге ықтимал қоздырғыштағы сезімталдықты растау ұсынылады.

Балалар:

8 жас және одан үлкен балаларға арналған доза - есту арнасына ерітіндіні 3 тамшыдан күніне 2 рет.

8 жастан кіші балаларға тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Құлақ тампондарын пайдалануды қажет ететін пациенттерде бірінші рет ғана дозаны екі есе дозада қолдануға болады (6 тамшы).

Бауыр және/немесе бүйрек бұзылуы бар пациенттерге:

Көрсетілген дозалауды өзгертуді талап ететін деректер жоқ.

Қолдану тәсілі

Қолданудың алдында есту арнасын жақсылап тазалау керек. Тамызардың алдында вестибулярлы кө-термелеуге жол бермеу мақсатында ерітіндіні дене температурасына дейін жылыту қажет.

Тамызу кезінде пациент тамшылар есту арнасына өтуін жеңілдетуі үшін ауырған құлаққа қарсы жағы-мен жатып, осы қалыпта 5 – 10 минут бойы жата тұруы қажет.

Есту арнасын жергілікті тазартқаннан кейін құлаққа тампонды (мақта немесе дәке) бір-екі күнге сала-ды. Тампонға тәулігіне екі рет ерітінді тамызып отыру қажет.

Тамшылатқышты ластануына жол бермеу үшін, сыртқы есту арнасының құлақ қалқанына, құты ұшы-ның айналасындағы беткейлерге тигізуге болмайды.

Әзірге Форцип 3мг 5мл капли гл.ушн.Неолайф пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады