Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Клобефорд 0,5мг/г 30г крем д/наруж.прим. в тубе

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Крем
Белсенді зат:
Клобетазол
Фармакологиялық топ:
Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Элемент коды::
0321321654654
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

Клобефорд төмендегілер сияқты дерматоздың біршама резистентті түрлерін қысқа мерзімді емдеу үшін қолданылады:

- псориаз (кең таралған түйіндақты псориазды қоспағанда)

- дерматоздың рефрактерлі түрлері (емдеуге берілуі қиын)

- қызыл жалпақ теміреткі

- дискоидты қызыл жегі

- белсенділігі аз глюкокортикоидтармен емге резистентті басқа да тері аурулары

 

 

- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық

- терінің емделмеген инфекциялары

- вирустардан болатын тері зақымданулары (қарапайым герпес вирусы, желшешек)

- кәдімгі безеулер (жеткіншектік безеулер)

- розацеа (қызғылт безеулер)

- қабыну болмаса да терінің қышынуы

- периоральді дерматит

- перианальді және генитальді қышыну

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде (қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер жоқ)

Препаратты зеңдік (мысалы, кандидоз, трихофития) немесе бактериялық (мысалы, импетиго) инфекция тудырған біріншілік тері зақымдануларын емдеу үшін сыртқа қолдануға болмайды.

 

 

Төменде жағымсыз құбылыстар жүйе-ағза класына және кездесу жиілігіне қарай атап көрсетілген. Кездесу жиілігі былайша анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000) және өте сирек (<1/10 000), жекелеген жағдайларды қоса.

Постмаркетингтік қолдану деректері

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Өте сирек

- оппортунистік инфекциялар

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Өте сирек

- аса жоғары сезімталдық

- жайылған бөртпе

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Өте сирек

- гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесінің бәсеңдеуі – Кушингоид немесе гиперкортицизм белгілері: (мысалы, ай тәрізді бет, орталық типті семіру), балаларда денеге салмақ қосу іркілісі / өсу кідірісі, остеопороз, глаукома, гипергликемия / глюкозурия, катаракта, гипертония, дене салмағының артуы/семіздік, эндогенді кортизол деңгейлерінің төмендеуі, алопеция, шаштың ұштануы.

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі

- қышыну, жергілікті ашыту сезімі / терінің ауырсынуы

Жиі емес

- жергілікті тері атрофиясы*

- стриялар*

- телеангиэктазиялар*

Өте сирек

- терінің жұқаруы* (ұзақ уақыт және қарқынды емдеу кезінде)

- теріні әжім басуы*, терінің құрғауы*

- пигментация өзгерісі*, гипертрихоз

- ауру симптомдарының өршуі

- дерматит

- пустулезді псориаз

- эритема, бөртпе, қышыну, есекжем, аллергиялық жанаспалы дерматит/дерматит

- акне (безеу бөртпесі)

Аса жоғары сезімталдық белгілері білінгенде препаратты қолдануды тоқтату керек.

Белсенділігі жоғары ГКС-мен ұзақ уақыт және қарқынды емдеу жолақтар мен терінің жұқаруы сияқты атрофиялық өзгерістерді туындатуы мүмкін.

Сирек жағдайларда псориазды ГКС-мен емдеу (немесе оны тоқтату) аурудың пустулезді түріне түрткі болуы мүмкін.

Белсенділігі жоғары ГКС-мен ұзақ уақыт және қарқынды емдеу, әсіресе, герметикалық таңғыштарды пайдаланғанда немесе препаратты тері қатпарларына ысқылап жаққанда беткейлік қан тамырларының кеңеюіне әкелуі мүмкін.

Жалпы сипаттағы асқынулар және жаққан жердегі реакциялар

Өте сирек

- жаққан жердегі тітіркену және/немесе ауырсыну

* Тері көріністері гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесін бәсеңдететін жергілікті және/немесе жүйелі әсерлерге қатысты салдарлы сипатта болады.

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы есеп беру

Препараттың болжамжы жағымсыз реакциялары туралы есеп беру дәрілік заттың қауіп/пайда арақа-тынасына үздіксіз мониторинг жасауға мүмкіндік беретін өте маңызды сәт болып табылады. Медициналық қызметкерлер нұсқаулық соңында көрсетілген байланыс деректері бойынша, сондай-ақ ұлттық есеп беру жүйесі арқылы кез келген болжамды қолайсыз реакциялар туралы ақпаратты ұсыну керек.

 

 

Дозалануы және енгізу әдісі

Клобефорд терінің ылғалды және сулы бөліктерін емдеу үшін пайдалануға ұсынылады.

Клобефордты күніне бір немесе екі рет пайдалану керек. Жақсару үшін емдеуді 4 аптадан асырмай жалғастыру керек, содан кейін қолдануды азайту немесе әсері аздау өнімді пайдаланған жөн. Кремді күніне бір немесе екі рет бүкіл зақымданған аумақты жабуға жеткілікті мөлшерде жұқа қабатпен жаға-ды және жақсару басталғанша абайлап ыcқылайды (ауырлау жай-күйлер жағдайында қолдануды бір-неше күн бойы жалғастыруға болады), артынан жағу жиілігін азайту немесе белсенділігі аз препарат-ты пайдалануға көшу ұсынылады. Кез келген басқа жұмсартқыш затты қолданар алдында препаратты әр жағудан соң кремнің сіңіп кетуіне мүмкіндік беру керек.

Басқа белсенділігі жоғары глюкокортикостероидтар (ГКС) қолдану кезіндегідей, аурудың бақылануына жеткеннен кейін емдеуді тоқтату керек. Емдеу нәтижесінде жақсару әркімде жеке басталады, емді жақ-сы көтеретін пациенттерде нәтиже бірнеше күн ішінде білінуі мүмкін.

Аурудың өршуінен сақтану үшін клобетазол пропионатымен қайталанатын қысқа емдеу курстарын жүр-гізуге болады.

Резистентті ауруларды емдегенде, әсіресе, гиперкератоз кезінде, дермоваттың тиімділігін окклюзиялық таңғышты (мысалы, полиэтилен үлбірді) қолдану есебінен арттыруға болады. Әдетте, окклюзиялық таңғышты түнде ғана пайдалану айқын жақсаруға әкеледі, оны окклюзиялық таңғышсыз дәрілік өнімді пайдаланып сақтап тұруға болады.

Егер жағдайдың жақсаруы 2-4 апта ішінде басталмаса, диагнозды нақтылау немесе қайта қарау қажет. Егер ұзақ емдеу қажет болса, күшті әсер етуі аз басқа препараттарды пайдалану керек.

Клобетазолмен емдеуді ауруды бақылауға қол жеткізе салысымен, біртіндеп тоқтату керек, ал кез кел-ген басқа жұмсартқыш дәріні қолдану демеуші ем ретінде жалғастырылуы тиіс.

Ең жоғары апталық доза аптасына 50 г-ден аспауы тиіс.

Атопиялық дерматит.

Атопиялық дерматитті емдеген кезде, жақсарғаннан кейін, дермоватты пайдалануды біртіндеп тоқтату керек, ал жұмсартқыш дәрі демеуші ем ретінде пайдаланылады.Клобетазолды күрт тоқтату бұрын бол-ған дерматоздың қайталануына әкелуі мүмкін.

Аурудың қайталануы жиі болатын пациенттер

Сыртқа қолдануға арналған кортикостероидтарды қолданудың үздіксіз курсының арқасында жедел ауруды емдеу әсеріне жеткен бойда, оны үзік-үзік қолдану мүмкіндігін (күніне бір рет, аптасына екі рет, окклюзиялық таңғышсыз) қарастыруға болады. Осындай емнің қайталанулардың даму жиілігін тиімді төмендететіні белгілі.

Препаратты терінің бұрын зақымданған бөліктерінің бәріне немесе қатты өршіген белгілі аумақтарға жағуды жалғастыру қажет. Осы қолдану сызбасы кез келген басқа жұмсартқыш затты күнделікті жүйелі қолданумен біріктірілуі тиіс. Жағдайды, сондай-ақ емдеуді жалғастырудың пайдасы мен қаупін жүйелі бағалап отыру керек.

Балалар

Клобефордты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Балаларда жергілікті кортикостероидтардың оқшауланған және жүйелі әсерлерінің қаупі жоғарырақ болады. Бұдан басқа, әдетте емдеу уақытының қысқарағы және әдеттегіден гөрі тиімділігі төменірек кортикостероидтарды пайдалану қажет етіледі.

Клобефордпен емдеу кезінде сақтық таныту және емдік әсерді қамтамасыз ету үшін оны мүмкіндігінше ең аз дәрежеде пайдалану керек.

Егде жастағы пациенттер

Клиникалық зерттеулерде препараттың егде және жастау пациенттердегі тиімділігінің қандай да бір айырмашылықтары анықталмаған. Егде жастағы пациенттерде бауыр немесе бүйрек функциясы төмен-деуінің кеңінен таралуы препараттың ол жүйелі сіңірілген жағдайда баяу шығарылуына әкелуі мүмкін. Демек, ол қажетті клиникалық әсерге жету үшін тым аз мөлшерде және мүмкін болатын ең қысқа ке-зеңде қолданылуы тиіс.

Бүйрек / бауыр функциясының бұзылуы

Препарат жүйелі сіңірілген жағдайда (ұзаққа созылатын кезең бойы терінің ауқымды беткейлеріне жақ-қанда) оның метаболизмі мен шығарылуы баяулап, жүйелі уыттанудың жоғары даму қаупіне әкелуі мүмкін. Демек, ол қажетті клиникалық әсерге жету үшін тым аз мөлшерде және мүмкін болатын ең қысқа кезеңде қолданылуы тиіс.

Егер препарат қолды емдеуге арналмаса, пациенттерге клобетазол пропионатын қолданудан кейін қолды жууға кеңес беріледі.

 

Әзірге Клобефорд 0,5мг/г 30г крем д/наруж.прим. в тубе пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады