Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Амри-К (Вит К1) 10мг 1мл №5амп Amriya

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Фитоменадион
Фармакологиялық топ:
Гемостатиктер
Элемент коды::
0
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- геморрагиялық синдромда (жоғары қанағыштық) гипопротромбинемиямен (қанда протромбин құрамы-ның немесе қан ұюының VII факторының төмендеуі)

- қанда протромбин деңгейінің немесе қан ұюының VII факторының төмендеуімен байланысқан, геморра-гияға бейім пациенттерге профилактикалау үшін

- қанның ұйығыштығының жоғарылауында

- тромбозға және тромбоэмболияға бейімділікте

- фитоменадионге жоғары сезімталдықта

- жаңа туған сәбилердегі гемолитикалық ауруда

- глюкоза–6–фосфат дегидрогеназа мен глутатионредуктаза тапшылығында

- холестатикалық сары ауруда

- гиперкоагуляция

- АҚ-ның қысқа уақытқа төмендеуі, тахикардия

-ыстықтау және қызару сезімі, тері бөртпесі, қышу, анафилактикалық шок.

Жергілікті реакцялар: енгізген жердің ауыруы мен ісінуі; парентеральді қайталап енгізгендегі – инфильтрат, қышу, склеродермияға тән тері өзгерістері,

Басқа да: гипербилирубинемия (балаларда), дәм сезудің өзгеруі, ағыл-тегіл терлеу, диспноэ, цианоз

Амри – К ампулалары бұлшықет ішіне енгізіледі.

Антикоагулянттарды қабылдаудан туындаған геморрагиялық синдром гипопротромбинемиямен

Антикоагулянттарды қабылдауды дереу тоқтату керек. Егер протромбин кешенінің концентраты қол жетімсіз болса, жаңада мұздатып қатырылған плазманы енгізуге болады.

Бұлшықет ішіне 5-10 мг препарат енгізіледі, қажет болғанда доза 6-8 сағаттан кейін қайталанады. МНО-ны әр үш сағат сайын бағалап отыру, егер жауабы жеткіліксіз болса, дозаны қайталау қажет. 24 сағат тішінде 40 мг-нан аспауы керек. Коагуляциялық пішінді күнделікті негізде бақылап отыру қажет.

Балаларда қолдану

Амри-К препаратын балаларға қолданар алдында гематологпен кеңесу қажет.

Жаңа туған сәбилердегі геморрагияны емдеу үшін жеке белгілейді.

Жаңа туған сәбилерге педиатриялық доза 2мг/0,2 мл қолданылады.

Жаңа туған сәбилерге: геморрагиялық аурулардың профилактикасы үшін – б/і, туғаннан кейінгі бірінші сағат ішінде бір рет 0.5 - 1 мг, емдеу үшін күніне 1 мг б/і 3 – 4 күн бойы (анасына тікелей емес антико-агулянттар қолданылған жағдайда ұлғайтылған дозаларда).

Іркілісті сары ауруда, гепатоцеллюлярлық ауруда, мальабсорбция синдромында – К 1 дәруменін тәулі-гіне 10 мг/1 мл бұлшықет ішіне,

Жаңа туған сәбилерге: геморрагиялық аурулардың профилактикасы үшін – б/і,

Дені сау, мерзіміне жетіп туылған сәбилерге: туғаннан кейін 1 сағат ішінде бір рет 1 мг-нан,

Шала туған сәбилер гестация мерзімі жүктіліктің 36 аптасынан аз және салмағы 2,5 кг-нан немесе көбірек: - туғаннан кейін бір сағат ішінде 1 мг-нан бұлшықет ішіне бір рет

Мөлшері мен келесі дозалардың жиілігі коагулограмма жағдайына қарай негізделуі тиіс.

Шала туған сәбилер гестация мерзімі жүктіліктің 36 аптасынан аз және салмағы 2,5 кг-нан аз : 0,4 мг/кг есебінен) туғаннан кейін бір сағат ішінде бұлшықет ішіне бір рет. Мөлшері мен келесі дозалардың жиілігі коагулограмма жағдайына қарай негізделуі тиіс.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозаны терапиялық диапазоннан төмен түсіру талап етіледі.

Әзірге Амри-К (Вит К1) 10мг 1мл №5амп Amriya пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады