- Candida albicans туындатқан кандидоздық вульвовагинит
- анаэробты бактериялар және Gardnerella vaginalis туындатқан бактериялық вагиноз
- Trichomonas vaginalis туындатқан трихомонадалық вагинит
- аралас қынаптық инфекциялар.
- белсенді субстанцияларға немесе олардың туындыларына жоғары сезімталдық
- емдеу уақытында немесе ем аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде алкоголь қабылдаған пациенттер
- емдеу уақытында немесе ем аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде дисульфирам қабылдаған пациенттер
- жүктіліктің бірінші триместрі
- порфирия
- эпилепсия
- бауыр функциясының ауыр бұзылуы.
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі келесі принциппен ұсынылған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағлау мүмкін емес).
Жүйелі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі препаратты қынапқа енгізгенде қан плазмасындағы метронидазолдың өте төмен деңгейіне байланысты төмен (пероральді қолданумен салыстырғанда 2–12%).
Миконазол нитраты қынап ішіне қолданылатын имидазол туындыларының мөлшері (2–6%) бар барлық басқа да зеңге қарсы дәрілер сияқты қынапты тітіркендіруі (шымылдату, қышыну) мүмкін. Бұл симп-томдар емді жалғастырғанда жылдам кетеді. Ауыр тітіркену туындаған жағдайда емді тоқтату қажет.
Препараттың белсенді компоненттерін жүйелі (атап айтқанда, пероральді) қолдануға байланысты жа-ғымсыз әсерлерге мыналар жатады:
Қан және лимфа жүйесі тарапынан:
Белгісіз
- лейкопения
Иммундық жүйе тарапынан:
Белгісіз
- жоғары сезімталдық реакциялары, аллергия, анафилаксия ауыр жағдайларда байқалуы мүмкін.
Психикалық бұзылыстар:
Жиі емес
- депрессия
Очень редко
- психикалық-эмоционалдық бұзылыстар
Жүйке жүйесі тарапынан:
Жиі
- бас айналуы, бас ауыруы
Белгісіз
- қажу немесе әлсіздік, атаксия, құрысулар, метронидазолмен белсенді және/немесе ұзақ емдеуден шеткері нейропатия
Ас қорыту жолы тарапынан:
Белгісіз
- дәм сезудің өзгеруі, металл дәмін сезіну, жүрек айнуы, құсу, іш қату, ауыздың құрғауы, диарея, тәбет болмауы, іштің ауыруы немесе түйілуі Жалпы жағдайдың және енгізу орнындағы жағдайдың бұзылуы:
Өте жиі
- қынаптық бөліністер
Жиі
- вагинит, вульвовагинальді тітіркену, қынаптағы жайсыздық
Жиі емес
- шөлдеу
Сирек
- қынаптың ысынуын сезіну, қышыну, тітіркену, бөртпе
Белгісіз
- жергілікті тітіркену және жоғары сезімталдық, жанаспалы дерматит.
Қынап ішіне.
Бір суппозиторийден 7 күн бойы ұйықтар алдында және таңертең қынапқа терең енгізеді. Ауру қайталан-ған жағдайда 14 күн бойы ем (бір суппозиторийден таңертең және ұйықтар алдында) жүргізу ұсынылады.