Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Амитриптилин 25мг №50 табл. Лекхим

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 50
Белсенді зат:
Амитриптилин
Фармакологиялық топ:
Антидепрессанттар.
Элемент коды::
4820022240606
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Шығу тегі кез келген депрессиялар (әсіресе, тыныштандыру әсерін алу қажет болғанда).

- Амитриптилинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- МАО тежегіштерімен қатарлас емдеу (амитриптилинмен емдеуді бастаудан ең кемінде 14 күн бұрын қа-былдаудан МАО тежегіштерін алып тастау қажет)

- Ишемиялық жүрек ауруы, таяуда бастан өткерген миокард инфарктісі

- Жүрек ырғағының және өткізгіштіктің бұзылуы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

- Маниакальді психоз

- Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- Лактация кезеңі

-16 жасқа дейінгі балаларға

Басқа да дәрілік препараттар сияқты, қабықпен қапталған Амитриптилин таблеткалары кейбір пациент-терде, әсіресе, бірінші рет тағайындалғанда кейде жағымсыз реакциялар туғызуы мүмкін. Амитриптилинмен емделу кезінде атап көрсетілген жағымсыз әсерлердің бәрі бірдей байқалмаған, олардың кейбірі амитриптилин тобына жататын басқа дәрілік заттарды пайдаланғанда туындаған.

Жағымсыз реакциялар пайда болу жиілігі бойынша жіктелген: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (>1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (>1/10000-нан <1/1,000 дейін), өте сирек (<1/10000), бірлі-жарым жағдайларды қоса.

Жүрек-қантамыр жүйесі: артериялық гипотензия, естен танулар, ортостаздық артериялық гипото-ния, гипертония, тахикардия, жүректің жиі соғуы, миокард инфарктісі, аритмиялар, жүрек блокадасы, инсульт, спецификалық емес ЭКГ өзгерістері және жүрекше-қарыншалық өткізгіштіктің өзгеруі. Жүрек ырғағының бұзылуы және айқын артериялық гипотензия, ықтималды түрде, жоғары дозаларды қолда-ну немесе алдын ала көзделген артық дозалану жағдайында туындайды. Аталған жағдайлар препарат-тың стандартты дозаларын қабылдау аясында бұрыннан келе жатқан жүрек аурулары бар пациенттер-де де туындауы мүмкін.

Жүйке жүйесі тарапынан: бас айналу, шаршау, бас ауыру, әлсіздік, сананың шатасуы, зейін бұзы-лыстары, бағдардан жаңылу, сандырақтау, елестеулер, гипомания, қозу, үрейлену, мазасыздық, ұйқы-шылдық, ұйқысыздық, түнгі шым-шытырық түстер, ұйып қалу, шаншу сезімі, аяқ-қол парестезиялары, шеткері невропатия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, атаксия, тремор, кома, ұстамалар, ЭЭГ өзгерістері, экстрапирамидалық бұзылыстар, патологиялық еріктен тыс қимыл-қозғалысты және кешеуілді дискине-зияны қоса, дизартрия, құлақтың шуылдауы.

Амитриптилинмен емделу кезінде немесе оны тоқтатудан кейінгі ерте мерзімдерде суицидтік ойлар не-месе мінез-құлық жағдайлары жөнінде хабарламалар бар.

Антихолинергиялық белсенділік себебінен болатын әсерлер: ауыздың кеберсуі, анық көрмеу, мидриаз, аккомодацияның бұзылуы, жоғары көзішілік қысым, іш қату, ішектің салданған бітелісі, гипер-пирексия, несеп іркілісі, несеп жолдарының дилатациясы.

Аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем, фотосенсибилизация, беттің және тілдің ісініп кетуі.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан: сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі, агранулоцитозды, лейкопе-нияны, эозинофилияны, пурпураны, тромбоцитопенияны қоса.

Асқазан-ішек жолы тарапынан: жүрек айну, эпигастрийде жайсыздықты сезіну, құсу, анорексия, стоматит, дәм сезудің өзгеруі, диарея, құлақ маңы бездерінің қабынуы, тілдің қарайып кетуі және сирек жағдайларда – гепатит (бауыр функциясының бұзылуы мен холестаздық сарғаюды қоса).

Эндокриндік жүйе тарапынан: ерлерде аталық бездердің ұлғаюы және гинекомастия, әйелдерде ем-шектің ұлғаюы және галакторея, либидоның күшеюі немесе төмендеуі, импотенция, жыныс функциясы-ның бұзылуы, диурезге қарсы гормон (ДҚГ) секрециясының өзгеруі.

Зат алмасу тарапынан: қандағы глюкоза деңгейінің артуы немесе төмендеуі; тәбеттің артуы, дене салмағын қосу препаратқа берілген реакция немесе депрессияны қайтарудың салдары болуы мүмкін.

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан: сирек – гепатит (бауыр функциясының бұзылуын және сарғаю-ды қоса).

Тері және теріасты шелі тарапынан: қатты тершеңдік және шаштың түсуі.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: жиі несеп шығару.

Препараттың жоғары дозаларын қолданған жағдайда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде сананың шатасуы болуы мүмкін, бұл дозаны азайтуды талап етеді.

Тоқтату синдромы. Препаратты ұзақ уақыт қабылдаудан кейін емдеуді күрт тоқтату жүрек айнуын, құсу мен бас ауыруын туғызуы мүмкін.

Дозаны біртіндеп азайту, хабарламалар бойынша, екі апта шегінде ашушаңдықты, мазасыздықты және ұйқының бұзылуы мен түс көруді қамтыған өтпелі симптоматиканы туындатады. Бұл симптомдар препа-ратқа дағдылануды білдірмейді. Трициклды антидепрессанттармен ұзақ уақыт емделуді тоқтатудан ке-йін 2-7 күн ішінде туындаған маниакальді немесе гипоманиакальді күйлердің сирек жағдайлары хабар-ланған.

Препарат қабылдауды тоқтатуға қатысты дәрігерді нұсқауларын ұстану қажет.

Анасы трициклды антидепрессанттар алған жаңа туған нәрестелердегі абстиненция симптомдары тура-лы хабарламалар да келіп түскен.

Класс-спецификалық әсерлері

Негізінен 50 жастағы және одан асқан пациенттерде жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер серото-нинді кері қармайтын іріктелген тежегіштер мен трициклды антидепрессанттар қабылдайтын пациент-терде сүйектердің сыну қаупінің жоғары екенін көрсетеді. Осы қауіпке әкеп соғатын механизм белгісіз.

Емдеуді аз дозалардан бастап, клиникалық реакцияны және көтере алмаушылықтың кез келген көрі-ністерін мұқият қадағалаумен оларды біртіндеп арттыру керек.

Ересектер: Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 75 мг құрап, бірнеше бөліп немесе түнге қарай бүтін-дей қабылданады. Клиникалық әсеріне қарай, дозаны тәулігіне 150 мг дейін арттыруға болады. Дозалануын күннің соңында немесе ұйықтар алдында арттырған дұрыс.

Тыныштандыру әсері, әдетте, тез көрініс береді. Препараттың депрессияға қарсы әсері 3-4 күннен соң көрініс беруі мүмкін, әсерінің талапқа сай өрбуі үшін 30 тәулікке дейін қажет болуы мүмкін.

Қайталану ықтималдығын азайту мақсатында кешкілік немесе ұйықтар алдында 50-100 мг демеуші до-засын қабылдау керек.

Балалар: препаратты 16 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер: ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне үш рет 10-25 мг құрап, қажет болса, біртіндеп арттырылады.

Жоғары дозаларды көтере алмайтын осы жас тобындағы пациенттер үшін 50мг тәуліктік доза жеткілікті болуы мүмкін. Қажет болатын тәуліктік дозасын не бірнеше қабылдауларға бөліп, не бір рет, дұрысы кешкілік немесе ұйықтар алдында тағайындауға болады.

Қолдану тәсілі

Таблеткаларды шайнамай әрі сумен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн.

Препаратты дәрігер тағайындаған мерзімдерге сәйкес қабылдау керек, өйткені емдеуді өз бетінше тоқ-тату денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

Науқастың жағдайында жақсарудың болмауын ем басталған соң 4 аптаға дейін байқауға болады.

Әзірге Амитриптилин 25мг №50 табл. Лекхим пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады