Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Элфунат 50мг/2мл №10 амп Уролд Медицин

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Этилметилгидроксипиридин сукцинатi
Фармакологиялық топ:
Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар
Элемент коды::
8680199755626
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- ми қанайналымының жедел бұзылуларында;

- бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақаттарының салдарында;

- дисциркуляторлық энцефалопатияда;

- вегето-қантамырлық (нейроциркуляторлық) дистонияда;

- ми функцияарының атеросклероздан туындаған бұзылуларында (жеңіл когнитивтік бұзылыстарда);

- невроздық және неврозтәрізді жағдайлар кезіндегі үрейлі бұзылыстарда;

- жедел миокард инфарктісінде (алғашқы тәуліктерден бастап) кешенді ем құрамында;

- клиникалық көрінісінде невроздық және вегето-қантамырлық бұзылыстар басым маскүнемдік кезіндегі абстиненттік синдромда;

- нейролептиктермен жедел уыттануда;

- жедел іріңді-қабынумен жүретін үдерістерінде (жедел некроздық панкреатитте, перитонитте) кешенді ем құрамында;

- бастапқы ашықбұрышты глаукоманың түрлі сатыларында кешенді ем құрамында

 

 

- аса жоғары сезімталдық

- бауырдың және/немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- жүктілік

- лактация кезеңі

 

 

Жағымсыз әсерлерінің төменде пайдаланылған параметрлері келесідегідей анықталған: жиілігі нақты анықталмаған – жиілік параметрлерін қолда бар мәліметтер бойынша бағалау мүмкін емес.

Ас қорыту жүйесі тарапынан:

- жүрек айнуы, ауыздың құрғауы.

Басқа да:

- аллергиялық реакциялар

- ұйқышылдық, ұйықтап кету үдерісінің бұзылуы

- бас ауыруы, артериялық қысымның (АҚ) жоғарылауы немесе төмендеуі.

 

 

Элфунат бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) енгізу үшін қолданылаты. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 1200 мг аспауы тиіс.

Енгізудің инфузиялық тәсілі кезінде препаратты 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылту керек.

Препаратты сорғалатып 5-7 минут бойы баяу, тамшылатып - минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен енгізеді.

Ми қанайналымының жедел бұзылулары кезінде - алғашқы 10-14 күн бойы тәулігіне 2-4 рет 200-500 мг-ден вена ішіне тамшылатып, содан соң – 2 апта бойы тәулігіне 2-3 рет 200-250 мг-ден бұлшықет ішіне.

Бассүйек-ми жарақатында және бассүйек-ми жарақаттарының салдарларында - 10-15 күн бойы тәулі-гіне 2-4 рет 200-500 мг-ден вена ішіне тамшылатып.

Декомпенсация фазасындағы дисциркуляторлық энцефалопатияда - 14 күн бойы тәулігіне 1-2 рет 200-500 мг-ден вена ішіне сорғалатып немесе тамшылатып, содан соң – кейінгі 2 апта бойы тәулігіне 100-250 мг-ден бұлшықет ішіне.

Дисциркуляторлық энцефалопатияның курстық профилактикасы үшін - 10-14 күн бойы тәулігіне 2 рет 200-250 мг-ден бұлшықет ішіне.

Вегето-қантамырлық дистония мен невроздық және неврозтәрізді жағдайлар кезіндегі үрейлі бұзылыс-тар кезінде - 14 күн бойы бұлшықет ішіне тәулігіне 50-400 мг-ден.

Жеңіл когнитивтік бұзылыстар кезінде - 14-30 күн бойы бұлшықет ішіне тәулігіне 100-300 мг-ден.

Жедел миокард инфарктісіндегі кешенді ем құрамында Элфунат препаратын 14 тәулік бойы, миокард инфарктісінің нитраттар, бета-адреноблокаторлар, ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштері, тромбо-литиктер, антикоагулянттық және антиагреганттық дәрілер, сондай-ақ, көрсетілімдері бойынша симпто-матикалық дәрілер кірістірілген дәстүрлі емі аясында вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізеді. Алғашқы 5 тәулікте ең жоғарғы әсеріне қол жеткізу үшін, препаратты вена ішіне енгізген дұрыс, одан кейінгі 9 тәулік бойы бұлшықет ішіне енгізуге болады.

Препаратты вена ішіне енгізу тамшылы инфузия жолымен, баяу (жағымсыз әсерлерін болдырмау үшін) 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісінде 100-150 мл көлемінде 30-90 минут ішінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда препаратты кемінде 5 минут бойы баяу сорға-латып енгізуге болады.

Препаратты енгізу (вена ішіне немесе бұлшықет ішіне) тәулігіне 3 рет, әр 8 сағат сайын жүзеге асыры-лады. Тәуліктік емдік дозасы дене салмағына 6-9 мг/кг құрайды, бір реттік дозасы – дене салмағына 2-3 мг/кг. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 800 мг, бір реттік дозасы - 250 мг аспауы тиіс.

Абстинентті алкогольдік синдромда - 5-7 күн бойы вена ішіне тамшылатып немесе бұлшықет ішіне тәу-лігіне 2-3 рет 200-500 мг-ден.

Психозға қарсы дәрілермен жедел уыттану кезінде – 7-14 күн бойы вена ішіне тәулігіне 200-500 мг-ден.

Құрсақ қуысының жедел іріңді-қабынумен жүретін үдерістерінде (жедел некрозды панкреатитте, пери-тонитте) препарат операция алдындағы және операциядапн кейінгі кезеңдерде алғашқы тәуліктерде тағайындалады.

Енгізілетін дозалары аурудың түрі мен ауырлығына, үдерістің таралуына, клиникалық ағымының нұсқа-ларына тәуелді. Препаратты тоқтату біртіндеп, клиникалық-зертханалық әсері тұрақты түрде оңалған-нан кейін ғана жүргізілуі тиіс.

Жедел ісінумен жүретін (интерстициальді) панкреатитте - тәулігіне 3 рет 200-500 мг-ден вена ішіне тамшылатып (0,9% натрий хлориді ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне енгізеді.

Ауырлығы жеңіл дәрежедегі некрозды панкреатитте – тәулігіне 3 рет 100-200мг-ден вена ішіне тамшы-латып (0,9% натрий хлориді ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне енгізеді.

Ауырлығы орташа дәрежедегі некрозды панкреатитте - тәулігіне 3 рет 200мг-ден вена ішіне тамшыла-тып (0,9% натрий хлориді ерітіндісінде).

Ауыр ағымды некрозды панкреатитте – алғашқы тәуліктерде тәулігіне 800 мг дозада вена ішіне тамшы-латып, екі есе енгізу режимінде қолданылады; содан соң – тәуліктік дозасын біртіндеп азайта отырып, тәулігіне 2 рет 200-500 мг-ден енгізеді.

Некрозды панкреатиттің аса ауыр түрінде бастапқы дозасы панкреатогендік шок көріністері тұрақты басылғанға дейін тәулігіне 800 мг құрайды, жағдай тұрақтанған кезде – тәулігіне 2 рет 300-500 мг-ден вена ішіне тамшылатып (0,9% натрий хлориді ерітіндісінде) енгізе отырып, тәуліктік дозасы біртіндеп азайтылады.

Түрлі сатылардағы ашықбұрышты глаукома кезінде кешенді емнің құрамында – 14 күн бойы тәулігіне 1-3 реттен, бұлшықет ішіне тәулігіне 100-300 мг.

 

Әзірге Элфунат 50мг/2мл №10 амп Уролд Медицин пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады