Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Немулекс гран. 100мг 2г №30пак д/сусп внутрь

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Гранулы
Белсенді зат:
Нимесулид
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
4605964003454
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- жедел ауыруларды емдеуде

- ауыру синдромы бар остеоартритті симптоматикалық емдеуде

- алғашқы дисменореяны емдеуде

Препарат, оның пайдаланған кезде ауыруды және қабынуды азайта отырып, симптоматикалық ем жүргі-зуге арналған, аурудың үдеуіне ықпалын тигізбейді.

Нимесулидті екінші желілі препарат ретінде ғана тағайындаған жөн. Нимесулидпен емдеу жөніндегі шешім нақты емделуші үшін барлық қауіптерге баға беру негізінде қабылдануы тиіс.

- нимесулидке немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа да

- препараттарды қабылдаумен байланысты бұрын болған гиперергиялық реакциялардың (мысалы, бронхтың түйілуі, ринит, есекжем) орын алуы 

- сыртартқыда нимесулидке бұрын болған гепатоуытты реакциялар орын алған

- потенциальді гепатоуыттылығы бар басқа да заттарды қатар қабылдау

- маскүнемдік, есірткіге тәуелділік

- өршу фазасындағы асқазан немесе он екі елі ішек ойық жарасы, асқазан-ішек жолында

- ойық жарасының, тесілудің немесе қан кетулердің сыртартқыда болуы

- цереброваскулярлы қан кетулердің немесе басқа да қан құйылулардың, сондай-ақ

- қанағыштық қатар жүретін аурулардың сыртартқыда болуы

- қан ұюдың ауыр бұзылулары

- жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК)  30 мл/мин)

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- салқын тию және тұмау симптомдары бар емделушілер

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы,

- сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- бауыр ауруларын және бауыр ферменттерінің жоғарылауы

Сақтықпен

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), жүрек функциясының жеткіліксіздігі, гипертензия, дислипидемия/гиперлипидемия, қант диабеті, шеткергі артериялар аурулары, геморрагиялық диатез, темекі тарту, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (КК 30-60 мл/мин), сыртартқысында асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы), егде жас, ҚҚСП ұзақ қолдану, антикоагулянттарды (соның ішінде варфарин), антиагреганттарды (соның ішінде АСҚ, клопидогрел), пероральді глюкокортикостероид-тарды (ГКС), серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (соның ішінде циталопрам, флуоксе-тин, пароксетин, сертралин) бір мезгілде қабылдау.

жиі (≥ 1/100, <1/10): диарея, жүректің айнуы, құсу, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

кейде (≥ 1/1000, <1/100): бас айналу, гипертензия, ентігу, іш қату, метеоризм, гастрит, қышыну, бөрт-пе, қатты тершеңдік, ісінулер

сирек (≥ 1/10000, <1/1000): анемия, эозинофилия, жоғары сезімталдық, гиперкалиемия, үрейлену сезі-мі, күйгелектік, қорқынышты түстер көру, анық көрмеу, тахикардия, геморрагия, артериялық қысымның құбылмалылығы, ысынулар, эритема, дерматит, дизурия, гематурия, несеп шығару іркілісі, әлсіздік, асте-ния

өте сирек (<1/10000): тромбоцитопения, панцитопения, пурпура, анафилаксия, бас ауыру, ұйқышыл-дық, энцефалопатия (Рейе синдромы), вертиго, көру бұзылысы, демікпе, бронхтың түйілуі, іштің ауыруы, диспепсия, стоматит, қарамай тәрізді нәжіс, асқазан-ішектік қан кету, 12 елі ішектің ойық жарасы және тесілуі, асқазанның ойық жарасы және тесілуі, гепатит, кенеттен болатын гепатит (өліммен аяқталуын қоса), сарғаю, холестаз, есекжем, ангионевротикалық ісіну, беттің ісінуі, полиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, олигурия, ин-терстициальді нефрит, гипотермия

Ішке.

1 пакеттегі түйіршіктерді 80-100 мл суда ерітеді. Ересектер үшін ұсынылатын доза тамақтанудан кейін тәулігіне 2 рет 100 мг (1 пакет) құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза — 200 мг.

Жағымсыз реакциялардың даму қаупін барынша азайту үшін тиімді ең төмен доза мүмкіндігінше азырақ уақытқа тағайындалуы тиіс. Препаратты қабылдаудың ең жоғары ұзақтығы 15 күннен аспауы керек.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілер үшін дозаны төмендету қажет емес. Науқастың жағдайын клиникалық жүйелі бақылау ұсынылады.

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерде тәуліктік дозаны 100 мг-ге дейін төмендету қажет етіледі.

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Әзірге Немулекс гран. 100мг 2г №30пак д/сусп внутрь пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады