Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Сертоспан 1мл сусп.д/ин. Мефар

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Инъекцияға арналған суспензия
Белсенді зат:
Бетаметазон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
8680199751567
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 960 ₸
Бонустарды сатып алу: 58.80
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Ревматизмдік аурулар

˗ ревматоидты артрит, остеоартрит, бурсит, люмбаго, ишиас, кокцидиния, жедел подагралық артрит, қисық мойын, ганглиозды киста, шорбуынданатын спондилит, радикулит, экзостоз, фасциит.

Аллергиялық аурулар

˗ бронх демікпесі (оның ішінде демікпе статусындағы кешенді емде), маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит, ауыр аллергиялық бронхит, жанаспалы дерматит, атопиялық дерматит, пішен қызбасы, ангионевроздық ісіну, дәрі-дәрмекке аллергия, сарысу құю ауруы, жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциялар.

Тері аурулары

˗ атопиялық дерматит, тиын тәрізді экзема, нейродермиттер, жанаспалы дерматит, фотодерматит, есекжем, қызыл жалпақ теміреткі, инсулиндік липодистрофия, ошақты алопеция, дискоидты қызыл жегі, псориаз, келоидты тыртықтар, кәдімгі күлдіреуік, герпесті дерматит, кистоздық безеулер.

Коллагенді аурулар

˗ жүйелі қызыл жегі (өршу кезеңінде немесе демеуші ем ретінде), түйіндік полиартрит, склеродермия, дерматомиозит.

Ісік аурулары

˗ ересектердегі лейкоздарды және лимфомаларды паллиативті емдеу, балалардағы жедел лейкозда.

Басқа аурулар

˗ адреногенитальді синдром, спецификалық емес ойықжаралы колит, Крон ауруы, спру, кортикостеро-идқа тәуелді қан аурулары, нефрит, нефроздық синдром.

˗ бастапқы және салдарлы бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі (минералокортикостероидтарды міндетті түрде бір уақытта енгізуде).

бетаметазонға, препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа глюкокортикостероидтарға жоғары сезімталдық

˗ жүйелі микоздар

˗ Сертоспан идиопатиялық немесе тромбоцитопениялық пурпурасы бар пациенттерге бұлшықет ішіне енгізілмейді.

˗ 3 жасқа дейінгі балалар

˗ лактация кезеңі

Жағымсыз құбылыстар, басқа глюкокортикостероидтарды қолданғандағыдай, препараттың дозасына және қолдану ұзақтығына негізделген. Бұл реакциялар, әдетте, қайтымды және дозаны төмендету ар-қылы азайтылуы мүмкін.

Су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы

- натриемия, калийдің жоғары дәрежеде шығарылуы, гипокалиемиялық алкалоз, тіндерде сұйықтық іркілуі, осы ауруға бейім пациенттерде іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия.

Тірек-қимыл аппаратының аурулары

- бұлшықет әлсіздігі, миопатия, бұлшықет массасының жоғалуы, ауыр жалған салдану миастения кезіндегі миастениялық симптомтардың өршуі, остеопороз, омыртқалардың компрессиялық сынуы, жамбас немесе иық сүйектері басының асептикалық некрозы, түтікше сүйектерінің патологиялық сынуы, сіңірлердің үзілуі, буындардың тұрақсыздығы (көп реттік инъекциядан кейін).

Ас қорытудың бұзылуы

- пептидтік ойықжара, ықтимал артынша тесілуімен және қан кетумен, панкреатит, метеоризм, ішектің тесілуі, ойықжаралы эзофагит, жүрек айнуы, құсу.

Тері тарапынан болатын бұзылыстар

- жара жазылуының нашарлауы, тері атрофиясы, терінің жұқаруы, петехиялар және экхимоздар, бет эритемасы, қатты тершеңдік, тері сынамалары сезімталдығының төмендеуі, дерматит, бөртпе, ангио-невроздық ісіну.

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар

- құрысу, көру жүйкесі дискісінің ісінуімен бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (әдетте ем аяқталған-да), бас айналуы, бас ауыруы.

Эндокриндік жүйенің бұзылыстары

- етіккір оралымының бұзылуы, Кушинг синдромы, шарана дамуының немесе бала өсуінің кідіруі, сал-дарлы адренокортикальді және гипофизарлы иммунологиялық төзімділік (әсіресе жарақат, хирургия-лық араласым, аурулар кезіндегі стресс уақытында), глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, латентті қант диабетінің белгілері, инсулин инъекциясын немесе пероральді диабетке қарсы дәрілерді қолдану қажеттілігінің жоғарылауы.

Офтальмологиялық бұзылыстар

- артқы субкапсулярлық катаракта, көзішілік қысымның жоғарылауы, глаукома, экзофтальм.

Метаболизмдік бұзылыстар

- теріс азоттық теңгерім (ақуыз катаболизмінің салдарынан) липоматоз, салмақтың ұлғаюы.

Психикалық бұзылыстар

- эйфория, көңіл-күйдің бұзылуы, ауыр депрессия, психоз, әсіресе анамнезінде психикалық бұзылыс-тары бар пациенттерде, ашушаңдық, тұлғалық өзгеріс, ұйқысыздық.

Иммундық жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар

Кортикостероидтар тері сынамаларының тежелуін туындатуы, инфекция симптомдарын бүркемелеуі және латентті инфекцияны белсендіруі мүмкін.

Олар сондай-ақ инфекцияларға, атап айтқанда микобактерияларға, туберкулезге, Candida albicans немесе вирустарға қарсылықты төмендетуі мүмкін.

Басқалары

- анафилаксиялық, аса сезімтал, гипотензиялық немесе шок тәрізді реакциялар препаратты енгізгенде.

Келесі жағымсыз реакциялар кортикостероидтарды парентеральді енгізгенде байқалуы мүмкін:

- мойын және бас аймағында жергілікті қолданғаннан кейін болуы мүмкін соқырлықты қоса, көру қабілеті бұзылуының жекелеген жағдайлары, гипер- немесе гипопигментация, тері асты және тері атрофиясы, асептикалық абсцестер, буын ішіне енгізуден кейінгі постинъекциялық қабыну гипере-миясы және Шарко ауруы сияқты нейрогенді артропатия.

Буынға қайталама инъекция жасау буынның бұзылу қаупін жэоғарылатуы мүмкін.

Сертоспан глюкокортикостероидтың организмге немесе тікелей зақымданған жұмсақ тінге жүйелі түсуі қажет болғанда бұлшықет ішіне енгізу ұсынылады; артрит кезіндегі буынішілік және периартикуляр-лық инъекция түрінде; түрлі тері аурулары кезіндегі терішілік инъекция түрінде; кейбір табан аурула-рындағы зақымдану ошағына жергілікті инъекция түрінде.

Дозалау режимін және енгізу тәсілін қолданылуына, аурудың күрделілігіне және науқастың емге реак-циясына байланысты жеке-жеке белгілейді. Доза барынша төмен, қолдану кезеңі – барынша қысқа болуы тиіс.

Доза қанағаттанарлық клиникалық әсер алу үшін таңдалуы тиіс.

Қанағаттанарлық клиникалық әсер болмаса Сертоспан қолдануды тоқтату және альтернативті емдік тәсіл таңдау керек.

Жүйелі емдеу кезінде Сертоспан препаратының бастапқы дозасы көптеген жағдайда 1-2 мл құрайды. Енгізуді науқастың жағдайына байланысты қажет болғанда қайталайды. Препаратты терең бұлшықет ішіне жамбас аумағына енгізеді. Дозалану және енгізу жиілігін пациент жағдайының ауырлығын және емге жауапты ескеріп жеке-жеке таңдайды:

˗ шұғыл шараларды керек ететін ауыр жағдайларда (қызыл жегі және демікпе статусы) препараттың бастапқы дозасы 2 мл құрауы мүмкін 

˗ дерматологиялық ауруларда, әдетте, 1 мл препарат жеткілікті

˗ тыныс алу жүйесінің ауруларында, препараттың әсері Сертоспан препаратын бұлшықет ішіне инъек-ция жасаудан кейін бірнеше сағат ішінде басталады. Бронх демікпесінде, пішен қызбасында, аллергия-лық бронхит және аллергиялық ринитте жағдайдың елеулі жақсаруына 1-2 мл препарат енгізгеннен кейін жетеді

˗ жедел және созылмалы бурситтерде бұлшықеті ішіне енгізу үшін бастапқы доза 1-2 мл препаратты құрайды. Қажет болса бірнеше қайталап енгізеді.

Жергілікті енгізгенде жекелеген жағдайларда ғана жергілікті ауыруды басатын препаратты бір уақытта қолдану қажет, Сертоспанның ампула түрін пайдалану ұсынылады.

Жедел бурситтерде (субдельта тәрізді, жауырын асты, шынтақ және тобық үсті) 1-2 мл Сертоспан пре-паратын синовиальді сөмкеге енгізу ауруды жеңілдетуі және қозғалғыштықты бірнеше сағат ішінде ор-нына келтіруі мүмкін. Созылмалы бурситті аурудың жедел ұстамасын басқаннан кейін препараттың аз дозаларымен емдейді.

Жедел тендосиновиит, тендинит және перитендинит кезінде Сертоспан препаратының бір инъекциясы науқастың жағдайын жеңілдетеді, созылмалы түрінде - препарат инъекциясын реакцияға байланысты қайталау керек. Препаратты тікелей сіңірге енгізуден аулақ болу қажет.

Препаратты 0.5-2.0 мл дозада буын ішіне енгізу ауыруды, аурушаңдықты және ревматоидты артрит және остеоартрит кезінде енгізуден кейін 2-4 сағ ішінде буындардың сіресуін төмендетеді. Препараттың емдік әсерінің ұзақтығы едәуір ауытқиды және 4 және одан да көп аптаны құрауы мүмкін.

Үлкен буындарға (тізе, жамбас, иық) енгізу кезіндегі препараттың ұсынылған дозалары 1-2 мл; орташа буындарға (шынтақ, білезік, жіліншік) - 0.5-1 мл; кіші буындарға (табан, қолұшы, кеуде қуысы) - 0.25- 0.5 мл құрайды.

Кейбір тері ауруларында препаратты тікелей зақымдану ошағына тері ішіне енгізу тиімді, доза 0.2 мл/см 2 құрайды. Зақымдану орнын туберкулиндік шприцтің және иненінің көмегімен біркелкі егеді. 1 апта бойы барлық енгізу орнына енгізілген препараттың жиынтық дозасы 1 мл аспауы тиіс.

Сертоспан препаратының ұсынылған бір реттік дозалары (аптасына 1 рет):

˗ қатты мүйізгекте - 0.25-0.5 мл (әдетте, 2 инъекция тиімді)

˗ шпора кезінде - 0.5 мл

˗ бас бармақтың сіресуі кезінде - 0.5 мл

˗ синовиальді кистада - 0.25-тен 0.5 мл дейін; тендосиновиитте - 0.5 мл

˗ жедел подагралық артритте - 0.5-тен 1 мл дейін.

Енгізу үшін инемен туберкулиндік шприц қолдану ұсынылады.

Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін емдік дозаны белгілі бір уақыт аралықтарынан соң енгізілетін ерітіндідегі бетаметазон концентрациясының азаюы есебінен бастапқы дозаны біртіндеп төмендету жолымен таңдайды. Дозаны төмендетуді ең төменгі тиімді дозаға қол жеткізгенге дейін жалғастырады.

Аурумен байланысты емес стресс жағдайы туындағанда немесе қаупі болғанда препарат дозасын ұлғайту қажеттілігі туындауы мүмкін.

Ұзақ емдеуден кейін препаратты дозаны біртіндеп төмендету жолымен тоқтату керек. Науқастың жағ-дайын ұзақ емдеу аяқталғанда немесе препаратты жоғарғы дозаларда қолданғаннан кейін кемінде, бір жыл бойы қадағалайды.

Әзірге Сертоспан 1мл сусп.д/ин. Мефар пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
1960 ₸  
6
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
1970 ₸  
20
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1970 ₸  
7
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
1970 ₸  
2
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
1970 ₸  
3
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
1970 ₸  
14
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
1960 ₸  
6
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1970 ₸  
1
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
1960 ₸  
11
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
1970 ₸  
2
г. Чу, ул. Конаева 24
1970 ₸  
3
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
1970 ₸  
2
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
1960 ₸  
3
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
1970 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
1970 ₸  
9
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
1970 ₸  
9
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
1970 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
1970 ₸  
1
Молдагулова 48 (АПТЕКА Каратау)
+7 (72644) 5-05-30
1970 ₸  
3
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1970 ₸  
13
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
1970 ₸  
4
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
1960 ₸  
4
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
1970 ₸  
6
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
1970 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
1970 ₸  
2
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
1960 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
1970 ₸  
14
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1970 ₸  
6
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
1970 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады