Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Тамекраз 3мг/г 5г мазь гл Belinda

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз майы
Белсенді зат:
Тобрамицин, дексаметазон
Фармакологиялық топ:
Антибиотиктермен біріктірілген белсенді глюкокортикостероидтар
Элемент коды::
3800714703214
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 435 ₸
Бонустарды сатып алу: 48.70
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Көз беткейіндегі бактериялық инфекциясымен немесе көздің бактериялық инфекциялары туындауы қау-пімен қатар жүретін көздің қабыну жағдайлары, ол кезде кортикостероидтармен емдеу көрсетілген:

- көздің алдыңғы бөлігінің қабыну жағдайларында

- көздің алдыңғы бөлігінің созылмалы увеиттерінде

- мөлдір қабықтың химиялық заттармен, радиациямен немесе термиялық күюлерден, сондай-ақ бөгде де-нелердің түсуінің нәтижесінде зақымдануында

- тобрамицинге, дексаметазонға немесе қандай да бір қосымша затқа аса жоғары сезімталдықта

- Herpes simplex герпес қоздырғышы туғызған кератит

- мөлдір қабық пен конъюнктиваның шешек, желшешекке екпе жасағаннан кейінгі және басқа вирустық ауруларында

- көздің зеңді ауруларында

- Mycobacterium tuberculosis, Mycobacterium leprae, or Mycobacterium avium шектеусіз туындатқан көздің микобактериялық инфекцияларында

- көздің жедел іріңді ауруларында

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация

Тамекраз көзге арналған жақпамайы мөлдір қабықтан бөгде затты зақымдамай алғаннан кейін және кез келген инфекцияларда немесе мөлдір қабық эпителий беткейінің зақымдануында қолдануға болмайды.

Ең жиі хабарланған жағымсыз реакциялар — көздің ауыруы, көзішілік қысымның артуы, көздің тітірке-нуі және қышынуы, пациенттердің 1%-нан кемінде байқалады.

Жағымсыз реакцияларды жіктеу үшін олардың пайда болуы жиілігінің негізінде мынадай кезеңділік пайдаланылған: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойыншажиілігі анықталмаған.)

Жергілікті

Жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін)

- көзішілік қысымның артуы

- көздің ауыруы

- көздің тітіркенуі

- көздің қышынуы

- көздің жайсыздығы

- көзден қатты жас ағуы

- қабақтың ісінуі

- қабақтың қышынуы

- нүктелік кератит.

Сирек (≥1/10 000 <1/1000 дейін)

- кератит

- көздің бұлдырлауы

- көздің құрғауы

- көз гиперемиясы

- дисгевзия

- көзден бөгде затты сезіну.

Өте сирек (<1/10000)

- мөлдір қабықтың тесілуі.

Жиілігі белгісіз

- аса жоғары сезімталдық

- глаукома

- катаракта

- көру өткірлігінің төмендеуі

- мидриаз

- көз қарығу

- көру аймағының тарылуы.

Жүйелі

Жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін)

- ларингоспазм

- ринорея

- бас ауыруы.

Сирек (≥1/10 000 <1/1000 дейін)

- дәм сезудің бұзылуы (жағымсыз немесе ащы дәм).

Өте сирек (<1/10000).

- бүйрекүсті безі функциясының бұзылуы

Белгісіз жиілікпен

- бас айналуы

- жүрек айнуы, құсу

- іш тұсының жайсыздығы

- бөртпе

- беттің ісінуі

- қышыну, мультиформды эритема.

Жекелеген жағымсыз әсерлердің сипаттамасы

Мөлдір қабықты немесе склераның жұқаруын туғызатын ауруларда стероидты компонент болғандық-тан, әсіресе ұзақ емдеуден кейін тесілу қаупі жоғары болады. (&quot;Айрықша нұсқаулар&quot; бөлімін қараңыз).

Жергілікті әсер ететін офтальмологиялық стероидтарды ұзақ пайдалану көру жүйкесін бұзумен,сондай-ақ артқы субкапсулярлы катаракта және жараның баяу жазылуы дамуымен көру өткірлігінің төменде-уімен және көру аймағының бұзылуымен көзішілік қысымның артуына әкеп соғады ("Айрықша нұсқау-лар" бөлімін қараңыз).

Қайталама инфекция дамуы стероидтар және бактерияға қарсы дәрілер біріктірілімін пайдаланғаннан кейін байқалған. Мөлдір қабықтың зеңді инфекциялары әсіресе стероидтарды ұзақ мерзім қолданған-нан кейін жиі дамыған. Зеңді инфекция даму мүмкіндігін стероидты емдеу кезінде мөлдір қабықтың кез келген тұрақты жаралары болғанда қарастыру қажет.

Сонымен қатар, реципиент реакциясын бәсеңдеткеннен кейін көздің қайталама инфекциясы дамиды.

Нейроуыттылық, отоуыттылық және нефроуыттылықты қоса, күрделі жағымсыз реакциялар тобрами-цинмен жүйелі емді қабылдаған науқастарда орын алған (&quot;Айрықша нұсқаулар&quot; бөлімін қараңыз).

Кейбір пациенттерде жергілікті қолданғанда аминогликозидтерге сезімталдық дамуы мүмкін ("Айрықша нұсқаулар" бөлімін қараңыз).

Офтальмологиялық жақпамайлар немесе көзге тамызатын дәрі түріндегі кортикостероидтарды көзді тексеріп көргеннен кейін тағайындау керек.

Жақпамайдың шамамен 1,0-1,5 см жолағын зақымданған көздің конъюнктивальді қалтасына күніне 3-4 рет қолданады. Жақпамайлар немесе көзге тамызатын дәріні бірге қолдануға болады: жақпамайды – ұйықтар алдында, көзге тамызатын дәріні – күні бойы.

Көзге арналған жақпамайды қолдану:

- шалқайыңыз

- көз астының терісіне саусағыңызды қойып, тері мен көздің арасында V-тәрізді шұңқыр пайда болғанға дейін теріні төмен қарай созыңыз

- Тамекраз жақпамайының аздаған мөлшерін (ұзындығы 1-1,5 см жолағын) пайда болған V-тәрізді қал-таға салыңыз. Сықпаның ұшын көзге тигізбеңіз

- Көзді жұмбай тұрып бірнеше секунд бойы төмен қараңыз.

Емдеуді уақытынан бұрын тоқтатуға болмайды.

Сықпаның ішіндегісі ластанбауы үшін оның ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізуге бол-майды.

Препаратты қолданғаннан кейін мұрынжас өзегін қысу немесе қабақты басу ұсынылады. Бұл көз тін-дері арқылы қолданылатынын дәрілік препараттың жүйелі сіңірілуін және жағымсыз әсерлерін төмен-детеді.

Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.

Көзге жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен біріктірілген емдеуді жүргізгенде қолданудың арасында кем дегенде 5-минуттық аралық үзіліс болуы қажет. Көзге арналған жақпамайды ең соңында қолдану керек.

Әзірге Тамекраз 3мг/г 5г мазь гл Belinda пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
6
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2435 ₸  
2
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
2435 ₸  
5
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
2435 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
2435 ₸  
2
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
2435 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
2435 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады