- гентамицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан қайталанған инфекциямен асқынатын ауру неме-се осындай инфекцияның қосылу мүмкіндігіне күдік болған жағдайда кортикостероидты препараттарға сезімтал қабыну дерматоздары.
- бетаметазонға, гентамицинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- терінің вакцинадан кейінгі реакциялары
- терінің вирустық, бактериялық және зеңдік аурулары (пиодермия, сифилис, терінің туберкулезі, жел-шешек, герпес, актиномикоз, бластомикоз, споротрихоз)
- периоральді дерматит, розацеа
- созылмалы веноздық жеткіліксіздіктің аясында трофикалық ойық жара
- көздің аурулары
- аминогликозидтерді бірге жүйелік енгізу (қан сарысуындағы уытты концентрацияға қол жетізу қаупіне байланысты)
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
- 1 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік
- невустар
- терінің ісіктері (терінің обыры, атерома, эпителиома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома).
- терінің аса жоғары сезімталдығы (күйдіріп-ашыту сезімі, қышыну, тітіркенуі, құрғауы)
- фолликулит
- гипертрихоз
- безеу тәрізді бөртпе
- гипопигментация
- периоральді дерматит
- аллергиялық жанаспалы дерматит
- терінің мацерациясы
- терінің атрофиясы
- стриялар
- терібөртпе
- терінің қайталанған инфекциясы
Балаларда жүйелі жағымсыз әсерлер:
- гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеуі
- өсудің бәсеңдеуі, еңбектің ісінуімен, бас ауруымен бірге жүретін бассүйек іші қысымының артуы
- салмақ қосудан қалу
- Кушинг синдромы
Бетаметазонды сыртқа қолданған кезде жүйелі жағымсыз әсерлер ұзақ уақыт емдеудің, терінің үлкен аумағына жағу, тұтастығы бұзылған теріге жағу салдарларынан, окклюзиялық таңғыштың астына пай-даланған кезде болады.
- өсудің іркілуі, Иценко-Кушинг синдромы, емдеу аяқталғаннан кейін бассүйек іші қысымының қатерсіз артуы, гипергликемия, глюкозурия, гипокалиемия, артериялық қысымның жоғарылуы.
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Егер басқасы көрсетілмесе, Акридерм ГЕНТА препаратын ересектерде күніне бір немесе екі рет және балаларда күніне бір рет жағуға болады.
Жағдайы (зақымдану ошағы) жақсарған жағдайда препаратты жағу жиілігі азайтылуы мүмкін.
Препаратты жұқа үлбір түрінде, терінің зақымданған бөлігіне жеңіл ысқылай отырып жаққан жөн. Терінің өңделетін аумағы дене беткейінің жалпы алаңының 10% аспауы тиіс. Балаларда бұл препарат мүмкіндігінше ең қысқа уақыт кезеңінде және терінің аздаған аумағына қолдану керек.
Балаларда препаратты қолдану сақтықты қажет етеді, себебі ересектерде кортикостероидты препарат-тарды қолданумен салыстырғанда балаларда бетаметазон мен гентамициннің тері арқылы сіңірілу дең-гейі жоғары.
Бетаметазонның сіңірілу мүмкіндігіне байланысты бұл препаратты окклюзиялық таңғышпен және жөр-гекпен бірге пайдаланбаған жөн.
Препараттың құрамында гентамициннің бар болуына байланысты ересектерде емдеу мерзімі 7-10 күннен, ал балаларда 7 күннен аспауы тиіс.
Тиісті клиникалық жағдайларда (күшті кортикостероидтарды енгізу қажеттігі болмаған жағдайда кейбір дерматоздар кезінде немесе гентамицинге сезімтал суперинфекцияның қоздырғыштары жоқ болғанда) монотерапия түрінде соншалықты күшті әсер етпейтін кортикостероидпен немесе басқа антибиотикпен жалғастыруға болады.