Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Тобраменс 3мг 5г гл.мазь Неолайф

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз майы
Белсенді зат:
Тобрамицин
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
3800714703221
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- тобрамицинге сезімтал бактериялар туындатқан көздің және оның қосалқы аппаратының сыртқы инфек-цияларын емдеу үшін

 

 

- тобрамицинге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- 1 жасқа толмаған балалар

 

 

Шамамен 1,4% және 1,2% пациентте көрініс табатын көз гиперемиясы және көздің жайсыздығы сияқты жағымсыз реакциялар туралы жиі хабарлайды.

Жағымсыз реакцияларды жіктеу үшін олардың пайда болу жиілігі негізінде келесі тізбектілік пайдала-нылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 <1/1000 дейін), өте сирек (&lt;1/10000), жиілігі белгісіз (жиілігі қолда бар деректер негізінде анық-талуы мүмкін емес).

Жиі

- көздің жайсыздығы, көз гиперемиясы, көз тарапынан болатын аллергиялық реакциялар, қабақтың қышуы.

Жиі емес

- аса жоғары сезімталдық

- бас ауыруы

- кератит, мөлдір қабықтың жұқаруы, көрудің нашарлауы, көрудің бұлыңғырлануы, қабақ эритемасы, көзден шығатын түнгі бөлініс, конъюнктива ісінуі, қабақтың ісінуі, көздің ауыруы, көздің құрғауы, көз-дің қышуы, көп жас ағу, көзде бөгде затты сезіну.

- есекжем, дерматит, кірпік түсуі, тері пигментациясының бұзылуы, терінің қышуы, құрғауы.

Жиілігі белгісіз

- көздің тітіркенуі

- бөртпе, эритема.

Кейбір жағымсыз реакцияларды сипаттау

Кейбір пациенттерде жергілікті қолдануға арналған аминогликозидтерге сезімталдық дамуы мүмкін.

Нейроуыттылықты, отоуыттылықты және бүйрек уыттылығын қоса күрделі жағымсыз реакциялар тоб-рамицинмен жүйелі ем алып жүрген пациенттерде дамыды. Алайда, тобрамицинді жергілікті қолдану-дан кейін жоғарыда аталған реакциялар көрініс таппады.

 

 

Дозалануы

Жасөспірімдерде, ересетерде және егде пациенттерде қолдану Дозасы мен емдеу ұзақтығын емдеу дәрігер анықтайды.

Ауыртатын ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі жағдайларда дәрілік препараттың аздаған мөлшерін (ұзындығы 1,5 см жолақ) тәулігіне екі немесе үш рет зақымданған көздің (көздердің) конъ-юнктивальді қабына жағу ұсынылады.

Аурудың күрделі жағдайларында дәрілік препараттың аздаған мөлшерін (ұзындығы 1,5 см жолақ) бі-рінші-екінші күні үш-төрт сағат сайын, сосын инфекция жазылғанға дейін күніне екі-үш рет зақымдан-ған көздің (көздердің) конъюнктивальді қабына жағу ұсынылады.

Жүргізіліп отырған емге мезгіл-мезгіл бактериялық жауапты бағалау қажет.

Емдеу ұзақтығы инфекцияның түріне байланысты және екі күннен бірнеше аптаға дейін ауытқуы мүм-кін.

Балалар

Тобраменс 3 мг/г көзге арналған жақпамайын бір жастан асқан балаларға ересектердікіндей дозада қолдануға болады. Балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бұл пациенттер тобында көз ауруларын емдеуге арналған құрамында тобрамицин бар препараттарды қолдану туралы деректер жоқ.

Тобрамициннің жүйелік сіңірілуінің төмендегіне байланысты көзге жергілікті қолданудан кейін арнайы дозалау талап етілмейді.

Қолдану тәсілі

Препарат Тобраменс көзге жергілікті қолдануға арналған. Ұштықты немесе препаратты ықтимал ластап алмау үшін түбек ұшын қабаққа, оларды қоршаған беткейлерге немесе басқа жерлерге тигізуге бол-майды.

Сықпаны қолданудан кейін бірден жабу керек.

Көзге жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен қатарлас емдеу кезінде жағу ара-сында кемінде 5-минуттық аралық сақтау қажет. Көзге арналған жақпамайды соңғы кезекте жаққан жөн.

 

Әзірге Тобраменс 3мг 5г гл.мазь Неолайф пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады