Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ибуфен Д форте 200мг/5мл 100мл сусп. от 1года малина*

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Ибупрофен
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Элемент коды::
01111?0??11??2
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Шығу тегі әртүрлі дене қызуы жоғарылаған кезде:

- суық тию ауруларында

- жедел респираторлық вирусты инфекцияларда

- тұмауда

- баспада, фарингитте

- дене қызуының көтерілуімен қатар жүретін балалар инфекциясында

Шығу тегі әртүрлі әлсіз және орташа қарқындылықтағы ауыру синдромында:

- ортаңғы құлақ қабынуы кезіндегі құлақ ауыруында

- тіс ауырғанда, тіс ауыртып шыққанда

- бас ауыруында, бас сақинасында

- невралгияда

- ревматизмдік ауыруларда

- бұлшықет, буындар ауырғанда

- қимыл-тірек аппаратының жарақатында.

- ибупрофенге немесе препараттың басқа да құрамдастарына, сондай-ақ қабынуға қарсы стероидты емес басқа да дәрілік препараттарға жоғары сезімталдықта

- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаған-нан кейін ертеректе аллергиялық симптомдардың тұмау, тері бөртпелері немесе бронхтық түйілу реакци-ясы түрінде пайда болуы

- асқазан-ішек жолынан белсенді қан кетуі

- асқазанның ойық-жаралы ауыруы және он екі елі ішектің асқыну фазасында

- бауыр және бүйрек функциясының айқын жеткіліксіздігінде

- қан ауруында (қан кету бейімділігінде, гемофилияда, гипокоагуляцияда, геморрагиялық диатезде)

- бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығында

- жүктіліктің III триместрінде және лактация кезеңінде

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Пайда болу жиілігіне байланысты жағымсыз әсерлерді мынадай топтарға бөледі:

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- жүрек айнуы, қыжыл, диарея, іштің ауыруы

- бас ауыруы

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Сирек (>1/10000, <1/1000)

- құсу, метеоризм, іш қатуы, асқазан-ішек жолының қабынуы

- бас айналуы, қозу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, депрессия, сананың шатасуы, елестеулер

- ісіну синдромы

Өте сирек (<1/10000)

- асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жаралы зақымдануы, ауыздың құрғауы, Крон ауруы, стоматит, гепатит, панкреатит, бауыр функциясының бұзылуы

- асептикалық менингит

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, нефроздық синдром, аллергиялық нефрит, полиурия, цистит

- анемия (оның ішінде, гемолитикалық, апластикалық), тромбоцитопения және тромбоцитопениялық пурпура, агранулоцитоз, лейкопения

- Квинке ісінуі, ангионевроздық ісіну, анафилактоидты реакциялар, анафилаксиялық шок, бронх түйі-луі, қызба, көптүрлі экссудативті эритема (оның ішінде, Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидер-мальді некролиз (Лайелл синдромы), эозинофилия, аллергиялық ринит

- қайтымды уытты көру невриті, көрудің бұлыңғырлануы, қосарлана көріну, конъюктивит

- тер бөлінуінің күшеюі

- қан кетулер (асқазан-ішектік, қызыл иектік, жатырлық, геморроидальді)

Жекелеген жағдайда

- естудің төмендеуі, құлақтағы шуыл

- депрессия

- жүрек жеткіліксіздігі, АҚ жоғарылауы, тахикардия

Ішке қабылданады.

5 мл суспензияның құрамында 200 мг ибупрофен бар.

Қолданар алдында біртекті суспензияны алғанға дейін шайқау керек.

Дәрілік препаратты ас ішкеннен кейін судың мол мөлшерімен бірге қабылдайды.

Қаптамаға қоса берілген шкаласы бар өлшеуіш стақан препаратты дәл дозалауға мүмкіндік береді

Доза баланың жасына және дене салмағына байланысты анықталады.

Ибуфен ® Д Форте препаратының бір реттік дозасы тәулігіне 3-4 рет баланың дене салмағына 5-10 мг/кг құрайды. Суспензияның ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды.

Препаратты төменде көрсетілген сызба бойынша бір реттік дозаларда тағайындайды:

1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар (10-12кг): бір реттік доза 2,5мл (ол 100мг ибупрофенге сәйкес). Ең жоғарғы тәуліктік доза 7.5мл (300мг ибупрофен).

3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар (13-19кг): бір реттік доза 2,5мл (ол 100мг ибупрофенге сәйкес). Ең жоғарғы тәуліктік доза 10 мл (400 мг ибупрофен).

6 жастан 9 жасқа дейінгі балалар (20-29кг): бір реттік доза 5,0мл (ол 200мг ибупрофенге сәйкес).  Ең жоғарғы тәуліктік доза 15 мл (600 мг ибупрофен).

10жастан 12жасқа дейінгі балалар (30-39кг): бір реттік доза 5,0мл (ол 200мг ибупрофенге сәйкес). Ең жоғарғы тәуліктік доза 20 мл (800 мг ибупрофен).

12 жастан және одан үлкен балалар (40кг астам): бір реттік доза 5,0-10,0мл (ол 200-400мг ибу-профенге сәйкес). Ең жоғарғы тәуліктік доза 30 мл (1200 мг ибупрофен)

Ең төменгі аралық кезекті дозалар арасымен кем дегенде 4-6 сағатты құрауы тиіс.

1 жасқа дейінгі балаларға дәрілік препараты тек дәрігердің кеңесінен кейін оның ұсынымына сай қол-дану керек.

Препаратты дәрігердің бақылауынсыз 3 күннен астам қолдануға болмайды.

 

Әзірге Ибуфен Д форте 200мг/5мл 100мл сусп. от 1года малина* пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады