Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Немозол 400мг №1табл Индия

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 1
Белсенді зат:
Албендазол
Фармакологиялық топ:
Антигельминттік препараттар
Элемент коды::
2000268915946
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 525 ₸
Бонустарды сатып алу: 45.75
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ішек нематодоздарында: аскаридоз, энтеробиоз, трихоцефалёз, нкилостомидоз, стронгилоидоз

- тіндік нематодоздарда: трихинеллез, токсокароз

- тіндік цестодоздарда: тениоз, цистицеркоз (соның ішінде, нейроцистициркоз), гименолипидоз, эхино-коккоз (кисталық, альвеококкоз)

- опистархозда, клонорхозда

- лямблиозда

- албендазолға және дәрілік заттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- көздің торқабығының патологиясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігіне сәйкес өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), кейде (>1/1000, <1/100), сирек (≥1/10, 000 және <1/1000), өте сирек (<1/10, 000) болып анықталады.

Дозасы төмен қысқа мерзімді ем

Кейде

- бас ауыруы және бас айналуы

- эпигастрий аймағының немесе іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу және диарея

Сирек

- бөртпе, қышыну және есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдақ реакциялары

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

Өте сирек

- мультиформалы эритема, Стивенс - Джонсон синдромы

Жоғары дозамен ұзақ мерзімді ем

Өте жиі

- бас ауыру

- бауыр энзимдері деңгейінің елеусіз немесе орташа жоғарылауы

Жиі

- бас айналу

- іштің ауыруы, жүрек айну, құсу және диарея (эхинококкозды емдеуде)

- қайтымды алопеция (шаштың сиреуі және орташа түсуі)

- қызба

Кейде

- бөртпе, қышыну және есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

- лейкопения

- гепатит

Өте сирек

- панцитопения, апластикалық анемия, агранулоцитоз

Бауыр эхинококкозын қоса, бауыр патологиясы бар пациенттер сүйек кемігі фунцкиясының бәсеңде-уіне бейім.

- мультиформалы эритема, Стивенсон-Джонсон синдромы

Препаратты тамақтану кезінде немесе тамақ ішкеннен кейін ішке қабылдайды, таблеткаларды шайна-май, сумен ішеді. Іш жүргізетін препараттарды қабылдау мен арнайы емдәм қажет емес. Отбасы мүше-лерінің барлығына бір мезгілде ем жүргізу ұсынылады. Дозасы жекелей, гельминттің түріне және нау-қастың дене салмағына байланысты белгіленеді.

Ішек нематодоздарын емдеу

Аскаридоз, трихоцефалез

Немозолды ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг дозада тәулігіне бір рет, қажет болғанда 3 аптадан соң қайталайды. Арнайы дайындық пен емдәм қажет емес.

Энтеробиоз

Препаратты ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 таблетка (400 мг) дозада бір рет 3 күн бойы тағайындау жеткілікті.

Стронгилоидоз

Препаратты ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 таблетка (400 мг) бір рет 3 күн бойы тағайын-дайды.

Анкилостомидоз

Препараттың дозалары, стронгилоидозды емдеудегі секілді.

Тіндік нематодоздарды емдеу

Трихинеллез

Трихинеллезді емдеудің стандартты сызбалары жоқ. Емдеу инвазия мерзімдерін, оның клиникалық көріністерін, сондай-ақ науқастың жағдайын ескере отырып, жекелей жүргізіледі. Немозолды 12 жас-тан асқан балаларға (салмағы 60 кг асатын) орташа дозасы 1 таблетка (400 мг) 7 – 10 күн бойы тәулі-гіне 2 рет тамақтан кейін тағайындайды. Ауыр инвазия мен ағзалардың зақымдалуы кезінде (миокар-дит, пневмонит, менингоэнцефалит)  глюкокортикостероидтар мен симптоматикалық дәрілер де таға-йындалады. Емдеудің тиімділігі клиникалық, зертханалық және аспаптық көрсеткіштер бойынша баға-ланады (температураның қалыпқа түсуі, бұлшықеттер ауыруының тыйылуы, ісіктердің жоғалуы, элек-трокардиограмманың қалыпқа түсуі, өкпенің зақымдалу белгілерінің физикальді және рентгенология-лық белгілерінің жоғалуы, неврологиялық симптоматиканың регрессиясы, қан эозинофилиясының тө-мендеуі және т.б.).

Токсокароз

Немозол ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (салмағы 60 кг артық болса) 800 мг орташа дозасы (2 таблетка) 5-10 күн бойы тәулігіне 2 қабылдауға бөліп, тамақтан соң тағайындалады. Емдеу курста-рын 2 апта –ай аралығымен қайталап жүргізу қажет болуы мүмкін

Жағымсыз реакциялары сирек, жеңіл диспепсиялық бұзылыстармен білінеді. Аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы аса сирек байқалады.

Тіндік цестодоздарды емдеу

Кисталық эхинококкоз

Эхинококкозды емдеу әдетте операция жолымен жүргізіледі.

Химиотерапия кисталар жарылған және қоздырғыштар организмге таралған жағдайда, операциядан кейінгі кезеңде, операция кезінде кистаның бүтіндігі бұзылған жағдайда қоздырғыштар жайылып кету қаупі бар кезде, сондай-ақ көптеген өлшемдері шағын кисталармен (3–5 см аспайтын) зақымданулар жағдайларында жүргізіледі. Қайталануына қарсы ем операциядан кейін, шағын өлшемді паразиттің басқа жерлерде болуын жоққа шығаруға болмайтын кездерде ұсынылады. Ауқымды кисталарды тиім-сіздігіне және препараттың әсерінен киста бүтіндігінің бұзылуы есебінен асқынулардың болуы мүмкін-дігіне байланысты емдеу мақсатқа сай емес.

Препаратты тағайындар алдында қанға клиникалық талдау, қанды биохимиялық зерттеуді (бауыр, бүйрек сынамаларын) жүргізу қажет.

Емдеу зертханалық көрсеткіштер қалыпты кезде жүргізіледі.

Немозол ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (салмағы 60 кг асатын) 400 мг дозада күніне 2 рет, салмағы 60 кг аздау болғанда дене салмағына тәлігіне тамақтан соң 2 қабылдауға тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы – 4 апта.

Емдеу үдерісінде әр 5–7 күн сайын қанға және аминотрансферазаларға зерттеу жүргізіледі. Лейкоциттер 3,0х109/л төмендесе және аминотрансферазалар деңгейі 5–6 есе артса, емдеуді көрсет-кіштер қалыпқа түскенге дейін немесе айтарлықтай жақсарғанға дейін тоқтата тұру қажет.

Үдемелі лейкопения және бауыр ферменттері жоғарылауы жағдайларында препаратты тоқтату қажет етіледі. Емдеу барысында және уытты көріністер жағдайларында гепатопротекторларды тағайындаудың тиімділігі аз, препаратты тоқтату қажет. Эхинококкозды емдеу бірнеше курспен жүргізіледі. Немозолды 1 айда 2 апта аралықпен, курстармен тағайындайды. Инвазияның клиникалық айқын түрілерін (киста болғанда) емдеу ұзақтығы – 28 күн.

Емдеудің тиімділігі аспаптық бақылау және спецификалық антиденелер титрінің динамикасын байқау кезінде бағаланады. Препараттың тағайындалу көрсетілімдері дұрыс анықталған және дозасы мен курстық емдеу режимі сақталған жағдайда, сауығу байқалады.

Альвеолярлық эхинококкоз

Альвеолярлық эхинококкозды емдеу операция жолымен жүргізіледі.

Химиотерапия қосымша дәрі болып табылады. Немозолдың дозалары мен оны тағайындау режимі, кис-талық эхинококкоз кезіндегідей. Курспен емдеудің ұзақтығы науқастың жағдайына және препараттың көтерімділігіне қарай анықталады. Тек қана Немозолды қолданған кезде толық сауығып кету болмай-ды.

Цистицеркоз

Немозол балалар мен 12 жастан асқан балаларға (салмағы 60 кг асатын) 400 мг-ден күніне 2 рет таға-йындалады. Курстың ұзақтығы 7–30 күн.

Препаратты қабылдаудан 2 күн бұрын және препаратты қабылдаудың алғашқы аптасында (кейде көр-сетілімдері бойынша ұзағырақ) глюкокортикостероидтар (40–50 мг преднизолон) тағайындалады.

Емдеудің алдында, препаратты қабылдау үдерісінде және аяқталған кезде де, эхинококкоздарды емдеу кезіндегідей бақылау жүргізіледі. Ми цистицеркозын емдеудің тиімділігін бақылау клиникалық пара-метрлер мен миға жасалған рентген компьютерлік және ядролық-магниттік резонанс томографиясы нә-тижелері бойынша жүргізіледі. Емдеу тиімді болған жағдайда, ошақтардың жоғалуы және/немесе каль-цификациясы байқалады.

Көбіне қайталап емдеу курстарын жүргізу қажет болады. Тіпті емдеудің әсері жақсы болған жағдайда да, ми тінінің құрылымдық өзгерістерінің тұрақты қалыптасып қалғандығына байланысты, клиникалық симптоматикасының толық регресі басталмауы да мүмкін екендігін естен шығармау керек.

Лямблиоз

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға салмағы 60 кг асатын болса, 5 тәулік бойы 400 мг-ден тәулі-гіне 1 рет.

Описторхоз

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 800 мг (2 таблетка) күніне 3 рет.

Әзірге Немозол 400мг №1табл Индия пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
5
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
1525 ₸  
3
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
1525 ₸  
3
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
1525 ₸  
2
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
1550 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
1525 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
1550 ₸  
7
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
1530 ₸  
3
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
1525 ₸  
3
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
1525 ₸  
4
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
1550 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады