Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Немозол суспензия 100мг/5мл, 20мл Индия

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Албендазол
Фармакологиялық топ:
Антигельминттік препараттар
Элемент коды::
8901079004468
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 400 ₸
Бонустарды сатып алу: 42.00
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

ішек нематодоздар: аскаридозда, энтеробиозда, трихоцефалёзда, анкилостомидозда, стронгилоидозда

тіндік нематодоздар: трихинеллезда, токсокарозда

тіндік цестодоздар: тениозда, цистицеркозда (соның ішінде, нейроцистициркоз), гименолипидозда, эхинококкозда (кисталық, альвеококкоз) описторхозда, клонорхозда лямблиозда

- албендазолға және дәрілік заттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- көздің торқабығының патологиясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

- аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыну, есекжем, эритема, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы

- бас ауыруы, бас айналуы

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қатуы

- бауыр энзимдері деңгейінің жоғарылауы, гепатит

- лейкопения, панцитопения, агранулоцитоз, тромбопения

- қызба

- артериялық қысымның жоғарылауы

- бүйрек функциясының бұзылулары

- апластикалық анемия, сүйек кемігінің бәсеңдеуі, нейтропения

Суспензияны тамақтану кезінде немесе тамақ ішкеннен кейін ішке қабылдайды, сумен ішіп жіберуге болады. Іш жүргізетін препараттарды қабылдау мен арнайы емдәм қажет емес. Отбасы мүшелерінің барлығына бір мезгілде ем жүргізу ұсынылады. Дозасы жекелей, гельминттің түріне және науқастың дене салмағына байланысты белгіленеді.

Ішек нематодоздарын емдеу

Аскаридоз, трихоцефалез (түктібас)

Немозолды ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг дозада (20 мл суспензия) тәулігіне бір рет немесе тамақтан соң 2 қабылдауға бөліп, 6 -12 жастағы балаларға – 200 мг (10 мл суспензия) бір рет тағайындайды, қажет болса 3 аптадан соң қайталайды.

Арнайы дайындық пен емдәм қажет емес.

Энтеробиоз (острицалар)

Препаратты ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг дозада (20 мл суспензия), 6 жастан асқан және 12 жасқа дейінгі балаларға кг дене салмағына 5 мг бір рет тағайынду жеткілікті. Дайындалу да, емдәм де қажет емес. 14 күннен соң емдеу курсын дәл сол дозасында және дәл сол режимде қайталау керек.

Стронгилоидоз (ішек угрицасы)

Препарат ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг (20 мл суспензия), 6 жастан асқан және 12 жасқа дейінгі балаларға 3 күн бойы кг дене салмағына 10 мг дозада бір рет тағайындалады. Бір апта-дан соң емдеу циклін дәл сол дозаларында қайталап жүргізу ұсынылады.

Анкилостомидоз (кривоголовка)

Препараттың дозалары, стронгилоидозды емдеу кезіндегідей. Қатар емдеген кезде тиімділігі 85% құ-райды, ал курсты 2–3 күнге дейін ұзартқан кезде ол жоғарылайды.

Тіндік нематодоздарды емдеу

Трихинеллез

Трихинеллезді емдеудің стандартты сызбалары жоқ. Емдеу инвазия мерзімдерін, оның клиникалық көріністерін, сондай-ақ науқастың жағдайын ескере отырып, жекелей жүргізіледі. Немозолды 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға кг дене салмағына тәулігіне 10 мг дозада, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (дене салмағы 60 кг асатын) орташа дозасы 800 мг (40 мл суспензия) 7 – 10 күн бойы тәу-лігіне 2 қабылдауға бөліп, тамақтан кейін тағайындайды.  Ауыр инвазия мен ағзалардың зақымдалуы кезінде де (миокардит, пневмонит, менингоэнцефалит) глюкокортикостероидтар мен симптоматикалық дәрілер тағайындалады. Емдеудің тиімділігі клиникалық, зертханалық және инструментальді көрсеткіш-тер бойынша бағаланады (температураның қалыпқа түсуі, бұлшықеттер ауыруының тыйылуы, ісіктер-дің жоғалуы, электрокардиограмманың қалыпқа түсуі, өкпенің зақымдалу белгілерінің физикальді және рентгенологиялық белгілерінің жоғалуы, неврологиялық симптоматиканың регрессиясы, қан эозинофи-лиясының төмендеуі және т.б.).

Токсокароз

Немозол 6 жастан асқан және 12 жасқа дейінгі балаларға кг дене салмағына тәулігіне 10мг дозада, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (дене салмағы 60кг артық болса) 800мг орташа дозасы (40 мл суспензия) 10 күн бойы тәулігіне 2 қабылдауға бөліп, тамақтан соң тағайындалады. Әдетте, емдеу курстарын айына 2 апта аралықпен жүргізу ұсынылады. Жағымсыз реакциялары сирек, жеңіл диспе-сиялық бұзылыстармен білінеді. Аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы аса сирек байқалады.

Тіндік цестодоздарды емдеу

Кисталық эхинококкоз

Эхинококкозды емдеу әдетте операция жолымен жүргізіледі. Химиотерапия кисталар жарылған және қоздырғыштар организмге таралған жағдайда, операциядан кейінгі кезеңде, операция кезінде киста-ның бүтіндігі бұзылған жағдайда қоздырғыштар жайылып кету қаупі бар кезде, сондай-ақ көптеген өлшемдері шағын кисталармен (3–5см аспайтын) зақымданулар жағдайларында жүргізіледі. Қайталануына қарсы ем операциядан кейін, шағын өлшемді паразиттің басқа жерлерде болуын жоққа шығаруға болмайтын кездерде ұсынылады. Ауқымды кисталар тиімсіздігіне және препараттың әсерінен киста бүтіндігінің бұзылуы есебінен асқынулардың болуы мүмкіндігіне байланысты талапқа сай емдел-мейді.

Препаратты тағайындар алдында қанға клиникалық талдау, қанды биохимиялық зерттеуді (бауыр-бүйрек кешені) жүргізу қажет. Емдеу зертханалық көрсеткіштер қалыпты кезде жүргізіледі.

Немозол ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (дене салмағы 60кг асатын) 400мг дозада (20мл суспензия) күніне 2 рет, 6 – 12 жас аралығындағы балаларға кг дене салмағына тәулігіне 10 мг дозада 2 – 3 қабылдауға бөліп тамақтан соң тағайындалады.

Емдеу курсының ұзақтығы – 4 апта.

Емдеу үдерісінде әр 5–7 күн сайын қанға және аминотрансферазаларға зерттеу жүргізіледі. Лейкоциттер 3,0х109/л төмендесе және аминотрансферазалар деңгейі 5–6 есе артса, емдеуді көрсет-кіштер қалыпқа түскенге дейін немесе айтарлықтай жақсарғанға дейін тоқтата тұру қажет. Үдемелі лейкопения және гиперферментемия жағдайларында препаратты тоқтату ұсынылады. Емдеу барысын-да және уытты көріністер жағдайларында гепатопротекторларды тағайындаудың тиімділігі аз, препа-ратты тоқтату қажет. Эхинококкозды емдеу бірнеше курспен жүргізіледі.

Немозолды 1 айда 2 апта аралықпен, курстармен тағайындайды. Инвазияның клиникалық айқын түрі-лерін (киста болғанда) емдеу ұзақтығы – 12-18 ай.

Емдеудің тиімділігі инструментальді бақылау және спецификалық антиденелер титрінің динамикасын бақылау кезінде бағаланады. Препараттың тағайындалу көрсетілімдері дұрыс анықталған және дозасы мен курстық емдеу режимі сақталған жағдайда, сауығу байқалады.

Альвеолярлық эхинококкоз

Альвеолярлық эхинококкозды емдеу операция жолымен жүргізіледі. Химиотерапия қосымша дәрі бо-лып табылады. Немозолдың дозалары мен оны тағайындау режимі, кисталық эхинококкоз кезіндегідей. Курспен емдеудің ұзақтығы науқастың жағдайына және препараттың көтерімділігіне қарай анықтала-ды. Тек қана Немозолды қолданған кезде толық сауығып кету болмайды.

Цистицеркоз

Немозол балалар мен 12 жастан асқан балаларға (салмағы 60кг асатын) күніне 3 рет 400мг (20мл сус-пензия), 6 – 12 жастағы балаларға кг дене салмағына 15 мг дозада 3 қабылдауға бөліп, тамақтан соң тағайындалады. Курстың ұзақтығы 28–30 күн.

Препаратты қабылдаудан 2 күн бұрын және препаратты қабылдаудың алғашқы аптасында (кейде көр-сетілімдері бойынша ұзағырақ) глюкокортикостероидтар (40–50мг преднизолон) тағайындалады. Емдеудің алдында, препаратты қабылдау үдерісінде және аяқталған кезде де, эхинококкоздарды емдеу кезіндегідей бақылау жүргізіледі. Мицистицеркозын емдеудің тиімділігі бақылау клиникалық  параметр-лер мен миға жасалған рентген компьютерлік және ядролық-магниттік резонанс томографиясы нәтиже-лері бойынша жүргізіледі. Емдеу тиімді болған жағдайда, ошақтардың жоғалуы және/немесе кальцифи-кациясы байқалады. Көбіне қайталап емдеу курстарын жүргізу қажет болады. Тіпті емдеудің әсері жақ-сы болған жағдайда да, ми тінінің құрылымдық өзгерістерінің тұрақты қалыптасып қалғандығына бай-ланысты, клиникалық симптоматикасының толық регресі басталмауы да мүмкін екендігін естен шығар-мау керек.

Лямблиоз, описторхоз

Ересектер мен 12жастан асқан балаларға салмағы 60кг болса, 3тәулік бойы тәулігіне 1рет 400мг (20мл суспензия), немесе салмағы 60 кг аз болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды қоса, 5-7 күн бойы тәулігіне 1 рет 10-15 мг/кг есебінен.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы–дене салмағы 60кг және одан асатын науқастарға 800мг (40мл суспен-зия), 60кг аз науқастарға – 15мг/кг.

Әзірге Немозол суспензия 100мг/5мл, 20мл Индия пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1400 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
1455 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
1420 ₸  
3
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
1400 ₸  
2
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
1400 ₸  
2
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
1420 ₸  
3
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1400 ₸  
4
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
1400 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады